Читайте также: |
|
Желілік операциялық. жүйелер ОSІ моделіне сай желілік және одан да жоғары деңгейлердің функцияларын орындайды. Жалпы жағдайда жеке компьютерге орнатылған желілік операциялық жүйенің арнайы бір құрылымы болады және де төмендегідей бөліктердсн тұрады. Біріншіден кез-келген операциялық жүйенің жергілікгі операциялық жүйелердің функцияларын орындайтын, компьютердің жергілікті ресурстарын басқаратын мүмкіндігі болуы керек. Мысалы процесстер арасыңда оперативті жадыны бөлу, процесстерді жоспарлау және қадағалау, қосымша құрылғыларды басқару және басқа да функцияларды орындауға болады. Екіншіден желілік операциялық жүйелер жалпыға ортақ кандай да бір қызметтер көрсетуі және оның ресурстарын ұсынуға қабілетті болуы, яғни сервер немесе серверлік бөлігі болуы қажет. Сервер функциясына мысалы жазбалар мен файлдарды қорғау, анықтамалықтарды енгізу, сұраныстарды өңдеу, қолданушылардың қосалқы құрылғыларға сұранысын басқару т.б. жатқызуға болады. Үшншіден желілік операциялық жүйелердің басқа да ресурстарын қолдануға мүмкіндік беретін клиентгік бөлігі немесе редиректоры болуы керек. Бұл бөлік желідегі сұраныстарды танып қолданушыларға бағыттауды орындайды. Клиенттік бөлік серверлерден келген жауаптарды қабылдауды іске асырады. Операциялық жүйелердің коммуникациялық мүмкіндіктері мәлімет алмасудың сенімділігін, желі бойымен жүретін мәлімет алмасудың маршрутын таңдауды, мәліметтрдің буферленуін және адресациялануын қамтамасыз етеді, яғни мәліметтерді транспортировкалау құралы болып табылады. Желілік компьютердің көмегімен шешілетінтапсырмаға байланысты оған желілік операциялық жүйенің арнайы модельдер жинағы орнатылады. Желілік компьютерлер серверлер мен клиенттерге бөлінеді. Әдетте клиент желіні қолданушыларға өзінің жергілікті ресурстарын ұсына алмайды. Клиент-компьютерлерге қандай да бір желілік қызметтер орнатылмайды. Бұл кәдімгі операциялық жүйелер орнатылған және қысқаша желілік функциялар жиыны бар дербес компьютер. Клиент-компьютер желілік ресурстарға мүмкіндік алу үшін желіге сұраныс жібереді. Компьютер-сервер өзініңресурстарына бірлескен мүмкіндіктерді қамтамасыз етіп, қандай да бір желілік сервис қызметін орындайды. Клиенттерден түскен сұраныстарды сервер өңдеп жауаптарын қайта жібереді. Тәжірибе жүзінде жекелеген клиенттер кейбір серверлік функцияларды атқара алады, мысалы, өзінің дискілік ресурстарынабірлескен мүмкіндік беру т.б. Бірақ толықканды серверлік функцияларды клиент ешқашан атқармайды. Компьютер-сервер клиенттік функцияларды атқара алады, демек бұл компьютерде кәдімгі дербес компьютердегідей жергілікгі программаларды орындай алады. Бұл жағдайда "клиент-сервер" байланысының аралас схемасы тууы мүмкін. Операциялық жүйелердің желілік модульдері әртүрлі тәсілмен іске асырылады. Ең бірінші мүмкін болатын жағдай жергілікті операциялық жүйелердің үстінен орналасқан желілік қабықша түрінде болуы. Желілік қабықша редиректор ресурстарға деген сұранысты анықтап оларды қажетті адрестерге бағыттап отырады. Кері жағдайдағы сұраныс операциялық жүйелердің негізгі модульдеріне желілік функциялардың тізбектелуі анағұрлым өнімді және әсерлі болып табылады. Сондықтан да бұл вариантқа почталар, желілік операциялық жүйелердің казіргі кездегі барлық серверлік варианттары және кейбір клиенттік варианттар орналасқан. Компьютерлер арасында функциялардың таралуына байланысты желілерді біррангті желілік операциялық жүйелер және белгіленген серверлі желілік операциялық жүйелерге бөлуге болады. Біррангті желілік операциялық жүйелер әрбір коммьютер клиент функциясын да сондай-ақ сервер функциясын да орындай алатын біррангті желілер құруға қолданылады. Іс жүзінде біррангті операциялық жүйелерді порттық жергілікті операциялық жүйелерге жатқызуга болады.
Ереже бойынша желілік қарым-қатынасты қамтамасьгз ету үшін базалық желілік функциялар енгізілген. Бұл функциялардың негізгісі жұмыс станцияларының дискілік құрылғыларына, принтерлеріне және де жергілікгі құрылғыларына мүмкіндік алуды қамтамасыз ету болып табылады. Біррангті желілік операциялық жүйелерді инсталяциялау мен эксплуатациялау өте қарапайым. Бір жағынан олардың өнімділігі төмен, желілік сегменттермен байланысты қамтамасыз етуде мүмкіндіктері шектеулі. Біррангті желілік операциялық жүйелерде желі басқару мүмкіндіктері дамымаған, 'клиент-сервер" жұмыс режимін қамтамасыз етпейді.
Күрделі желілер құруда әдетте бір немесе бірнеше компьютерлер жекелеген желілік функцияларды орындауға белгіленеді. Мұндай желілерді белгіленген серверлі желілер деп атайды, ал оларға орналастырылган желілік операциялық жүйелерді белгіленген серверлі операциялық, жүйелер дейді. Атқаратын функцияларына қарай файлдық-сервер, баспа-сервері, қосымшалар сервері т.б. болып бөлінеді. Компьютер-серверлерге желілік операциялық жүйелердің арнайы серверлік варианттары орналастырылады. Мұндай операциялық жүйелердің желілік мүмкіндіктері зор. Олардың жұмысы енгізілген функцияларды жүзеге асыруға негізделген. Әдетте серверлерде клиенттік бөлік болмайды, мысалы Novell Netware да жоқ., бірақ Windows NT for Server операциялық жүйесінде бар.
Серверді жергілікті клиенттік компьютер ретінде қолдану шектеулі болуы қажет, өйткені бұл компьютердің сервер ретінде жұмыс істеу өнімділігін төмендетеді. Белгіленген серверлі немесе бірнеше серверлі желілер бір рангті желілермен салыстырғанда қолданылатын желілік операциялық жүйелердің потенциалдық мүмкіндіктеріне ғана емес сондай-ақ жоғары сапалы серверлік техниканы қолдануда да бірқатар мүмкіндіктерге ие.
Кемшіліктеріне, клиенттік машиналар ресурстарына мүмкіндік алудағы шектеуді және де операциялық жүйелерді эксплуатациялау мен игерудегі қиыншылықтарды жатқызуға болады. Ал Windows NT және Novell Netware белгіленген серверлі желілік операциялық жүйелердің көш бастаушылары болып табылады.
Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 31 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |