Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Алтын стандарт жүйесі

Читайте также:
  1. B. стандартизированные и нестандартизированные
  2. Ан жүйесі
  3. АНАЛИТИЧЕСКИЙ УМ И СТАНДАРТНЫЕ БАНКИ ПАМЯТИ
  4. Анкета эмитента, которая должна быть составлена по форме согласно приложению 2 (1) к Стандартам;
  5. Арифметические выражения, арифметические операции, стандартные арифметические функции. Оператор присваивания.
  6. Ас қорыту жүйесі
  7. Ас қорыту жүйесі
  8. Ассортимент изделий с учетом рассмотренной стандартной классификации следующий.
  9. Аудиторские стандарты, их роль в аудиторской деятельности.
  10. Аудиторские стандарты. Национальные и международные. Внутрифирменные аудиторские стандарты

Алғашқы әлемдік валюталық жүйе XІX ғасырда өнеркәсіптік революция алтын монометаллизм негізінде алтын монеталық стандарт түрінде қалыптасты. Құқықтық жағынан ол 1867 жылы Париж конференциясында мемлекет аралық келісіммен рәсімделінді. Бұнда алтынды әлемдік ақшаның жалғыз формасы деп санады.

Париж валюталық жүйесі келесі құрылымдық принциптерге негізделді.

Оның негізі алтын-валюталық стандарт болды.

Әрбір валютаның алтын мазмұны бар болуы тиіс. Олардың алтын мазмұнына қарай алтын паритеттері анықталды. Валюталар алтынға еркін айналды. Алтын көп мойындаған әлемдік ақша болып саналды.

Рыноктық сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, еркін жүзетін курс режимі орнатылды, бірақ алтын нүктелер шегінде. Егер валютаның рыноктық курсы алтын паритетінен төмен болса борышкерлер алтынмен есеп айырысуды жөн көрді.

Алтын стандарт өндірістің, сыртқы экономикалық қатынастардың, ақша айналысының, төлем балансының, халықаралық есеп айырысулардың реттеуші ролін атқарды. Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін, валюталық курс пен төлем баланыс жайғастырудың рыноктық механизмі әрекет еткен кезде тиімді болды. Төлем балансы тапшылықты елдер дефляциялық саясат жүргізулері, алтынның шетелге кету жағдайында айналымдағы ақша массасын шектеуге тиіс болды.

Халықаралық есеп айырысу осы жағдайларда негізінен ауыстырылатын весксельдерді қолдану арқылы жүргізілді. Алтын тек елдің халықаралық есеп айырысу балансының пассивті қалдығын төлеу үшін жүзеге асырылды. XІX ғасырдың алтынның ақша массасындағы және міндетті резервтегі үлесі азая бастады. Алтын монеталық стандарттың реттеуші механизмі экономикалық дағдарыстар кезінде қызметін тоқтата бастады. Біртіндеп алтын стандарт өсіп отырған шаруашылық байланыстарға және реттелетін рыноктық экономика жағдайларына сәйкес келмеді. Соғыс басталысымен соғысқан елдерде орталық банктері банкноттарды алтынға айырбастауды доғарып, оларды әскери шығындарды жабу үшін көбірек шығара бастады.

Дүниежүзілік соғыстан кейінгі валюталық ретсіздік кезеңінен кейін алтынның өзіне және алтынға айырбасталатын жетекші валютаға негізделген алтын-девиздік стандарт бекітілді. Халықаралық есеп айырысуға бағытталған шетел валютасындағы девиздер деп аталды.

Екінші валюталық жүйе 1922 жылы Генуя халықаралық экономикалық конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен рәсімделді.

Генуя валюталық жүйесі келесі қағидалар негізінде қызмет етті:

Оның негізі алтын және девиз-шетел валюталары болды. Сол кезде 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз стандартына негізделді. Ұлттық несиелік ақша халықаралық төлем-резервтік қрал ретінде қолданылды.

Ақша паритеті сақталған. Валюталалрдың алтынға конверсиясы тікелей ғана емес, шетелдік валюта арқылы жанама түрде де жүреді.

Еркін валюталық курстар режимі бекітілді.

Валюталық реттеу белсенді валюталық саясат, халықаралық конференциялар формасында жүзеге асырылды.

1922-1928 жылдары салыстырмалы түрде валюталық тұрақтандыру басталды. Оның әлсіздігі төмендегі жағдайларға байланысты болды.

Алтын сонеталық стандарт орнына ақша және валюталық жүйедегі шектелген алтын монометализм формалары енгізілді.

Валюта тұрақтандыру процесі бірнеше жылға созылды.

Валютаны тұрақтандыру шетел несиелері көмегімен жүргізілді.

Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
- несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.

Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылдаған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметализм және монометализм болып бөлінеді.

Биметализм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша – қос металды валюта, онда екі металдан да көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.

Биметализм үш түрі болған:

Қатар жүретін валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталардың арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.

Қос валюталы жүйе – онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.

“Қосалқы” валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүрді.

Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XYI – XYII ғғ. пайда болып, тіпті XIX ғ. Аяғына дейін кең қолданылады. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездеседі. Дегенмен 1865 ж Франция, Бельгия, Швицария және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында өзара келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865-1878жж.) Латын монеталық одағы конвециясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасы 1:15,5 тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек бір ғана тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса XIX ғ. аяқ шенінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғадықтан алтын монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақшаның айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңында айтылған “жаман ақша жақсы ақшаны айналыстан ығыстырады” деген қағиданың өмірдегі көрінісі.

Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келеді.

Монометаллизм - ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталады. Күміс монометаллизм Үндістанда 1852-1893 жж., Голландияда 1847-1875 жж., Ресейде 1843-1752 жж. қолданылады.

Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839-1843 жж. жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептеледі. Сонымен қатар айналысқа күміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске ұшыраған ақша айналысын түбегейлі ретке келтіре алмады. Оған қоса, 1853-1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығрылды, іс-жүзінде олар қағаз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизмнің орнына алтын монометаллизмі келді.

Алғашқыда алтын монометаллизмі ақша жүйесі ретінде XVIII ғ. аяғында Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816 ж. Заң жүзінде бекітілді. Ал басқа мемлекеттердің көпшілігінде XIX ғ. соңғы үштігінде: яғни Германияда – 1871-1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) -1873 ж., Францияда – 1876-1878 жж., Австралияда 1892ж., Ресей және Жапонияда – 1897 ж., АҚШ-та 1900 ж. енгізілді.

Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын монометаллизмінің үш түрі болады.

Алтын монеталы стандарт – оған негізгі төмендегі белгілері тән:

елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін атқарады;

алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;

айналымдағы несие ақшалары (банкнота, майда монеалл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталарға айырбасталады;

алтынды, шетел валютасын елден еркін алып шығұға және елге әкелуге, сондай-ақ алтын нарығының еркін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капиталды шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде де, сыртқы сауда да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.

Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығынарттырады. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан әлде қайда асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды (несие ақшаларын) алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарты соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды. Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып,алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығып, қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.

Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын құймасының белгілі бір салмағына айырбасталады. Мысалы, Ұлыбританияда салмағы 12,4 кг стандартты құйма 1700 фунт стерлинг, ал Францияда 12,7 кг – 2105 мың франкке теңгерілді.

Алтын девизді (алтын валюталы) стандарт – ол банкнотаның девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияд, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Бұл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айна лыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алтын девизді ақша жүретін елдердің алтынмен байланысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын бір қалыпта сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның курсының төмендендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына тәуелді болды.

1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездері алтын монометаллизімінің барлық формасы жойылды. Мысалы, Ұлыбританияда -1931 ж., АҚШ-та 1933, Францияда 1936 ж.1944 ж. Бреттон-Вудсте құрылған Халықаралық валюта жүйесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын долларлы стандартты бекітті. Оның ерекшелігі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтынмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт тек орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана бекітілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. бастап алтын құмайларын долларға сатуды тоқтатты, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты. 1976-1978 жж. Ямайка Халықаралық валюта жүйесі алтынның айналыстан шығуын заң жүзінде бекітті. Ақша өлшемдерінің алтын құрамы және алтынның ресми бағасы қойылды. Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері арсындағы есеп айырысудан да алтын алынып тасталды. Сөйтіп бүкіл мемлекеттерде алтынға айырбасталмайтын несие ақшалары жүйесі орнықты.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 262 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав