Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Интернет желісінің құрылу тарихы

Читайте также:
  1. B) &имя пользователя @ полное доменное имя почтового сервера в Интернет
  2. CTR — показатель эффективности интернет-рекламы, измеряемый как отношение числа нажатий на рекламное объявление (кликов) к числу показов этого объявления.
  3. SIB3233 - Защита информации в Интернете
  4. V открытый Екатеринбургский Интернет-фестиваль (конкурс) талантливых детей и молодёжи
  5. V. РОССИЙСКИЙ ИНТЕРНЕТ
  6. Адресация в Интернет
  7. Адресация в Интернете
  8. Адресация в сети Интернет
  9. Азақстан тарихы кафедрасы
  10. Азақстан тарихы кафедрасы

Ең алғаш шалғай компьютерлерді қосу айналасындағы зерттеулер 60 жылдардың басында жүргізіле бастады. 1965 жылы Массачуетс технологиялық институтындағы компьютер, Калифорниядағы компьютерге телефон сымы арқылы жалғастырылды. Компьютерлерді жалғау үшін телефон байланысына ұқсас арналардың коммутациялық технологиясы қолданылды. Арналардың коммутациялық технологиясы арнаның екі абонентінің арасындағы үзіліссіз физикалық байланысты құру болып табылады. Қосылуға ниет білдіруші абоненттердің барлығын бір-бірімен жалғау мүмкін емес, сондықтан да коммутациялау әдісі қолданылады, яғни бірнеше абоненттің байланыс сымын біруақытта қолдану мүмкіндігі туады. Арна - өзара арнайы

аппаратурамен, коммутатормен жалғанатын жеке бөліктерден тұрады. Егер абонент жалғауды іске асырғысы келсе, онда ол бос арна арқылы келесісіне жіберетін жақын жердегі коммутаторға шығады. Нәтижесінде екі абонент тікелей жалғанып, мәлімет алмаса алады. Зерттеу барысында арналар коммутациясының компьютерлік желі құруда жарамсыздығы анықталды. Коммутация технологиясын қолдану барысында, компьютерлер әртүрлі жылдамдықпен мәліметтер өңдеген уақытта, абоненттер арнасының аппараттары бірдей жұмыс істеуі қажет. Сонымен қатар мұнда арналар байланысы дұрыс қолданылмайды. Яғни мәліметтер алмасу барысында арна бос болмайды да, ал мәліметтер өңдегенде - босайды. Дегенмен физикалық байланыс екі жағдайда да сақталады. Осыдан келіп мәлімет алмасудың жаңа технологиясы - пакеттер коммутациясын қолданудың қажеттілігі туындайды. Технологияны қолдануда желі бойымен берілетін мәліметтер пакеттер деп аталатын кішігірім бөліктерге бөлінеді. Әрбір пакет жеткізілетін адресі көрсетілген, тақырыппен қамтамасыз етіледі. Коммутаторлар адрестерді қолдана отырып, пакеттерді қашан діттеген жеріне жеткізгенше бір-біріне беріп отырады. Егер қандай-да бір коммутатор бос болмай, бірнеше уақыт аралығында пакеттерді жеткізе алмаса, ол оны пакеттер кезегіне қойып соңыра жеткізе алады.

Пакеттер коммутациясы негізіндегі компьютерлік желі жобасы АҚШ-ң (DARРА) қорғаныс Министрлігінің "Болашағынан үміт күттіретін еңбектер агенттігінде" жасалды. Құрылған желі АRРАNET деген атқа ие болды. 1969 жылы АRРАNЕТ желісіне шалғайдағы төрт компьютер жалғанып, жоба іске асырыла бастады.

Желіге көптеген компьютерлерді қосу үшін, АRРАNET желісі тораптарының байланыс тәсілін анықтайтын, кейбір ортақ ережелер жиынын (мәлімет алмасу реті, мәлімет формасы) -протоколды жасау қажет болды. 1971-72 жылдары АRРАNET желісіне арналған бірегей протоколмен жұмыс аяқталды. Бұл протоколға Network Соntrol Program (NCP) аты қойылды. Протоколды құру желіге арналған қолданбалы программалар жасауға түрткі болды. Осындай программалардың алғашқыларының бірі, жобаға қатысушылар арасында өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік берген электрондық почта еді. Интернеттің пайда болуы әртүрлі құрылымдағы бірнеше жекелеген компьютерлік желілерді АRРАNET негізінде жалғау мүмкіндігінен туған идея төңірегінде болатын. NCP протоколында АRРАNET желісінен басқа қандайда бір желінің байланыс механизмі қарастырылған жоқ-ты. Сонымен қатар желілерді біріктіре отырып, байланыстың уақытша үзілуін немесе қосылған желі бөліктерінің істен шығуын ескеру қажет еді. Бұл жағдайда желі бөлігі қалыпты жұмысын жалғастыруы керек. Осыған орай, жаңа желі құрудың негізгі принциптері ойластырылды:

• жекелеген желілердің интернетке қосылуы үшін ешқандай қосымша өзгерістер енгізілмеуі қажет;

• егер интернеттегі пакеттер белгіленген жерге жеткізілмесе, онда бірнеше уақыттан кейін қайтадан жіберілетін кепілдіксіз жеткізудің негізгі принципі бойынша берілуі керек;

• желілерді қосу үшін пакеттер ағымын жоғары деңгейге дейін жеңілдететін

арнайы құрылғы маршрутизатор қолданылуы тиіс;

• жалғанған желілер бір ғана орталықтан басқарылмауы қажет.

Желіаралық байланысты іске асыратын жаңа протокол желілерді біріктіруге жол ашты. Жаңа протоколдың бірінші версиясы 1973 жылы пайда болды. Протокол ТСР (Transmission Control Protocol) аталып, Интернеттегі мәліметтерді жеткізуді қамтамасыз етті. ТСР протоколы транспорттық қызметтің ауқымды бөлігімен жұмыс істей алады.

ТСР файлдар алмасу мен шалғай шеттен тіркелу сияқты тапсырмаларды шешуде өте жақсы жұмыс істейді, ал кейбір жағдайларда (мысалы, дыбыс жеткізуде) пакеттердің жоғалуы тек ТСР мүмкіндіктерімен ғана қалпына келтірілмейді, бұл функциялар қосымша мүмкіндіктерге жазылуы керек. Бұл жағдай ТСР-дің екі протоколға бөлінуіне әкелді. Олар: жеке пакеттер мен адрестеуге арналған ІР протоколы және жоғалған пакеттерді қайта қалпына келтіретін, сондай-ақ тұтастығын қамтамасыз ететін, мәліметтердің пакеттерге бөлінуіне арналған ТСР протоколы. ТСР-де қолданылмайтын қосымшалар үшін, ІР-ге тікелей мүмкіндікті қамтамасыз ететін, UDР деп аталатын балама (альтернативті) протокол жасалынды. Біріктірілген протоколды ТСР/ІР деп атау қабылданған. АRРАNET пен Интернетті құруда негізгі мақсат ресурстарды бөлуді қамтамасыз етудің қажеттілігі болды. Екі компьютерді жалғау олардың функцияларын көшіруге қарағанда тиімдірек еді. Дегенмен файлдар алмасу, шалғайдан тіркелу және электрондық почта сол кезде, ойлағандағыдан анағұрлым зор нәтиже берді. Мысалы, электрондық почта қолданушылар арасындағы байланыстың тіптен басқа тәсілін қолдануға мүмкіндік берді және жобамен бірігіп жұмыс істеу аясын өзгертті. Айта кету керек Интернеттің негізгі концепциясы желілік құрылғылармен жұмыс істеуге арналған бірнеше қосымшалар құру емес, жаңа қосымшаларды қажет ететін ортақ инфрақұрылым жасау болды.

Интернеттің дамуына тағы бір үлкен түрткі болған, желі көлемінің өсуі мен осыған байланысты оны басқару мәселесі еді. Интернет желісін қолданушылар күн өткен сайын артып, интернетке қосылушы тораптар күн өткен сайын өсті. ІР протоколында торап адресі нүкте арқылы бөлінген санмен беріледі. (Оның форматын алда тереңірек қарастырамыз). ІР адрестердің көптеген комбинацияларын есте сақтау іс жүзінде мүмкін емес. Адамдардың желіні қолдану мүмкіндігін жеңілдету үшін әрбір торапқа ат беру қарастырылған, сондықтан сандық адресті еске сақтап әуре болудың қажеті жоқ. Алғашқыда тораптар санына шектеу қойылып, адрестер мен аттардың сәйкестігін бір кестеде сақтау қажет болды. Көптеген тәуелсіз басқарылатын желілердің пайда болуы, адрестерді көрсетуді қиындатты, осыған байланысты домендік аттар жүйесі (DNS) жасалды.

DNS, торап аттарының иерархиялық бөлінген, аймақтанатын кеңею механизмі мен олардың адрестерін көрсетеді. (Бұл жайлы да алда жеке тоқталамыз).

Интернет көлемінің өсуі маршрутизаторлардың мүмкіншілік қабілетін өзгертуді қажет етті. Алғашқыда интернеттегі маршрутизаторлар жұмыс істеп, маршрутизаторлардың бірегей алгоритмі болды. Сол уақытта хосттар

саны өсіп, аталған алгоритмнің кеңеюіне мүмкіншілік болмады, сондықтан да ол аймақ ішінде қолданылатын IGP протоколы мен барлық аймақты байланыстыру үшін қолданылатын ЕGР протоколы кіретін маршруттаудың иерархиялық моделіне ауыстырылды. Протоколдар дизайны жүйе талабына қарай (бағасы, конфигурация жылдамдығы, ақауларды сезгіштігі, аймақтануы) IGP-ң әртүрлі версияларын қолдануға мүмкіндік берді. Маршрутизаторларға қойылатын талаптар тек маршрутизация алгоритмдерін ғана емес, сонымен қатар маршрутизация кестесінің көлемімен де анықталады. Маршрутизацияның иерархиялық моделін құру қазіргі интернет желісі құрылымына ықпал жасады.

1980 жылы ТСР/ІР протоколы АRРАNET желісінің стандарты ретінде қабылданды. ТСР/ІР қолдануға көшу АRРАNET желісін екі желіге бөлуге көмектесті;

Әскери мақсатқа арналған MILNET және ғылыми ізденушілік жүмыстарына арналған үйымдардың АRРАNET желісі. 1986 жылы АҚШ-ң үлттық ғылыми қоры (NSF) АҚШ-ң ірі-ірі суперкомпьютерінің ғылыми орталықтарын біріктіретін өз желісін құруды бастады. Жаңа желінің негізі ретінде АRРАNET -те сыннан өткен ТСР/ІР протоколы және басқа да технологиялар таңдалынды. Болашақта NSNNET деген атқа ие болған бүл желі Интернет желісінің негізгі магистралі болды. 1988 жылы NSNNET желісіне кіруге тек ғылыми білім беру ұйымдарына ғана емес, сонымен қатар коммерциялық фирмаларға да мүмкіндік беру жөнінде шешім қабылданды. 1994 жылы Интернет желісінің негізгі магистралін қаржыландыру NSF -тен толығымен әртүрлі мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарға берілді.

 




Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 91 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав