Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Token Ring технологиясы

Читайте также:
  1. Phatic tokens
  2. Базовые технологии локальных вычислительных сетей. Технологии Ethernet, Token Ring, AppleTalk.
  3. Нім өндіру технологиясы
  4. Нім өндіру технологиясы
  5. Нім өндіру технологиясы
  6. Нім өндіру технологиясы
  7. Нім өндіру технологиясы
  8. Нім өндіру технологиясы.
  9. Нім өндіру технологиясы.

Token Ring технологиясы 1985 жылы қабылданған ІЕЕЕ 802.5 стандарты негізінде IBM фирмасында жасалынды. Token Ring желісі Ethernet сияқты барлық тораптардың сақина тәріздес бірігуінен пайда болатын, бөлінген мәліметтер алмасу ортасын қолданады. Әрбір торап алдыңғы және келесі тораппен байланысқан. Мәліметтер кадры тораптан торапқа сақина бойымен бір бағытта беріледі. Мұндай режим симплексті деп аталады. Мәліметтер алмасу ортасына мүмкіндік алу үшін маркерлік әдіс қолданылады. Бұл әдісті қолдануда мәлімет алмасу құқығы маркер деп аталатын арнаны кадр көмегімен іске қосады. Барлық тораптар қайталамалар сияқты кадрларды қайта трансляциялайды. Маркер тораптан торапқа беріледі. Маркерді қабылдаған әрбір торап алмасылатын мәліметтерді анықтайды. Егер мәліметтер жоқ болса, онда торап маркерді келесі торапқа жібереді.Егер мәліметтер бар болса, онда маркер желіден суырылып алынады. Торап өз мәліметтер кадрын сақина бойымен жібереді. Әрбір кадр қабылдаушы адресі ретінде, сондай-ақ жіберуші адресі ретінде қамтамасыз етіледі. Өзінің жеке адресімен сәйкес келетін қабылдаушы адресі бар кадрды қабылдаған торап, мәліметтерді көшіріп, кадрге қабылданғандық белгісін қойып, кадрды одан әрі жібереді. Қайта жіберілген қабылданған белгісі бар кадрды алған жіберуші торап желіден мәлімет алу мүмкіндігін алу үшін желіге маркердің жаңа көшірмесін жібереді. 4 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейтін маркерлік мүмкіндіктердің бұл алгоритмі Token Ring желілерінде қолданылады. 16 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейтін Token Ring желілеріндемәліметтер кадрын жібергеннен соң маркерді бірден жіберетін, маркерді ерте босататын алгоритм қолданылады. Бұл жағдайда желі бойымен біруақытта бірнеше станция кадрлары жылжи алады. Token Ring желісі кадрлардың 8 дәрежесін қолданады. Кадрға дәреже бекітуді жоғарғы жіберуші торап, мысалы қолданбалық деңгей іске асырады. Сондай-ақ маркер ағымдағы дәрежеге ие бола алады. Торап желіге, егер мәліметтер кадрының дәрежесі маркер дәрежесінен кем болмаған жағдайда ғана мүмкіндік алады.Кері жағдайда маркер келесі торапқа беріледі. Бұл жағдайда жіберуші торап өз мәліметтер кадрының дәрежесін маркер қорына жазады. Тек мұнда жазылатын дәреже қор дәрежесінен үлкен болмауы керек. Желіге мүмкіндік алуды іске асыруда қор дәрежесі маркердің жаңа көшірмесінің ағымдағы дәрежесіне айналады. Желінің жұмысын, желідегі маркерлер санын қадағалайтын екпінді монитор іске асырады. Екпінді монитор функциясын желі тораптарының бірі орындайды. Көп жағдайда желіде ұзақ уақыт бойы маркер болмай қалған сәттерде екпінді монитор маркердің жаңа көшірмесін өндіреді. Желіде біруақытта маркер көшірмесін саны бірден артық болуы мүмкін емес. Token Ring стандартында экрандалған және экрандалмаған қос ширатпа, талшықты-оптикалық кабель қолданылады. Сақинаның максималды ұзындығы 4000 м. Тораптардың максималды саны 260. IBM компаниясы 100 және 155 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейтін сондай-ақ Token Ring технологиясының негізгі ерекшеліктерін сақтайтын High-Speed Token Ring жаңа технологиясын ұсынды.

 




Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 114 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав