Читайте также:
|
|
Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектерін қамтиды.Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру,әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне әлеуметтік көмек деп аталатындар болады.
Тұрмысы төмендерге әлеуметтік көмек негізіне кедейлік шегінен ары халықтың көптеген санаттарына таралады және мемлекет немесе қайырымдылқ-қоғамдық,мақсатты,жекеменшікті қорлардың есебінен болатын қайыр көрсету сипаты болады және мақсаты-кедейлерге қамқор болу.Сөйтіп,әлеуметтік мұқтаждарды қаржыландыруға арналған қаражаттарды қалыптастырудың үш әдісін бөліп көрсетуге болады;сақтық,бюджеттік,қайырымдылық жарналары әдістері.
Сақтық әдісі-әлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын қаражаттарды қажет етеді.
Бюджеттік әдіс кезінде қаражаттар ақгшалай ресурстардың жалпы мемлекеттік қорына мемлекеттің мүмкіндігімен,әлеуметтік және бюджеттік саясаттың мақсаттарымен анықталатын деңгейде бөлінеді.
Қайырымдылық жарналары әдәсі кезінде қаражаттардың тіркелген мөлшерлері болмайды және арналар бойынша олардың түсуіне қарай қайырымдылық жарналарын іске асыратын ұйымдар анықтайтын мақсаттарға жұмсалады.
59. Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының жағдайы және келешектегі даму бағыттары Қазақстанда сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру делдалдарының қызметіне бақылауды мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкілік және сақтандыруды қадағалау департаменті жүзеге асырады.
Бұл үдерістердің алуан түрлігі басқару мен реттеу арасындағы ортақтық пен айырмашылықты анықтауды талап етеді. Олар ортақтығы бірдей жүйеде қызмет атқарады: реттеу мен басқару көмегімен жүйенің тұрақтануы қамтамасыз етіледі, серпінділік тепетендікке қол жеткізіледі, бағдарламалық мақсаттар іске асырылады. Алайда басқарудың реттеуге қарағанда өрісі кең, өйткені соңғысы біріншінің негізгі атқарымдық қатарына жатады. Басқару оның мазмұнын сипаттайтын қосалқы жүйелер: ақпараттық қамтамасыз ету, кері байланыс қағидасы, нысаналылық, кадрлық элеует (менеджмент) басқару тетіктерінен тұрады. Бұл ерекшеліктер тек өзінезі басқаратын кеңістік жүйелеріне тән, оларға әлеуметтік, оның ішінде сақтандыру да жатады.
Қазақстанда біршама басқа көрініс қалыптасты. Қазіргі уақытта мұлда «Сақтандыру қызметі туралы» төртінші заң еңгізілген, ол ұйымның қызметін қатаң реттеуге, сақтандыру үдерісін ретке келтіретін, әлементтерді енгізуге мүмкіидік береді. Алайда, оңтайлы сэттерден басқа теріс сэттер де болады. Кейде, мемлекеттік екілеттік органды сақтандыру және қайта сақтандыру Ұйымдарының қызметтеріне бақылау міндеттерін беру, істәжірибеде сақтандыру бизнесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдаумен де ауыстырыи алады. Сонымен, Ұлттық банк істәжірибеде дербес мөлшерлі шығармашылықпен шұғылдана отырып, өзі заң шығарушы орган ҚР Парламенті қызметін де орындайды. Сондықтан уәкілетті мемлекеттік органның қабылдайтын нормативтік құқықтық актілері әрқашанда қолданыстағы зандарға, ҚР Конституциясына, Азаматтық кодекске, «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға т.б. сәйкес келе бермейді. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы банкілер мен банк қызметі туралы» зандық күші бар, ҚР Президентінің Жарлығы (8бап) банкі қызметіне жатпайтын операцияларды банкілерге жүзеге асыруға тыйым салады, бірақ оларға сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталына қатысуға жол береді. Сондықтан банк саласы басшыларының шындығында нарықты монополиялаңдырып, шағын және орташа сақтандыру компанияларын ығыстырып шығару үшін еншілес сақтандыру компанияларының капиталын пайдалануға мүмкіндіктері бар. Қазір жұмыс істейтін 41 сақтандыру компаниясы сақтандыру нарығының 60%нан астамына ие. Қазақстандағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы әлемдік күйден айтарлықтай қалып қоюда. Мысалы, ЖІӨ-нің сақтандыру үлесі Швейцарияда 11,9%, Ұлыбританияда 11,22%, Голландияда 9,41%, Францияда 9,3%, Финляндияда 7,6%, Бельгияда 6,85%, Германияда 6,54%, Данияда 6,3%, Португалияда 5,42%. Қазақстанда сақтандыру компанияларының жиыитық активтері 2003 жылдың басында ЖІӨ-нің бар болғаны 0,55%-ын құрады. Ресейде мұндай көрсеткіш 1,3%-ға жетті.
Қазақстанда өмірді сақтандыру ең дамымаған сала болып табылады. Көптеген отандық сақтандыру компанияларында көрсетілетін қызметтерінің жеткіліксіздігін сскере отырып, айтарымыз олардың көпшілігінің банкротқа ұшырап қалуы әбден мүмкін. Меншікті сақтандыру нарығын қорғау жөніндегі пәрменді шараларды алдын ала қолдану керек
60. Денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындар, қаржыландыру мәселелеріДенсаулық сақтау сферасында мемлекеттік саясат пен денсаулықты қаржыландыру механизмдері Қазақстан халқының денсаулығын сақтау жөніндегі жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін баламалы қаржылық қамтамасыз ете отырып және бұл жүйені басқару деңгейін арттыруға бағытталады.Бюджеттік құрамдас бөлік Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі салауатты өмір салты бағдарламасын іске асыруға құрылады.
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдарын қаржылық қамтамасыз ету мына көздер есебінен жүзеге асырылады:
Мемлекеттік бюджет қаражаты;
Медициналық сақтандыру қаражаты;
Ақылы негізде медициналық қызмет көрсеткені үшін;
Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзге көздер.
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес ұйымдарын қаржылық қамтамасыз ету ақысыз медициналық жәрдемнің кепілденілген көлемін көрсеткені үшін мемлекеттік бюджет қаражаттары,медициналық сақтандыру қаражаттары,ақылы негізде медициналық қызмет көрсеткені үшін алынған қаражаттар,Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзге көздер есебінен жүргізіледі.
Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық қаражаттары мыналарға бағытталады:медициналық жәрдемнің ақысыз кепілденген көлемін көрсету бойынша шығындарды өтеуге;денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды іске асыруға;
Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
Өміршеңдік маңызды дәрілік құралдарды,қанды және оның компонеттерін,вакциналарды және тағы басқа медициналық препараттрады.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 178 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |