Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Фирманың қаржылық саясаты

Читайте также:
  1. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
  2. Жекешелендіру саясаты: Табиғи ресурстарға, жерге, үйге, өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасын өзгерту процесі-дұрыс осы
  3. КУРС САЯСАТЫ
  4. Мемлекеттің ақша- несие саясатын қалыптастырудың мақсаттары, міндеттері және негіздері.
  5. Мемлекеттің аймақтық саясаты
  6. Р жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттік саясаты
  7. Статистикалық талдауда пайдаланатын жоғарғы қаржылық есептеулер.
  8. Таза монополия жағдайдағы нарық баға белгілеу саясатында
  9. Экономикалық цикл фазалары. ҚР дағдарысқа қарсы саясаты

Бір орталықтан басқарылатын (басқарылуы орталықтандырылған) фирмада қаржылық саясаттың рөлі былайша анықталады: ол экономикалық қызметтің ғылыми-техникалық, материалдық-техникалық жабдықтау, өткізу - барлық жағын қамтып, көптеген сыртқы факторлардың әсерін шоғырландырмалы түрде, яғни осы әсерлерді шоғырландырып бейнелейді. Бірыңғай қаржылық саясаттың шеңберінде аса зор ауқымда қаржы ресурста-рының көздері мен олардың фирма аясында қалай бөлінетіні анықталады. Әр фирманың қаржы саясатының нақты формалары мен әдістерін пайдалануда өздерінің елеулі айырмашылығы болады. Алайда, оның жалпы белгілері мен принциптерін сондай-ақ қаржылық саясаттың құралдарын айта кетуге болады. Олардың ішіндегі маңыздылары:

- пайданы бөлу және қайта бөлу;

- әр түрлі бөлімшелердің қызметін қаржыландыру және
несиелеңдіру. Яғни, бөлімшелерге өз қызметін жүзеге
асыру үшін қаржы және несие беру;

- фирма ішіндегі каржылық операциялардың және осы
операциялар есебінің құрылымы мен сипатын анықтау.

ҰАК (ТНК) (ұлтаралық корпорация) қаржылық саясатының икемділігі мынада: оның орталықтандырылған түріңде (қалыптасуына) ол әрбір қабылдаушы (алушы жақ) елдің және орналастырушы (беруші жақ) елдің (страны базирования) ақша нарығындағы ерекшеліктеріне қарай сараланады:

- осы елдердің салық заңдары мен валюталық реттеуі;

- валюталық-каржы жағдайы және олардағы валюталық
бағамның динамикасы.

Қаржы саясатын жасауда фирма ішіндегі қаржы ағымын реттеу үлкен рөл атқарады.

Пайданы шоғырландырып (бір орынға жинақтап) ұстау принципі әлдеқайда икемділік танытады әрі тұтастай нарықтың нақты жағдайына қаржы саясатының жақсы бейімделуін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда фирма пайданы барлық еншілес компанияларға аударуда бір ғана ережені ұстанбайды.

Қаржы саясатының маңызды құралына ҰАК-ның барлық бөлімшелерін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жатады. Фирманың ішкі қаражаты да, қаржыландырудың сыртқы көзінен алынған қаражат та оның қаражат көзі (источник) бола алады.

Қаржыландырудың ішкі көзі амортизациялық аударымдарды белінбеген табысты шоғырландыру жолымен, сондай-ақ карыз және несие алу арқылы калыптасады.Қаржыландырудың сыртқы көзі - бұл коммерциялық банктерден, арнайы қаржы мекемелерінен (даму агенттіктері, қорлар және т.б.), халықаралық қаржы ұйымдарынан, акцияларды сатудан алынған несие және қарыз.

Фирманың қаржы көздеріне қатысты қаржылық саясатты әзірлеу барысында әр түрлі принциптер мен бағыттар пайдаланылады:

- ішкі қаржыландыру көздерін ең көп шамада пайдалану
(өзін-өзі қаржыландыру);

- орналастырушы елден (страна базирования) алынған
қаражатты шектеу және қабылдаушы елдің негізінде
қарыз түрінде алынған қаржы ресурстарын барынша
көбейтуге талпыну;

- қабылдаушы елдің өз ішінде әр түрлі қаржы көздерін ең
көп шамада пайдалану және халықаралық банктерден
қарызға қаражат алу;

- Ішкі фирмалық қаржыландырудың маңызды аспектісі -
қаржыландырудың (қарыз немесе несие), оның көздері
мен шартгарының сипатын анықтау.

Фирма ішіндегі қаржылық қызметте ілік-шатыс, яғни іліктес немесе сабақтас (родственным) компаниялар ұсынған қарыз және несие бойынша төлемдердің, лицензия, техникалық және басқа қызметтер бойынша төлемдердің деңгейін анықтау елеулі рөл атқарады.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 94 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав