Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ндірістік емес сфера мекемелері мен ұйымдарының қаржысының ерекшеліктері

Читайте также:
  1. B. гомосфера
  2. I. Сфера застосування
  3. I. Тақырыбы: Мойын, кеуде, бел омыртқалардың құрылысының ерекшеліктері.
  4. II. Сфера действий правил и их применение
  5. V1: Биосфера
  6. АҚШАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
  7. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  8. Абылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаныз?
  9. АДМІНІСТРАТИВНО-ПРАВОВЕ РЕГУЛЮВАННЯ У СФЕРАХ НАЦІОНАЛЬНОЇ БЕЗПЕКИ ТА ОХОРОНИ ДЕРЖАВНОГО КОРДОНУ
  10. Азіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері

Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр.

Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алымған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтiн заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республиқасының Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құкықтарын, заңды мүдделерiн қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ коғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) игiлiктерiм қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.

Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңи тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заңнамалық актiлерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Бұл ұйымдардың қызметiнiң мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керiсiнше қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыру болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игiлiктер мен қызметтердi жасау мақсатында материалдық өндiрiс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесiнде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын тусiнедi.

Коммерциялық емес қызмет түрлерi мен салаларында мынадай қаржы қатынастары қалыптасады:

· сала мен бюджет арасындағы қаржыламдыру ретiнде қаражаттарды алумен және кейбiр жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық мiндеттемелердi орындаумен байланысты қатынастар;

· қаржы ресурстарын бөлумем және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгi органдар арасындағы iшкiсалалық қатынастары;

· шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, яғни олардың бөлiмшелерi арасындағы қаржы қатынастары;

· салааралық — түрлi салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;

· еңбекке ақы төлеу жөнiндегi ұйымдар мен олардың қызметкерлерi арасындағы қатынастар;

· ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi) қатынастар және т.б.

Қызметтің айрықшалықты түрлерiндегi өзара байланыстардың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкiн, мысалы:

· қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелерi арасында жарналарды — кiру және мүшелiк жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелерiне белгiлi бiр жетiстiктер мем қызмет нәтижелерi үшiн көтермелеулiк сипаттағы төлемдер бойынша;

· коммерциялық ұйымдар мен олардың демеушілерi арасында ұйымның қызметiн қолдап отыру үшін материалдық және ақша нысандарына қаража

 сақтық компанияларында ұйымдардың белгiлi бiр контингентiнiң (әскери қызметшiлердiң, күш ведомствалары мен салық службалары қызметкерлерiнiң және т.б.) қарым-қатынастары;

 сондай-ақ белгiлi бiр шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкiн.

Аталынған қаржы қатынастары ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды бiлдiредi, оларды мынадай негiзгi топтарға бiрiктiруге болады:

· ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметiн қамтамасыз ететiн қорлар;

· күрделi жұмсалымдардың қорлары;

· көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;

· қызметкерлер мен континенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелерiндегi ауруларға) қызмет көрсетушiлердiң материалдық, және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумсн байланысты қорлар;

· негiзгi қызметтi дамыту қорлары.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негiзiнен олардың ұйымдық-құқытық нысандары әсер етедi. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшелiктерiн анықтау үшiн оның құрамына кiретiн мекемелердi, ұйымдарды, олардың қызметінiң сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдiстерiн ескере отырып зерделеген жөн.

Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметiн жүргiзудiң әдiстсрi сметалық қаржыландыру (көрсетiлген қызметтер мен игiлiктердiң өтеусiздiгi кезiнде) және шаруашылық есеп пен өзiн-өзi өтеу негiздерi (өтеулiгi көзiнде) болып табылады. Рынок жағдайында ұйымдардың көбiсi коммерциялық есеп негізінде көшуде — көрсетiлетiн қызметтердi сұраным бағасы бойынша сатады, өздiгiнен даму үшiн жеткілікті қорланым жасайды.

Сметалық қаржыландыру — меншiктi табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердiң шығыстарын жабу үшiн мемлекеттiк бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндiрiстiк емес мекемелердi үстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудiң көлемi, мақсатты 6ағыты және оны бөлу шығыстардың сметасымен анықталады. Сметалық тәртiппен бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерi, мемлекеттік билiктiң, мемлекеттiк басқару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерiнiң бiр бөлiгi қаржыландырылады. Бiрқатар мекемелердi сметалық қаржыландыру кезiнде шығындарды қамтамасыз етудiң қосымша көздерi пайдаланылуы, қызметтердi тұтынушылардың жарналары мен төлемдерi бағытталуы мүмкiн. Ақша қаражаттары бюджеттен қаржы бөлуге сәйкес берiледi және мекеменiң қаржы жоспарында - шығыстардың сметасында қамтып көрсетiледi, негiзгi капиталдарды, материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтердi төлеуге, жалақы беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемде шаруашылық немесе коммерциялық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кiрiс-шығыс сметасын жоспарланады және айрықша тәртiппен пайдаланады.

Сметалық қаржыландыру бюджеттiң қаражаттарын пайдалануды атаң қадағалайды, тек баптардың бслгiлi бір шеңберi тұрғысында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкіндiктер бередi. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелердi қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау қойылған.

Шаруашылық жүргiзудiң шаруашылық-коммерциялық есебi шығындарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игiлiктердi сатудан түскен түсiм-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардын қызметтерi ақыға көрсетiледi. Бұларға ақылы негiзде жұмыс iстейтiн бiлiм беру мен денсаулық сақтау мекемелерi, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бiрқатар шығармашылық мекемелерi, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдiстi коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердiң кәсiпорындары пайдаланады. Олар қызметпен байланысты әр түрлi ақшалай шығындар жасайды: игiлiктер мен қызметтердi өткiзе отырып, түсiм-ақша алады; кiрiстердiң шығыстардан асыл түсуi қорланымды құрайды.

 

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 276 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав