Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру

Читайте также:
  1. Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасы
  2. Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасы
  3. Бағдарламаның оқу әдістемелік қамтамасыз етілуі
  4. Бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру
  5. Бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру
  6. бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары
  7. Дәріс №4. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
  8. Дәріс. Қазақ тілі арнайы мектепте оқу пәні ретінде
  9. Дәріс. Қазақстан Республикасының салық құқығының негіздері
  10. Дәріс. Әлеуметтік педагогикалық менеджмент нысандарының түрлері

Оқудың түрлері екі бөлінеді: дауыстап оқу, іштен оқу.

Дауыстап оқу көбінесе І-ІІ класс оқушыларына тән болады. Іштен оқу 3 класстан-ақ басталады. Содан былай қарай, оқудың бұл көрсетілген екі түрінің екеуі де бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Балалардың дауыстап оқуы арқылы алған дағдылары іштен оқуға тасымалдана береді (ІІ-ІІ класстан бастап дауыстап оқылған материалдар іштен оқуға беріледі), ІІІ класста жаңа материалдар алдын ала дайындық жұмыстарынан кейін іштен оқуға тапсырылады. Мұнда текстің мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: текске сурет ойластыру, тақырып табу, бөлімдерге бөлу т.б. ІІІ-IV класстарда іштен оқылған текстерге балалардың түсінбегендері түрлі сұраулар қойып, жауап алу арқылы немесе текстің мазмұнын айтқызу арқылы, ткестен кейбір сөздердітапқызу арқылы т.б.с.с. тексеріледі.Оқудың бұл түрлерінің екеуінде дедұрыс оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу талаптары орындалуға тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені түсінбей, мәнерліп оқи алмайды, ал дұрыс оқымаса, түсінбейді.

Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптен оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан сақтандыру керек. Егер бала буындап қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқұға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш класс оқушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателерін топтап көрсетсек, төмендегідей:

1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқу;

2. Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар;

3. Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып (оңда-оңға,күзет-күжет т.с.с) оқиды.

Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету жолдарын ойластырады. Тәжірибелі мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстар үйымдастырады:

1. Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландырады. Мұндай жаттықтыру жұмысының түрлері әр қилы. Бірде оқулықтың өзінен әр оқушыға арнаулы тапсырмалар береді; екінші бір жағдайда карточкалар жасап, соларды әрқайсысына оқытып дағдыландырады; енді бірде дидактикалық материалдар пайдаланады т.б.

2. Осындай жұмыстарды орындау үйге де тапсырылады.

3. Қате оқыған сөздерді буынға оқытады немесе тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуды талап етеді, ол сөзге таодау жасайды, кеспе әліппеден құрастырады т.б.

4. Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады.

5. Қате оқыған жерін класста тыңдап отырғаноқушыларға түзеттіреді.

6. Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады.

7. Қаламсап қолданады. Бұл зейіндері тұрақсыз немесе көздері нашар көретін оқушылар үшін пайдалы және оқып отырған сөздерінің кітап бетінің қай жерінде екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі.

Басқа тілдерге сияқты, қазақ тілінде де орфографиялық және орфоэпиялық заңдар бар. Ол заңдар оқушыларды дұрыс сөйлету мен дұрыс оқытуда басшылыққа алынады. Ал оқущыларға жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру үшін, сөздерді тақтаға жазып көрсету қажет болғанда, олар тек орфография ережесіне сай жазылады. Мысалы, ақ ешкі. Мұндай сөздерді оқығанда ағешкі деп айту керек екенін ескертіп, мұғалім балаларды солай (ағешкі) оқытып үйретеді.

Түсініп оқу дегеніміз оқушының оқыған текстің мазмұнын анық, терең ұғынуы болып табылады. Бұл әр сөздің, сөйлемнің мағынасына түсінуден, әр бөлімді логикалық, психологиялық байланыстырудан келіп шығады. Оқығанын толық түсіну балалрдың текстегі басты ойды айыра алуларынан, оның мазмұнына өзінің көз-қарасын білдіруінен көрінеді.

Түсініп оқуда балалардың назары шығарманың идеялық мазмұнына аударылады. Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, ұғым, бейне, жоғары сезімдер пайда болады. Түсініп оқуды жүзеге асыруда алғашқы кезде балаларға жеңіл, өздері түсіне алатын, сюжетті текстер оқытылады. Оқушыларды түсініп оқуға дағдыландырудың бірінші әдісі алдын ала дайындық әңгіме өткізу. Екінші әдіс текст оқылмас бұрын бақылау, экскурсия, тәжірибе жасау жұмыстары. Үшінші әдіс түсініп оқуда қорытынды әңгіменің де тигізетін пайдасы мол.

Шығарманың идеялық мәні мен мазмұнын оқушыларға ұғындыру үшін сөздік жұмысынжүргізудің көп көмегі бар.

Сөйтіп, оқушыларға оқу техникасын игерумен бірге білім, тәрбие беру, олардың жеке басын қалыптастыру, дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру мақсаты оқығанды саналы түсінгенде ғана нәтиже бермек.

Шапшаң оқу дегеніміз - текстегі сөздерді қалай болса солай бастырмалып немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес. Бұл - оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу.

Шапшаң оқу, дұрыс оқу, түсініп оқу бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс, түсініп, белгілібір қарқынмен оқығанда ғана шапшаң оқу талабы орындалды деуге болады.

Шапшаң оқуға жаттықтыру жұмысы барлық сабақтарда да іске асырылып отырылады. Дегенмен шапшаң оқу дағдыларын бекіту үшін арнаулы уақыт бөлу қажет. Мұндай арнаулы жұмыстың түрлерінен мыналарды атауға болады:

1. Көз бен кітаптың арасындағы қашықтықты дұрыс сақтау;

2. Класста дауыстап оқыту. Мұндай жұмысты орындатқанда мұғалім оқушыларды тақтаға біртіндеп шығарып, әрқайсысынатапсырма береді де, дауыстап оқытады (кейде әрқайсысына әр түрлі текст беруге болады) баланың мүмкіндігінеқарай. Шаршаң оқу оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуіне де байланысты. Мұғалім әр баланың сөйлеу мүшелерінің қалай жетілгенін байқау үшін оқушыларға.

3. Тексті хормен де, жеке-жеке де оқытып көреді. Айтылуы қиын жаңылтпаштарды қайта-қайта айтқызып жаттықтыру әрі дұрыс оқуғв, әрі шапшаң оқуға септігін тигізеді.

4. Мәнерліп оқу дегеніміз - дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.

Оқушылар сөйлемдегі сөздердің мәнін (әсіресе, омоним сөздер), шығарманың көркемдігін және оның әсерлілігін мәнерлеп оқу арқылы байқайды.

Мәнерлеп оқу үшін әр сөздегі ойдың ара жігін ескере отырып, дауысты құбылтып, тиісті жағдайда сөздерге реңк беріп оқиды.

Мұғалім көбінесе өзі мәнерлеп оқу арқылы оны оқушыларға үйрете алады. Мәнерлеп оқуды магнитофонды кең пайдалану арқылы да үйретуге болады, және рольдеп оқығанда үйретуге болады.

Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Сөйлеушінің ашық, анық, айқын айтуы срның айтқанын ұғуға, оның әсерлі болуына ықпалын тигізеді. Дикциясында ақау болса, оны арнаулы жаттығулар арқылы түзету қажет. Дикциядағы кемшілік - сөйлеу мүшелеріне дұрыс жұмыс істете алмаудың салдары. Сондықтан да сөйлеу мүшелерінің дұрыс қызмет атқыруын қадағалау керек. Мәнерлеп оқу үшін орфоэпия заңдарын сақтап, сөз екпінін дұрыс қойып оқуға тиіс.

Мәнерлеп оқуда зор роль атқаратын - интонация. Интонация дегеніміз сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, даустың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді. Интонация мына элементтерден тұрады: сөз бен ой екпіні, сөйлеудің қарқыны, ритмі (ырғағы), пауза (кідіріс).

Көркем шығарманы мәнерлеп оқу үшін, онымен алдын ала танысып, сонан соң оқығанда ғана автордың идеясын жеткізе оқып шығуға болады. Көркем шығармада адам психологиясы жан-жақты суреттеледі. Оны өз мәнінде тыңдаушысына жеткізу үшін, мұғалім оқитын текстегі қай сөздің, сөйлемнің қандай мағынаны, қандай көңіл күйді білдіретінімен алдын ала таныс болуға тиіс.

Тексті саналы қабылдау арнайы берілетін тапсырмалар арқылы да тексерілуі мүмкін. Хабарлама сипатындағы текст үш немесе төртке бөлінеді де, араластырылады. Оқушы оны оқып, әр бөлікті жүйесімен біріктіруі тиіс. Мұны әрі тез, әрі дұрыс орындаған оқушы саналы қабылдауға жақсы дағдыланған болып есептеледі.

Екінші бір жағдайда балалар оқыған текстеріне жоспар және сол үзіндегі ат қояды. Үзінді бойынша оның бұрын өздері оқыған қандай шығармадан алынғанын айтып беру ұсынылады.

Кейбір оқушылардың оқу кемістіктерін тузету үшін олардың себептерін анықтау қажет. Мұндай кемістіктер әр түрлі болады, мысалы: зейіннің тұрақсыздығынан, зейінін шоғырландыра алмаушылық (мұндай көріністі «мойны жар бермейді» дейді), буындап оқу дағдысының қалыптаспағандығынан (көбіне әріп тастап кету құбылысы), оқушының тіл кемістігі т.б.с.с. Мұндай кемістіктерді жою барысында істелетін жұмыстар дұрыс оқу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі, оның қажетттілерін бекіте түседі.

Мәнерлеп оқи алмау саналы оқуға олақтықтан тауды, яғни демді дұрыс ала алмау немесе дикция кемістігі. Ал тексті шала ұғанудың өзі де түрлі-түрлі жағдайларға байланысты: ақыл-ой дамуының жеткіліксіздігі, сөздік қордың тапшылығы, оқушының ұқыпсыздығы т.б.

Оқушының бойында қалыптасуғы тиісті дағды мен шеберлік программа талабына сәйкес болу үшін мұғалім аталған кемістіктерді жоюға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.

 

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 180 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав