Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Және

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  4. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  5. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  6. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  7. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  8. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  9. Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.
  10. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

(b) әрбір есепті кезең бойынша - ұйым басшылығы баптарды адал ұсынуға қол жеткізу мақсаттарында түзету қажет деген қорытындыға келген қаржы есептілігінің баптарын түзету.

22. 17-21-параграфтардың мақсаттары үшін ақпарат объектісі, егер ол көрсетуге арналған тиісті операцияларды, басқа оқиғалар мен жағдайларды шынайы көрсетпесе, немесе, негізді түрде күтуге болатындай, ол ұсынатын, және осының нәтижесінде қаржы есептілігін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдерге ықпал етуі мүмкін болса, қаржы есептілігінің мақсаттарына қайшы келеді. Тиісті Стандарттың немесе Түсіндірменің қандай да болсын талаптарын сақтау жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болатынын бағалаған кезде, ұйым басшылығы мынадай мәселелерді қарайды:

(а) осы нақты мән-жайларда қаржы есептілігінің мақсаттарына неліктен қол жетпейді;

және

(b) ұйымның жағдайы қалайша осы талапты орындайтын ұйымдардың жағдайларынан өзгеше болады. Егер басқа ұйымдар осыған ұқсас жағдайларда осы талапты сақтайтын болса, ұйымның осы талапты сақтауы Принциптерде айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарында қайшылық пайда болатындай деңгейде жаңылысқа әкеп соқтырмайтыны туралы теріске шығаратын болжам бар.

Қызметтiң үздiксiздiгi

23. Қаржы есептiлiгiн әзiрлеген кезде ұйымның басшылығы ұйымның өз қызметiн жалғастыру қабiлетiн бағалауға міндетті. Қаржы есептiлiгi, егер ұйымның басшылығы не ұйымды таратуға, немесе оның қызметiн тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс-әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтiң үздiксiздiгi негiзiнде жасалуға тиiс. Егер ұйымның басшылығы бағалау барысында бұдан былай ұйымның қызметтi үздiксiз жалғастыру қабiлетiне едәуiр күмән туғызуы мүмкiн оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулi тұрлаусыздықтар туралы оған мәлiм болса, бұл тұрлаусыздықтар қаржы есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс. Егер қаржы есептiлiгi қызметтiң үздiксiздiгiне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептiлiк жасалған негiзбен және ұйым үздiксiз iс-әрекет етедi деп есептелмейтiн себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс.

24. Қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолданылуын бағалау кезiнде, басшылық, ең болмағанда, баланс күнінен бастап он екі айды қамтитын, бiрақ онымен шектелмейтін болашақ туралы қолда бар ақпараттың барлығын ескереді. Осы ақпарат назарға алынатын деңгей әрбiр жеке жағдайда нақты фактiлерге байланысты болады. Ұйым белгiлi бiр кезең iшiнде пайдалы болса және қаржы ресурстарына қол жеткiзсе, онда қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол беру қолайлығы туралы қорытынды толық талдау жасалмай қабылдануы мүмкiн. Басқа жағдайларда басшылыққа, қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолайлылығы жөнiндегi пiкiр бекiтiлмес бұрын, бәлкiм, ағымдағы және күтiлетiн пайдалылыққа, борыштық мiндеттемелерді өтеу кестелерiне және баламалы қаржыландырудың әлуеттi көздеріне байланысты факторлардың кең ауқымын қарауы талап етiлетін болар.

Есептеу әдісі бойынша есепке алу

25. Ұйым, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданып, қаржы есептiлiгiн жасауға міндетті.

26. Есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданған кезде, егер олар Принциптерде айтылған осы элементтерге арналған анықтамалар мен өлшемдерді қанағаттандыратын болса, баптар активтер, міндеттемелер, капитал, пайда және шығыстар (қаржы есептілігінің элементтері) ретінде танылады.

Ұсынудың жүйелiлiгi

27. Қаржы есептiлiгiнде баптарды ұсыну және сыныптау міндетті түрде бiр кезеңнен келесі кезеңге сақталуға тиiс, оған мынадай реттер кiрмейдi:

(а) ұйым қызметі сипатының едәуір өзгеруі немесе оның қаржы есептілігін қайта қарау нәтижесінде - 8 ІAS-Халықаралық стандарттың есеп саясатын іріктеу және қолдану өлшемдерін ескере отырып, басқа ақпаратты ұсыну немесе басқа сыныптау неғұрлым қолайлы екендігі анық;

Немесе

(b) қандай да болсын Стандарт немесе Түсіндірме ұсынуда өзгерiстердi талап етедi.

28. Қаржы есептiлiгiн едәуiр сатып алу немесе оның шығып қалуы, немесе оны ұсынуды талдау қаржы есептiлiгiн ұсынуға өзгерiстер енгізу қажеттiгiн туғызуы мүмкiн. Ұйым, егер ұсынудың өзгерген нысаны қаржы есептілігін пайдаланушылар үшін сенімді және неғұрлым мәнді болатындай ақпарат берген, және қайта қаралған құрылым, бәлкiм, сақталатын ретте, және сөйтіп ақпараттың салыстырмалылығына зиян келмеген жағдайда ғана, ұсынылған қаржы есептiлiгiн ұсынуға өзгерiстер енгiзеді. Ұсынуға ондай өзгерістер енгізген кезде ұйым 38 және 39-параграфтарға сәйкес өзiнiң салыстырма ақпаратын қайта сыныптайды.

Елеулілік және қорыту

29. Ұқсас баптардың әрбiр елеулi сыныбы қаржы есептiлiгiнде міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс. Ұқсас емес сипаттағы немесе мақсаттағы баптар, егер олар елеулі болып табылмайтын ретте ғана, міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс.

30. Қаржы есептiлiгi операциялардың көп санын немесе сипатына, немесе мақсатына сәйкес құрылымы жағынан топтарға бiрiктiрiлген өзге де оқиғаларды өңдеу нәтижесi болып табылады. Біріктіру және сыныптау процесінің соңғы кезеңі жеке баптарды не тікелей баланста, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте, не ескертулерде қалыптастыратын ықшамды және сыныпталған деректердi ұсынудан тұрады. Егер қандай да болсын жеке баптың өзі елеулi болып табылмаса, ол тікелей қаржы есептiлiгiнде, не ескертулерде басқа баптармен бiрiктiрiледi. Қаржы есептiлiгiнің өзінде оны жеке ұсынуды талап ету үшiн бап жеткiлiктi түрде елеулi болмайтын бап, қайткенде де, оны ескертулерде жеке-дара ұсыну үшiн жеткiлiктi түрде елеулi болуы мүмкiн.

31. Елеулiлiк принципін қолдану, егер нәтижесiнде алынған ақпарат елеулi болмаса, қандай да болсын Стандарттың немесе Түсіндірменің ақпаратын ашып көрсетуге нақты талаптарды орындаудың қажет емес екендігiн бiлдiредi.

Өзара есепке алу

32. Активтер мен мiндеттемелер және кірістер мен шығыстар өзара есепке алынбауға тиiс, бұған ол рұқсат етілген немесе қандай да болсын Стандарт немесе Түсіндірме талап ететін реттер кірмейді.

33.Активтер мен міндеттемелердің, сондай-ақ кiрiстер мен шығыстардың жеке-жеке ұсынылуы маңызды. Пайдалар мен залалдар туралы есепте, сондай-ақ, операцияның немесе өзге оқиғаның мәнін көрсететін реттерді қоспағанда, жүргізілген өзара есепке алу жүргізілген операцияларды, басталған өзге оқиғалар мен жағдайларды түсіну бөлігінде де, болашақта ұйымның ақшалай қаражаттарының қозғалысын бағалау бөлігінде де пайдаланушылардың мүмкіндіктерін төмендетеді. Бағалау резервтер, мысалы, ескірген босалқыларды жоюға арналған резерв және дебиторлық берешек бойынша күмәнді борыштарға арналған резерв шегерілген активтерді бағалау - өзара есепке алу болып табылмайды.

34. 18- «Түсім» ІAS Халықаралық стандарты түсімге анықтама бередi және ол ұйым беретiн барлық сауда-саттық және көтерме сауда жеңiлдiктерi ескерiлiп, алынған немесе кері алынуға тиiстi әдiл құн бойынша бағалауды талап етедi. Өзiнiң әдеттегi қызметiнiң барысында ұйым түсім әкелмейтiн, бiрақ түсім әкелетiн негiзгi қызметiмен қатар жүретiн басқа операцияларды да жүзеге асырады. Осындай операциялардың нәтижелері тиісті операцияның немесе оқиғаның мәнін көрсететін реттерде, ондай операциялардың нәтижелері бір операцияның нәтижесінде туындайтын барлық кірістерді және тиісті шығыстарды өзара есепке алу арқылы ұсынылады. Мысалы:

(а) ұзақ мерзiмдi активтердiң, оның iшiнде инвестициялар мен операциялық активтердiң шығып қалуынан болған пайдалар мен залалдар есептерде активтiң шығып қалуынан алынған активтен активтiң баланстық құнының және оны сату жөнiндегi тиiстi шығыстар сомасын шегеру жолымен ұсынылады;

және

(b) 37- «Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес танылатын және үшінші тұлғамен шарттық келісімнің талаптары бойынша (мысалы, жеткізушінің кепілдік міндеттемелері туралы келісім) өтелетiн бағалау жағдайларымен байланысты шығындар тиiстi өтеуге қарсы есепке алынуы мүмкін.

35. Бұған қоса, осындай операциялар тобы бойынша туындайтын пайдалар мен залалдар, мысалы, оң және теріс бағамдық айырмалар және саудаға арналған қаржы құралдары бойынша туындайтын пайдалар немесе залалдар есептерде нетто-негiз бойынша ұсынылады. Солай бола тұрса да, ондай пайдалар мен залалдар, егер олар мәнді болса, бөлек көрсетіледі.

Салыстырмалы ақпарат

36. Қандай да болсын Стандарт немесе Түсіндірме қаржы есептілігінде көрсетілген барлық сомалар бойынша басқаға жол беретін немесе талап ететін реттерді қоспағанда, алдыңғы кезеңдегі салыстырма ақпарат міндетті түрде ашып көрсетілуге тиіс. Салыстырма ақпарат, егер ол ағымдағы кезең iшiндегi қаржы есептiлiгiн түсiну үшiн орынды болса, міндетті түрде баяндау және сипаттау ақпараты қосылуға тиiс.

37. Кейбiр реттерде алдыңғы кезеңдегi (кезеңдердегi) қаржы есептiлiгiнде ұсынылған баяндаушы ақпарат ағымдағы кезеңде де мәнділігін сақтайды. Мысалы, баланстың соңғы күнiнде шешiлуi тұрлаусыз болған және әлi шешiлуге тиiстi құқықтық даудың егжей-тегжейi ағымдағы кезеңде ашып көрсетiледi. Пайдаланушылар баланстың соңғы күні тұрлаусыздық болғаны туралы және кезең iшiнде тұрлаусыздықты жою үшiн қандай шаралар қолданылғаны туралы ақпараттан пайда алады.

38. Қаржы есептiлiгiнде баптарды ұсыну немесе сыныптау өзгерген кезде, салыстырма сома, егер қайта сыныптауды жүргізу iс жүзiнде жүзеге асырылмайтын болғанда ғана, міндетті түрде қайта сыныпталуға тиiс. Салыстырма сомалар қайта сыныпталған кезде, ұйым мыналарды ашып көрсетуге тиiс:

(а) қайта сыныптау сипаты;

(b) әрбір баптың сомасы немесе қайта сыныпталған баптардың сыныбы;




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 99 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

МАҚСАТЫ | Және | Алған мiндеттемелердiң барлығы ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде сыныпталуға тиiс. | Баланстың өзiнде ұсынылуға тиiстi ақпарат | Және | Және | Және | Және |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав