Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пакеті коммутацияланатын глобальды желілер

Читайте также:
  1. Азіргі кездегі желілерге қойылатын негізгі талаптар
  2. Желілердің жүйелік программалармен қамсыздандырылуы
  3. Жергілікті желілердің желілік деңгей мүмкіндіктері арқылы құрылуы
  4. Метод операцій заснований на аналізі цін придбання контрольних пакетів акцій схожих компаній.

Пакеттері коммутацияланатын WAN-қосылуларда мәліметтер пакеттерге бөлінеді. Пакетті коммутациялауда пакеттердің өлшемдерінің кіші болуы мәліметтердің жылдам және тиімді жетуін қамтамасыз етеді.

Негізінде қазіргі пакеттері коммутацияланатын глобальды желілер абоненттер трафиктері мен абоненттер жабдықтарының кез-келген түрін бере алуы керек - бұған әртүрлі желілердің конфергенция процесі мүмкіндік береді. Яғни, глобальды желілер келесі кешенді қызметтер көрсетуі тиіс: жергілікті желілер пакеттерін беру, мини-компьютерлер мен мэйнфреймдердің пакеттерін беру, факс алмасу, офистік АТС-тардың трафигін беру, қалалық, қалааралық және халықаралық телефондық желілерге шығу, видеоконференциялар өткізу үшін бейнекөрсетулермен алмасу, кассалық аппараттардың, банкоматтардың трафиктерін беру және т.б., және т.с.с.

Әрбір пакеттің өз меншігінде бақылау информациясы болады және олар желіде тәуелсіз коммутацияланады. Бұл дегеніміз, пакеттер глобальды желіде әртүрлі маршруттармен қозғалады және белгіленген пунктке әрқайсысы өз бетінше жетеді. Пакеттердің тізбектегі орны пакеттің тақырыбына енгізіледі де, қабылдаушы құрылғы мәліметтерді дұрыс ретпен қою үшін соны пайдаланады.

Пакеттерді коммутациялаудың көптеген технологиялары бар, соның ішінде біздің қарастыратынымыз: Х.25, кадрларды ретрансляциялау және АТМ.

Х.25 стандарты бастапқыда географикалық тұрғыда жан-жаққа таралған мэйнфреймдерді қосу үшін жасалған. Қазіргі заманғы талаптар бойынша Х.25 стандарты (1975 жылы бекітілген) баяу жұмыс істейтіндер қатарына жатады, өйткені ол қателерді тексеру процедурасын аөте көп уақыт жібереді (оны жасаған кездегі телефондық жолдардың сапасы төмендігіне байланысты).

Кадрлады ретрасляциялау технологиясы (Frame Relay) Х.25 протоколы негізінде пайда болған және Х.25-ке қараған жылдам, өйткені оның жұмысын баяулатқан қателерді тексеру функцияларының кейбіреуін қабыл алмады. Кадрларды ретрансляциялау протоколы мәліметтерді берудің OSI деңгейінде жұмыс істейді және глобальды желінің әртүрлі пунктері арасында байланыс сеансын ұйымдастыру үшін тұрақты виртуальды тізбектерді пайдаланады.

Frame Relay протоколының ерекшелегінің бірі, онда әртүрлі өлшемдегі пакеттер орналаса береді. Әрине, мәліметтер тасқынына кәдімгідей әсер етпегенімен, жалпы өткізгіштік қабілетіне қандай-да бір кідірту енгізеді.

Мәліметтерді берудің асинхронды режимі (АТМ) мәліметтерді, дауысты, бейне материалдарды жалпы қолданудағы желі бойынша беру үшін 53 битті пакеттерді пайдаланатын, пакетті коммутацияға негізделген WAN – технология. АТМ-нің протоколдар жиыны OSI моделінің мәліметтерді беру арнасы деңгейі және физикалық деңгейде жұмыс істейтін протоколдардан тұрады. АТМ желілері мультиплекстелген информациялармен жұмыс істейді, яғни бірнеше информациялық арналар бір мәліметтер тасқынына бірігуі мүмкін.

Жергілікті желілерде пайдаланылатын АТМ коммутаторлары жергілікті желінің эмуляция режимінде жұмыс істейді.




Дата добавления: 2014-12-23; просмотров: 82 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав