Читайте также:
|
|
Провайдер деген кім?
Интернет жүйесінде табысты жұмыс істеу көп жағдайда провайдерді - Интернет желісінің қызметін ұсынатын компанияны дұрыс тандауға байланысты. Ешкімге тиісті емес нәрсені сату мүмкін бе?- деп сұрайсыз Сіз. Бұл жерде жүйенің фрагменттерін немесе барлық Интернетті тұгастай сату туралы сөз болып тұрған жоқ. Сізге тек Әлемдік Желінің мәліметтерін Сіздің үйдегі компьютеріңізге тез арада жеткізуге жеткілікті техникалық мүмкіндігі бар жеткізуші қажет. Және де мұндай жеткізуші, егер Сіз кәдімгі модемдік қосылуды пайдаланатын болсаңыз, Сіздің телефон аймағыңыздың ішінде орналасуы қажет. Басқаша жағдайда телефондық шоттар Сізге Интернетте жұмыс істеуден толық қанағаттануыңызға мүмкіндік бермейді. Нағыз провайдер Интернет желісінің қызметін жеткізуге құқық беретін арнайы лицензия алуы керек. Провайдерді сыртқы әлеммен қосатын арна бойынша мәліметтерді жеткізу жылдамдығы секундына 512 килобиттен кем болмауы керек. Провайдердің бір телефон желісіндегі қолданушылардың саны, өте аз мүмкін болатын провайдер модемдерінің жылдамдығы секундына 33600 бит болған жағдайда 10 адамнан аспауы керек.
О, бұл - өте қызықты жұмыс! Ең бастысы - асықпау. Бірнеше есте ұстайтын ережелер: провайдер ең арзан да, ең қымбат та болмауы керек;
Провайдерді қалай таңдау керек?
Ұзақмерзімді келісім-шартқа қол қоюға асығудың да қажеті жоқ, ал енді егер Сіз провайдермен келісім жасайтын болсаңыз, Сіздің тілегіңіз бойынша кез келген уақытта келісім-шартты тоқтатуға болатындығына көз жеткізіңіз; осы провайдер қызмет жасап жүрген қолданушылармен сөйлесіңіз; сыйлықтарға сақ болыңыз; Сіздің ана тіліңізде (немесе сізге өте таныс тілде) тәулік бойы мүмкіндік берілетіндігін және Сіздің тұрған жеріңізде бөлімше бар екендігін біліңіз. Келісім-шартқа отыру қайткенде де қажет екенін сезген соң, провайдермен достасыңыз, кейде бұл көмектеседі. Келісім-шартқа отыруда провайдерден қандай мәліметтер алу керек? Келісім-шартқа қол қоярда провайдер Сізге желілік ат (user name) беруі және Сізбен пароль туралы келісуі керек. Өзіңізге ат таңдауда есіңізде болсын: Сіз онымен өмір сүресіз. Парольді қажет болған жағдайда, кейін ауыстыруға болады. Мұндай жағдайлар, мысалы, Желіге кіру үшін Сіздің мәліметтерді басқа біреу санкциясыз қолданғанда кездеседі.
Провайдер сонымен бірге Сізге компьютердің телефон номерін ұсынуы керек. Сіз оған Желіге шығу үшін (dial-up number) қосыласыз. Сіздің желіде бұл номердің анық екеніне көз жеткізіңіз. Бұл үшін үй-ішінің біреуіне берілген номер бойынша телефон шалуын сұраңыз. Егер модемге тән ұзақ гудоктар естілсе – бәрі орнында (дабыл дыбысы: тыныштық немесе қысқа гудоктар). Сонымен бірге берілген номерге қосылғандағы әңгімелесу құнын да тексеру қажет. Бұл мәселелер бойынша провайдерге сенуге болады. Оның басты мәселесі - тек клиенттерді тарту ғана емес, оларды ұстап тұру. Одан кейін провайдер Сізге, төрт таңбалы сандар жиынтығынан тұратын (мысалы, 192. 117. 64. 66). бірінші және екінші DNS (Domain Name System), сыртқы компьютермен байланыс адресін мәлімдеуі керек. Көбінесе бұл мәліметтердің бәрі орналастыру файлына енгізіледі. Оны Сіз дискетте немесе компакт-дискіде ала аласыз.
Провайдерден басқа Интернетке ену әдісі - интерактивті қызметтер (Online Services). Олар Интернетке кіргеннен басқа да көптеген қосымша коммуникациялық мүмкіндіктерді ұсынады. Ең кең таралған интерактивті қызметтер қатарына CompuServe и America Online жатады. Қолдану әдісіне байланысты Интернетке кірудің басқа тағы бірнеше тәсілдері бар. Төменде Интернетке қосылудың стандартты әдістері келтірілген:
¨ Хат алмасу және электронды пошта – Internet-ті қолданудың қарапайым әдістері. Тек хат алмасу мен электрондық поштадан басқа ешқандай қосымша мүмкіндіктер бермейтін қосылу - орнату жағынан ең қарапайымы және арзаны..
¨ Домендік кіру - провайдермен шартқа тұрып Internet-ке кіру. Жоғарыда толық айтылып кетті.
¨ Клиенттік кіру – жұмысшы станцияларында Internet қосымшаларды жүктеу үшін (мысалы, акцияларды сату үшін брокерлік кеңсемен немесе нақты уақыт режимінде конференция өткізетін коммуникациялық программалармен байланысуға қажетті программалық жасақтамалар) қажет. Бұл сияқты қосымшалар жүктелген кезде өздігінен Internet-ке кіруді
орнатады және жұмыс біткеннен соң өздігінен өшіріледі..
¨ Тікелей тұрақты кіру - Internet арқылы тауарлар мен қызметтерін ұсынатын компаниялар пайдаланады; мысал ретінде Internet арқылы билеттерді брондау мүмкіндігі бар авиакомпанияларды айтуға болады.
Осы қарастырған әдістердің әрқайсысы қызметтің әртүрлі деңгейін, ұсмынады, әрине қосылудың бағасы да әртүрлі болады.
Домендік немесе клиенттік кіру кезінде хабар алмасуды қамтамасыз ету үшін провайдерге коммутацияланатын мүмкіндік қана (dial-up access) жеткілікті; яғни, сіз қосылуды стандартты телефондық байланыс пен модем немесе ISDN-торабын пайдаланып орната аласыз. Олар жылдам болғанымен, ақысы қымбат болады.
ISDN торабын қолдану үшін ISDN-қосылуды қолдайтын телефондық компания арқылы қосылу керек Ол үшін сіз ISDN-сәйкестік коммутацияланатын маршрутизатор орнатуыңыз және телефондық компаниямен ISDN-құрылғыларды пайдалануға келісім-шартқа тұруыңыз қажет.
Егер күндіз-түні жұмыс істейтін Web-сервер орнатқыңыз келсе, онда әрдайым қосылып тұруын қамтамасыз ету үшін ерекшелеген торапты (leased line) пайдаланғаныңыз жөн. Байланыстың бұл түрі үшін Internet-ке қосылғаны және пайдаланғаны жайында тұрақты келісілген баға орнатылады. Ерекшеленген торап сізбен провайдер арасында екі жақты мәлімет алмасу үшін арналған. Ерекшеленген торап бойынша мәлімет алмасудың жылдамдығы коммутацияланатын торапқа қарағанда біршама жоғарылау. Ол 56 Кбит/с -тен 45 Мбит/с-ке дейін өзгере береді.. Көптеген ерекшеленген тораптар байланысты 1,5 Мбит/с-ке дейінгі жылдамдықпен қамтамасыз ете алады.
IP-адрестеу жүйесі
Бүкіләлемдік желіні ұйымдастыру үшін, әрине, адрестеудің ең жақсы жүйесі пайдаланылады. Internet одағы Internet –тің барлық түйіндерін адрестеу үшін ІР-адрестеу деп аталатын бірегей стандарт орнатты. Кез-келген IP-адрес 1 мен 254 интервалы арасындағы өзара нүктемен бөлектенген төрт саннан тұрады. Төменде IP-адрестің мысалы келтірілген: 10.18.49.102. IP-адрестеу схемасында 0 мен 255 сандары да пайдаланылады, бірақ, олар арнайы мақсаттар үшін сақталған. 255 саны IP - желінің барлық компьютерлеріне дейтаграммаларды бағыттау үшін пайдаланылады. 0 саны адресті толық та дәл көрсету үшін пайдаланылады. Жоғарыда көрсеткен мысалда адрес 10.18.49.102. желісінде 102 түйінді белгілеу үшін келтірілген делік. Онда адрес 10.18.49.0 тек желіні, ал 0.0.0.102 бір түйінді белгілейді.
IP-адресін бірнеше түйіні бар желілер, миллиондаған түйіндері бар желілер құру үшін де пайдалануға болады. Ол үшін Internet Одағы бір-бірінен өлшемі бойынша ерекшеленетін желілердің үш класын анықтады:
¨ Класс А: Миллиондаған түйіні бар үлкен желілер. Онда біріншісі (сол жағындағы) желінің адресін анықтайды. Қалған үш тобы – түйіннің нөмірлерін белгілейді.
¨ Класс В: Мыңдаған түйіні бар орташа өлшемді желілер Алғашқы екі октет (сол жағындағы) желінің адресін белгілейді.. Қалған екеуі (оң жағындағы) — түйіннің нөмірін анықтайды..
¨ Класс С: Бірнеше жүздеген түйіні бар желілер.
Алғашқы үш октет желінің адресін, соңғысы- түйін адресін анықтайды.
Желідегі барлық компьютерлердің, Internet-ті айтпағанда, IP-адрестерін есте сақтау мүмкін емес.
Сондықтан, 1993 жылы Internet желісінің иформациялық орталығы (Internet Network Information Center — InterNIC) құрылды. Оның қызметі - домендік аттар жүйесін (Domain Name System — DNS) басқару.
Бұл механизм сандық IP-адрестердің орнына домендердің жеңіл есте қалатын символдық аттарын ұсынды. Мысалы, АЭСА ЕНД кафедрасының оқытушысының comsys.end -aesa домендік атты оған сәйкес 10.18.49.102 IP адреске қарағанда есте сақтауға көп мүмкіндігі бар.
Сізге IP-адрес бөлініп берілгеннен соң, өзіңізге домендік ат таңдауыңыз керек, жоғарыдағы мысалда — соmsys. Таңдап алынған домендік ат бірегей болуы керек, және сонымен қатар, Internet-тің қандай-да бір адресімен сәйкес келмеуі керек. Сіздің доменнің аты домендер аттарының иерархиялық мәліметтер базасына қосылады.
Домендердің аттарын сақтау және басқару үшін аттар серверінің иерархиясы пайдаланылады. Бұл серверлерде домендік аттардың мәліметтер базасы және олармен байланысқан IP-адрестер орналасады. Егер желіні қолданушы қандай-да бір Internet-адреске қосылғысы келсе, онда ол жергілікті аттардың серверіне хабарласады. Бұл сервер басында өзінің мәліметтер базасынан IP-адресті табуға тырысады. Оны тауып болғаннан соң, ол адресті сұраныс жасаған компьютерге қайтарып береді, ал ол Internet-ке қосылады.. Егер мәліметтердің жергілікті базасында домендік аттар табылмаса, онда сервер сұранысты иерархия бойынша өзінен жоғары тұрған серверге жібереді. Осы процесс сұраныс аттардың түбірлік серверіне (root name server) жеткенше жіберіледі. Бұл серверде белгілі бір типті домендерге жататын домендік аттар мен IP-адрестер жинақталған. Аттардың түбірлік сервері Америка Құрама Штаттарында орналасқан және InterNIC қарамағында, турасын айтқанда соны қолдайды. Түбірлік сервердің мәліметтер базасынан IP-адрес табылғаннан соң ол сұраныс жіберген компьютерге қайтарылады. Кері жағдайда сервер доменнің аты жоғы жайында мәліметті қайтарады. Түбірлік серверден қайтатын IP-адрестер домендер аттарының жергілікті сервері кэш-жадында сақталады. Бұл жиі пайдаланылатын серверлерге сұраныс жасауды жеделдету үшін қажет, яғни аттардың түбірлік серверіне сұраныстар мөлшерін азайтады
Сонымен қатар, домендер аттары жоғарғы деңгейдің категорияларын қамтиды.
Мысалы, домен атының басындағы www сервер World Wide Web бойынша байланысты ұстайтынын білдіреді.
World Wide Web туралы материалдарды келесі лекцияларда толық қарастырамыз.
Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 247 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |