Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Паразиттердің сыртқы ортамен қарым-қатынасы.

Читайте также:
  1. Lt;question> Қайсысы адамның сыртқы бейнесінің белгілеріне жатпайды
  2. Паразиттердің иесіне ену жолдары
  3. Паразиттердің пайда болу жолдары. (эктопаразиттердің, эндопаразиттердің және қанды паразиттердің).
  4. Паразиттердің систематикасы
  5. Паразиттердің экологиясы
  6. Сыртқы жыныс ағзаларын қарау

Тірі ағзалардың денесін тіршілік ортасы ретінде пайдалану – табиғаттағы бұрыннан келе жатқан табиғи құбылыс. Тіпті микроағзалар (бактериялар, біржасушалы балдырлар) паразиттер мен симбионттардан тұратын бірлесе тіршілік ететін ағзалармен қатар өмір сүреді.Паразиттік өмір сүру жағдайларының өзіндік оңды жақтары мен кемшіліктері бар.Оңды жақтары: a)Қорекпен өзінің тіршілік етуші қожасының ағзасы арқылы үнемі толық қамтамасыз етіліп тұрады.Паразиттердің тез өсуі көбеюге және басқа ағзаларды залалдауға себепші болады.в).Сыртқы ортадан туатын әсерлерден толық қорғанышта болады. Кемшіліктері: а).Ткандар мен жасушаішіндегі өмірсүрушілер үшін тіршілік кеңістігі шектеулі. в).Оттегімен қамтамасыз етілуі күрделі. Осындай жағдайларға қожа ағзасы да,паразитер де эволюциялық даму жағдайында әркімнің өзінше бейімделушілігі қалыптасқан. Иесінің өмірі уақытпен шектелген болғандықтан, паразитке үнемі иесі ауыстыруы қажет, себебі өзінің өмір сүруін түр ретінде (популяция) сақтау үшін. Осыған байланысты паразиттерде өмір циклінің екі фазасының болуы міндетті - ие организмінде өмір фазасы (қоректену, көбею) және иесін ауыстыру фазасы. "Паразит-ие" деңгейінде (жүйесінде) әсер ету (бірінші фаза) медициналык клиникалық аспектілерін анықтайды (инфекциялық процесс және емдеуі). Паразит пен ие арасындағы популяция аралық қарым-қатынас (екінші фаза) медицинаның эпидемиологиялық аспектілерін анықтайды (эпидемиологиялық процесс және жұқпалы аурулардын профилактикасы).Иесін ауыстыру фазасы қоректену ортасын ауыстыруға әкеледі. Бұл орталардың барлығы паразит популяциясының сақталу көзқарас түрғысына тең емес. Биологиялық түр ретінде паразит өмір сүре алмайтын қоректену орта аса маңызды болып табылады. Сонымен бірге қосымша қоректену ортасын бөледі. Қосымша орта паразиттің түр ретінде сақталуына жағдай жасайды, оның айналымын жеңілдетеді, бірақ биологиялық түрдің өмір сүруінің барлық мәселелерін шешпейді. Биологиялық түр ретінде қоздырғыштың тіршілік етуін қолдануда кенеттен осыған тіршілік ету ортасы маңызды болып табылады.Осыдан қоздырғыштың тіршілік етуінің 3 негізгі ортасын бөледі:

- адамдар организмі

- жануарлар организмі

- абиотикалық орта

 

34. Амебиаз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизотологиясы таралуы, эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз:

Патшалық: Protozoa

Тип: Sarcomastigaphora

Класс: Sarcodina

Класс тармағы: Rhizapoda

Отряд: Amоebina

Өкілі: Entamoeba

Түр: E.histolitica

E. coli

E. gingivalis

Амебиаз – қоздырғышы саркодалылар класына жататын, нәжіс-ауызды механизммен берілетін антропоноздық ауру, қоздырғыштар әр түрлі болып ішекте паразиттік тіршілік етеді, тоқ ішектің зақымдалуымен, әр түрлі ағзаларда абсцестің дамуымен (іріңденіп қалталану), созылмалы қайталамалы өтуімен сипатталады. Этиологиясы. Қоздырғышы – Entamoeba histolytica. Оны бірінші рет Петербургта көп уақыт қанды іш өтуімен ауырған адамның нәжісінен Ф.А.Леш (1875) тапты. Р.Кох (1883) Египетте дизентериядан өлген адамдарды патологоанатомиялық зерттеу кезінде ішек тінінің гистологиялық кесіндісінен, бауыр абсцесінен, дизентериямен ауырғандардың нәжісінен амебаны тапты. Бұл ауруды Каунсильмен және Леффлер 1891ж. «амебалық дизентерия» деп жеке нозологиялық түрге бөлді. Қазіргі уақытта мұндай атау ішектің амебамен жарақаттанғанын белгілеу үшін сақталған, ал «амебиаз» деп кез келген ағзаның амебалармен зақымдануын айтады. E.histolytica деген атты 1903 ж. Ф.Шаудин берді. E.histolytica дамуының екі сатысы белгілі: вегетативтік (трофозоит) және цисталық. Организмде мекендеу жағдайына байланысты олар бір-біріне ауыса алады. Вегетативтік даму циклінде амебаның 4 түрі байқалады: тіндік, вегетативтік (үлкен және кіші), ішекішілік және цистаалдылық. Осы түрлердің әрқайсысы өздерінің морфологиялық ерекшеліктерімен сипатталып ажыратылады. Дизентериялық амебаның тыныштық кезеңінде әр түрлі жетілу сатысындағы цисталар тіршілік етеді.

Амебаның вегетативтік түрлері қоршаған ортаға төзімсіз, нәжісте 30 минуттан кейін өледі. Цисталық түрлері қоршаған орта ықпалына үлкен төзімділігімен белгілі. Тіндік түрі – ұсақ (20-25 мкм), өте қозғалғыш ж/е инвазиялығы жоғары. ол тек қана жедел амебиазбен залалданған ағзаның (бауыр) гистологиялық кесіндісінде, өте сирек жағдайда ішек жарасы ыдырағанда сұйық нәжісте көрінеді. Цисталар қозғалмайды, дөңгелек пішінді, диаметрі 8-15 мкм, мөлдір. Кейде оларда жылтыр таяқша тәрізді хроматидті денелер (протеиндер мен РНК жиынтығы) болады. Олар Люголь ерітінді-н бояғанда көрінеді. Онда боялған сақина тәрізді 4 ядро анық көрінеді. цисталар созылмалы ауру-ң н/е паразит тасушы-ң қалыптасқан ж/е жартылай қалыптасқан нәжісінен табылады.

Тіршілік циклі: Инвазияның қоры және негізгі иесі – адам. Адам ішегінде амеба 3 түрде кездеседі: ірі вегетативтік (тіндік патогенді-forma magna); ұсақ вегетативтік (ішек қуысында тіршілік етеді-forma minuta); циста; Бұл түрі ішек қуысын-ы зат-а кездеседі. Қолайлы жағдайда олар тоқ ішектің жоғарғы бөлігінде өмір сүреді, бактериялармен, тіндік дендриттермен қоректенеді. Кейбір жағдайларда вегетативтік түрлер тіндік түрге көлемін ұлғайтып ауысады. Бұл түрдегі амебаның өлшемі 23 мкм дейін ұлғаяды, кейде 30-50 мкм-ге дейін жетеді. Олар тіндік белок-ы ыдырататын фермент-і бөледі. Фермент-ң көмегімен ішектің эпителиінің бүтіндігі бұзылады. Амеба ішек қабырғасына еніп патогенді тіндік түрге айналады. Амеба-ң ішек қабыр-а енген жерінде қпнсыраушы жара п.б. Жара-р жарылғанда амеба-р ішек қуысына өте көп мөлшерде шығады. Кейбір ішекішілік түрлері қанға еніп, эритроци-і жұтады. Қан арқылы басқа ағза-а, мысалы бауырға енеді. Осы жерде амеба-ң тіндік даму циклі өтеді. Осындай даму барысында бауыр-ң жарасы, абсцесі туындайды. Жара-н Entamoeba-ның forma magna түрі ішек қуысына түседі. Бұл амебалар біртіндеп ішек ішіндегі заттармен енжар жылжып тоқ ішектің төменгі бөлігіне жиналады. Бұл жердегі қолайсыз жағдай (pH-тың өзгеруі) амебаны вегетативті түрден циста түріне ауысуына душар етеді. Вегетативті түр-ң көпшіліг өліп, біразы цистаға айналады. Олар нәжіс арқылы сыртқы ортаға – суға, көкөністерге, әртүрлі тұрмістіқ зат-а, ыдыс-аяққа, ойыншық-а, қолға түседі. Амебаны тасымалдаушысы ретінде үй шыбын-ң рөлі ерекше. Ақырында амебаның циста түрі аталған зат-р мен объектілер арқ.адам-ң аузына түседі, ішек-қарынға өтеді. Осы жерде амеба-ң тіршілік циклі жаңадан басталады. Науқастың нәжісімен бөлінетін вегетативті форма-ы тез өледі, ал циста-р сыртқы орта факторларына өте төзімді. Амебиазбен ауратындар ж/е қоздырғышты тасымалдаушылар тәулігіне 600 млн.циста бөледі.

Ішек амебасы (Entamoeba coli) патогенезі, морфологиясы дизентериялық амебаға ұқсас. Ол да вегетативтік ж/е циста түр-е кездеседі, бірақ вегетативті түрі протеолиттік фермент-і бөлмейді ж/е ішек қабырға-а енбейді. Оның протоплазма-а жұтылған эритроцит-р байқалмайды. Цистада әдетте 8 ядро болады, кейде ядролар саны ауытқуы мүмкін. E. coli-дің циста өлшемі 13-25 мкм болады.

Таралуы: Амебиаз жер шарының барлық елде-е кездеседі. Сырқат тропикалық ж/е субтропикалық климатты елдерде ж/е Орта Азия, Закавказье республика-а тіркелген. Аурудың айқын түрі сирек кездеседі, ал тасымалдаушылық өте жиі тіркеледі. Эедемиялық аймақ-а сырқат-қ пен тасымалдау-ң ара қатынасы 1:7, ал басқа жерлерде 1:20дан жоғары.

Жұғу жолдары әртүрлі – алиментар-қ, түрмыс-қ – жанасу арқылы. Қоздырғыштың берәлу механизмі – ауыз-нәжістік. Қоздырғыш-ң берілу факторлары: паразит-ң цисталарымен (кейде вегетативтәк түрімен) ластанған тағам-р, жуылмаған көкөніс ж/е жемістер, сирегірек – су, тұрмыс жабдық-ы, іш киім, ыдыс, ойыншықтар, есік тұтқалары. Циста бөлетін адаммен тікелей қатынас-а жұуы мүмкін. Амеба-ң циста-н таратуда, белгілі эпидемиялық жағдайда, синантропты шыбын-р мен тарақан-р қатысады, олар паразит-і механика-қ жолмен тағам-а тасиды. Бұл жәндік-ң E.histolitica циста-ы өзінің тірш.қабілеттілігін 2-4 тәулікке сақтайды.

Клиникалық белгілері мен патогенезі. Амеба-ң әртүрлі вирулентті бірнеше штам-ы кезде-і. Штам-ң вирулентті-е байланысты патогенезі мен клиникалық көрініс-і өздігінше дамиды. Амебиаз-ң патогенезінде паразит фермент-ң орны бөлек, олар ішек тініне өтсе, ол арқ. басқа ағза-а (бауырға) тарап, абсцесс құрады. Амеба-ң өткен жерінде, жара (1ші жара) п.б. Жара ішек қуысымен қосылса, қосымша бактериалы инфекция дамиды. Амебаның әсерінен п.б. жара-ң саны ауру дамыған сайын арта ереді. Олар көбінесе соқыр ішек маңына орнала-ы. Жара-ң итесілуі мүмкін, перитонит дамиды. Жазыл-н кейін оның орнында ішекте тарылатын тыртық тін өседі.

Клиникалық көріністері жан жақты болады. Диарея, қан ж/е шырыш араласқан нәжіс байқа-ы. Амеба-қ дизентерияның басты белгісі – қанмен боялған сұйық нәжіс. Бұл нәжіс қанмен араласатын бактерия-қ дизен-н ерекшелеу.

Жиі кезде-н асқынулар – ішектен қан кету ж/е ішек қабыр-ң тесілуі, бауырда ж/е басқа ағза-а абсцес-ң дамуы. Ең қауіптісі – абсцес-ң іш н/е плевра қуыс-а жарылып кетуі.

Диагноз қою – эпидемиология-қ анамнезге, белгілі клиника-қ көрініс-е, аспаптық зерттеу-р (ішекті ректоманоскопия, рентгенография, компьютерлік томография, УДЗ, бауырды сканерлеу, эндоскопия-қ әдіс-н тексеру) деректеріне ж/е нәжісті, қоршаған орта объек-н паразитология-қ тексеру қорытынды-а негізделеді. Нәжісте, әсіресе жаңадан алынған сынама-атциста-ы н/е вегетативтік түр-і табу, қоршаған орта объек-ң ластанғанын бағалауда өте маңызды. Амебиаздың диагнозы дұрыс деген қорытындыны паразит-ң цитоплазма-а еш уақытта фагоциттелген эротрициттер бар амеба табылғанда ғана жасалады.

Алдын алу шаралары инвазияның берілу механзмін үзуге бағыт-н. Олар оңашалауды, науқастарды химия-қ препараттармен емдеуді және дені сау циста тасымалдаушы-ы сауықтыруды: қорш.орта объекті-н қорғау ж/е тазарту жөніндегі күрделі шара-ы (су қойма-ы, топырақ, ж/е т.б.), халық арасында қоғамдық, жеке бас тазалығын сақтау туралы санитарлық-гигиеналық ағарту жұмыстарын үнемі жүргізуді қамтиды.

Лямблиоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизоотологиясы (таралуы), эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 184 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав