Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Баланстық әдіс

Читайте также:
  1. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  2. А. М.Алпатьевтің биоклиматтық әдісімен суару режимдерін есептеу
  3. Абырғааралық нервтердің блокадасы әдісін кезеңмен жазыңыз.
  4. Аралық бақылауға дайындалу бойынша әдістемелік ұсыныстар
  5. Биоклиматтық әдісімен есептеу
  6. Блекмор зондымен өңештен қан кетуді тоқтату әдісін кезеңмен жазыңыз.
  7. Графо – аналитикалық әдісімен есептеу
  8. Д) бұл активтің баланстық құнының немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің оның өтеу сомасынан асатын сомасы
  9. Д) Бір қалыпты есептен шығару әдісі, кумулятивтік әдіс, азайып отыратын қалдық әдісі, өндірістік әдіс

Еңбек ресурстарының жиын балансы еңбек ресурстары мен оларды бөлуге қатысты неғұрлым ортақ пропорцияларды сипаттайды.

Жұмыс орындарының балансы, еңбек ресурстарының жиын балансын толықтыратын, сонымен бірге, теңдестірілімдіктің өзге де аспектілерін көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды баланс болып саналады. Оның мақсаты – шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық деңгейінде барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларын өңірдің еңбек ресурстарымен келісу болып саналады. Ол жұмыс орындарын ауысымдылықтың нормативтік коэффициентімен толықтыру үшін талап етілетін, жұмыс орындары мен жұмыс жасаушылардың, қызметкерлер санының теңдестірілімділік дәрежесін көрсетеді. Соның негізінде және жұмыс орны құнының көрсеткішін пайдалана отырып, капитал жұмсау көлемін және оның ұдайыөндірістік құрылымына болжам жасауға болады. Жұмыс орындарының балансы өңірлік деңгейдегі жұмыспен қамту саны мен құрылымдарын болжаудың негізгі құралына айналуы тиіс.

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу тәжірибесі көрсеткендей, реттеудің ортақ, тұрақты қолданылатын тетіктері жоқ. Олар қандай да бір елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейіне, мәдени дәстүрлеріне, еңбек нарығын қалыптастыру ерекшеліктеріне, мемлекеттің рөліне және т.б. қатысты аражігі ажыратылады.

АҚШ. Аталған үлгі орталықтан ажыратудың үлкен дәрежесімен сипатталады. Әрбір штаттың осы салада өз заңдары мен жұмыссыздықты сақтандырудың өз қоры бар. Америкалық компаниялар, баламалы шешімдер іздеу туралы ерекше қиналмай-ақ, қызметкерлер құрамын қысқартуды жеткілікті түрде жеңіл жүргізеді. Жұмыс күшінің жоғары кәсіби және өңірлік ұтқырлығы осындай тәжірибеде қарсы күш (салмақ) болып қызмет етеді.

Швеция. Өзгешелікті белгісі – мемлекеттің еңбек нарығындағы белсенді саясаты. Ол, жұмыссыздықтың пайда болуын ескертетін және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша шаралар жүйесін көздейтін, привентивті сипатқа ие. Уақытша жұмыспен қамтылған халықтың кәсіптік бағдарына, оларды жаңа мамандықтарға оқытуға баса назар аударылады. Сонымен бір мезгілде жұмысқа жалдау тәртібі, жұмыстан шығару негіздемесі мен тәртібі, еңбек жағдайы және т.б. қатаң реттеледі. Еңбек нарығының инфрақұрылымына еңбек Министрлігі, еңбек нарығы Басқармасы, 24 губерниялық еңбек комитеті мен еңбекке орналастыру жөніндегі 300-ден астам бюро кіреді.

Жапония. Еңбек қатынастарының жүйесі мұнда, жұмыскерлерге зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыспен қамтылуына кепілдік беретін «өмірлік жолдау» деп аталатын принципке негізделеді. Экономикалық қиындықтар туындаған жағдайда фирмалар жұмыстан шығаруға өте сирек жағдайларда ғана барады. «Өмірлік жолдау» саясаты, неғұрлым динамикалы кәсіби мансапқа (карьераға) ұмтылатын жоғары білімді қызметкерлердің бірқатар топтарының мүдделерімен белгілі бір қарама-қайшылыққа түседі. Жұмыспен қамтудың аталған үлгісі болашақта сақталады десек те, оның қолданылу аясы бірте-бірте тарыла беретін болады.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 157 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Лттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау | Лттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау | Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ҒТП-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері | Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – ЭМР құралы (инструменті) ретінде | Жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы | Отандық технопарктердің орналасу ерекшеліктері | Азақстан Республикасының технологиялық парктерінің жұмыс жасау тиімділіктерін бағалау | Жалпы проблемалар | Жұмыссыздықтың экономикалық мәні | Инфляция. Филипс қисығы |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав