Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Паразиттердің систематикасы

Читайте также:
  1. Паразиттердің иесіне ену жолдары
  2. Паразиттердің пайда болу жолдары. (эктопаразиттердің, эндопаразиттердің және қанды паразиттердің).
  3. Паразиттердің сыртқы ортамен қарым-қатынасы.
  4. Паразиттердің экологиясы

Паразитология — паразитизм құбылысын, паразиттер биологиясын, экологиясын және олардың тудыратын ауруларын, паразиттермен күрес шараларын зерттейтін кешенді биологиялық ғылым.Паразитизм (паразиттік тіршілік ету) биотикалық байланыстардың бірі болып табылады, ол бір ағзаның (паразит) екінші бір ағзаны (иесін) баспана, қорек ретінде пайдаланып зиян кел-тіруі.Медициналық паразитология адам паразиттерін зерттейтін жалпы паразитология ғылымының бір саласы. Ол, сол сияқты, паразиттерге қарсы күрес шараларын, паразиттер тудыратын ауруларды анықтау, емдеу және алдын алу шараларын да зерттейді.Буынаяқтылар типінің көптеген өкілдері адам ауруларынын қоздырғыштары, таратушылары, аралық иелерінде және табиғи резервуарлары болын табылады.Буынаяқтылар жоғары сатылы омыртқасыз жануарлар болып, оларға 1,0—1,5 миллиондай түрлер топтастырылады.Буынаяктылардың денесі буылтықтарға бөлінген. Буылтық-тары бір-бірімен кірігіп дене бөлімдерін - бас, көкірек, құрсақ пайда етеді.Буынаяқтылардың аяқтары да буылтыктардан тұрады. Аяқ-тарының қызметі түрліше — олар тек қана қозғалу қызметін атқарып қоймай, сол сиякты сезу, ауыз аппараты, қорғаныс және шабуылдау қызметгерін де атқарады.Денесі хитин кабатымен қапталған. Хитин сыртқы қаңқа, қорғаныс кызметерін аткарацы. Бұлшықеттері көлденең жолақы болып күшті және әр түрлі қимыл-қозғалыстарды камтамасыз етеді.Дене қуысы аралас немесе миксоцель күйінде. Эмбриогенез барысында бірінші болып алғашқы дене қуысы қалыптасады, сосын соңғы дене қуысы пайда болады, бірақ алғашқы дене қуысы толық жойылмай шамалы белігі болса да сақталынып қалады. Мұндай дене қуысын аралас дене қуысы деп атайды.Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes.Бұл типке 7300-ге жуық түрлер жатады. Олар теңіздерде, тұщы суларда, топырақта кездеседі. Көпшілігі паразиттік тіршілік етуге көшкен. Жалпақ құрттар типі 3 класқа бөлінеді. 1. Кірпікшелі құрттар 2. Сорғыштар класы 3. Таспа құрттар класы. Адам паразиттері соңғы екі класқа кіреді, сондықтан да біз енді соларға тоқталамыз. Сорғыштар класы – Trematode.Бұл класқа 3000 ға жуық түрлер жатады, олардың бәрі де паразиттер болып саналады. Бұлардың денесі жалпақ, жапырақ тәрізді болып, өлшемі 2-ден 800мм дейін жетеді. Денесі тері – бұлшықет жапқышпен қапталған. Ол сыртқы қабаттан – тегумент және 3 қабаты (сақиналы, диагональ, ұзына бойына орналасқан) біркелкі салалы бұлшықеттен құралған.Сорғыштар класының ерекше белгісінің бірі – иесінің денесіне бекінуге және көректік затты соруға арналған ерекше сорғыштарының болуы. Әдетте, 2 сорғышы болады – ауыз сорғышы және құрсақ сорғышы. Ауыз сорғышы дененің алдынғы жағында орналасады және ол ауыз тесігімен байланысқан, ал құрсақ сорғышы дененің құрсақ бетінде орналасып бекіну қызметін атқарады.тудыратын аурулары трематоздар.

 

14. Паразитологияның дамуындағы ғалымдардың үлесі: Павловский Е.Н.

Қарқынды дамып келе жатқан ауыл шаруашылық, балық шаруашылық, ветеринарлық,медициналық өндірістік қажеттіліке байланысты XVIIғасырдың 2 жартысында Ресейде адамның,жануарлардың,өсімдіктердің паразит организмдер туралы ғылыми мәліметтер пайда бола бастады және паразитологияның ғылыми ретінде қалыптасу мен дамуында жүреді.Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің паразиттерің, олардың туғызатын ауруларын, эпизоотологиялық жағдайларын зерттеуде ғалымдардың қосқан үлесі өте зор.Ғалымдардың ұзақ жылдар бойы жүргізіп келген көптеген зертеулерімен, тәжірбиелердің теориялық жетістіктерінің нәтижесінде паразитология ғылымының жеке салалары өркендеп дами бастады.Арахно-энтомология ілімі негізін салушылардың бірі- көрнекті ғалым Павловский Е.Н 1884-1965ж.Академик Павловский Е.Н транмиссивтіаурудың табиғи ошағы теориясын ұсынып, адам мен үй жануарларының осы аурулармен күресудің ғылымми негізін жасады.Негізгі ғылыми еңбектері және жалпы және жеке парзитология, әсіресе арохнология мәселелеріне арналған. Павловский Е.Н адам, мал аурулары қоздырғыштарын тасымалдайтын эктопаразиттердің фаунасын, биологиясы мен экологиясын зертеді,кене арқылы жұғатын энцефалит, шіркей арқылы жұғатын қызба, лейшманоз сияқты паразиттік және транмиссивтің ауруларды зерттеген, сөйтіп ол паразитология және энтомология мектебінің негізін салды. Павловский Е.Н Қазақстанға жіберілген архно-энтомология экспедицияларға басшылық етті.Оның ұсынысы мен Қазақстан паразитологтарының қоғамы құырлып, Қазақстан мен Орта Азия республикаларында аурулардың табиғи және паразитология мәселелеріне арналған конференциялар өткізілді.

 




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 81 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав