Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Төлем құралдары

Читайте также:
  1. Реттік төлемдердің арасында белгілі бір жылдар бойына бірдей интервалмен жасалынатын бір бағыттағы төлемдер легі
  2. Тақырып 1 Кедендік төлемдер жүйесіндегі кедендік салык.
  3. Тақырып 10. Кедендік баждарды төлеуден босатылу тәртібі мен жағдайлары. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктер.
  4. Тақырып. Төлем балансы Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы

Жоспар:

1. ҚР-да қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі.

2. Банкаралық есеп айырысу және оларды жүзеге асыру тәртібі.

Глосарий:

Төлем жүргізу мерзімі -бұл қарапайым төлемдер мен ағымдағы төлемдер.

Банкішілік төлемдер-бұл кездейсоқ кездесетін, яғни бір банкте төлемші мен алушы тұлғаларға қызмет көрсетілген жағдайлар.

Филиаларалық төлемдер -төлеушілер мен алушыларға бір коммерциялық банктің бірынғай корреспонденттік шот негізінде жүмыс жасайтын әр түрлі филиалдарда қызмет көрсетіледі.

Банкаралық төлемдер-бұл әртүрлі банктердің төлеуші мен алушыға бірдей қызмет көрсетуі.

Қарапайым төлем-бұл Ұлттық банктің операциялық күнінің есеп айырысудан кейін түсетін төлемдері.

Кассалық операция- бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сортту, орау, және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді.

Корреспонденттік шот- бұл коммерциялық банктердің өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкісінде және банктердің бір-бірінде ашатын шоты.

Инкассалық өкім- заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтуші келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланатын төлем құжаты.

Чекпен есеп айырысу- тауар жөнлтуші, тауарын жөнелтпей тұрып төлемнің кепілдік құжатын қолына алады, сатып алушы ақшаны қолына алған тауар үшін немесе істелінген қызмет үшін төлейді.

Кепілдендірілмеген чек- чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек.

Кепілденген чек- чек берушінің банкідегі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші бактің беретін кепілін көрсететін чек.

Қамтамасыз етілген чек- банкке алдын-ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек.

Қамтамасыз етілмеген чек- депозитпен қамтамасыз етілмеген чек.

Дәріс мазмұны:

1.Төлем және ақша аударымдары туралы заңды басшылыққа ала отырып 1998 жылы 29 маусымда қабылданған төлем және ақша аударымдары туралы заңға сәйкес: толем –қолма –қол ақшаларды қолданумен немесе олардың көмегінсіз ақша аударымдары анықталады, я болмаса ақшалай міндеттемелері жинақталған төлем құжатын шығару анықтайды,жүзеге асатын ақшалай міндеттемелердін орындалуы.

Төлем жүргізудің мерзімімен орындалу орнына қарай 3 кезенге бөлінеді.

1.Төлемнің банктік шотынан ақшалай қаражаттарды алу.

2.Төлемнің банктегі корреспонденттік шотынан алушының корреспонденттік шотына қаражаттарды аудару.

3.Төлем алушы шотына қаражаттарды аудару.

ҚР-ң қолма –қолсыз төлем белгілеріне мыналар жатады.

-төлемші банкпен алымшы банктерінің орналасу орнына қарай.

-төлем жүргізу мерзімі бойынша.

Төлемші банкпен алушы банктың орналасу орнына қарай былай бөлінеді:

1.Банк Игілік

2. Филиал аралық

3. Банк аралық

Төлем жүргізу мерзімі-бүл қарапайым төлемдер мен ағымдағы төлемдер.

Банкішілік төлемдер-бұл кездейсоқ кездесетін,яғни бір банкте төлемші мен алушы тұлғаларға қызмет көрсетілген жағдайлар. Бұл жағдайда төлем бір есеп айырысу шотынан басқа бір алушыға қаражат аударымын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

Филиаларалық төлемдер -төлеушілер мен алушыларға бір коммерциялық банктың бірінғай корреспонденттік шот негізінде жүмыс жасайтын әр түрлі филиалдарда қызмет көрсетіледі.

Банкаралық төлемдер-бұл әр түрлі банктерді төлемші мен алушыға бірдей қызмет көрсету.

Қарапайым төлемдер-осы күнге дейін негізгі төлем түрі болып келеді.

Қарапайым төлем-бұл Ұлттық банктің операциялық күнінің есеп айырысудан кейін түсетін төлемдері.Төлем жүйесінің негізгі пайдаланушылар болып екінші денгейлі банктермен олардың клиенттері болып табылады.Олардың өзге төлем жүйесін қолданушылар қатарына банктік емес қаржы ұтымдары жатады.Мысалы:Қазақстандық орталықтандырылған банкаралық қаржылық валюталық биржа,қазына департаменті және оның аймақтық органдарын жатқызуға болады.екінші деңгейлі банктердін корреспонденттік шоты бойынша негізгі операциялар төлем жүйесінің орталық звеносы Ұлттық банкінің ақпараттандыру департаменті жүзеге асырылады.Төлем жүйесінің басқа да маңызды элементі болып Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы болып табылады.

2. Коммерциялық банктердің және олардың филлиалдарының пайда болуы экономикада өзара бөлімдерінің бір – бірімен байланыс орнатуды, яғни корреспонденттік жүйені қолдауды қажет етті. Корреспонденттік қарым – қатынас корреспондент банктер арасындағы бір – біріне сенім арқылы банктік тапсырыстарды орындайды. Банкаралық есеп айырысулар соңғы кезге дейін филиал аралық жүйе бойынша өткізіліп отырылды. Банкаралық есеп айырысулар банктер арасындағы қарым – қатынас түрлерінің бірі бола тұрып, банк клиенттің басқа банктерде ашылған шоттарына ақша құралдарын аудару банктердің жеке операциялары бойынша тапсырыстарды орындаумен байланысты. Банкаралық есеп айырысулардың бұл жүйесі есептік кассалық орталықтағы,орталық банктердің мекемелерді ашылған коммерциялық банктердің корреспонденттік шоттары арқылы сондай – ақ банктердің тікелей корреспонденттік келісімдер негізінде ашылған корреспонденттік шоттары арқылы төлемдерді жүзеге асыруға негізделеді.

Коммерциялық банктерге корреспонденттік шоттар есептік кассалық орталықтарының комерциялық банк орналасқан жерінде ашылады. әрбір коммерциялық банкке есептік – кассалық орталықтан тек бір ғана корреспонденттік шот ашылады. Есептік кассалық орталықтағы коммерциялық банктердің (филлиалдарының) корреспонденттік шоттағы төлемдер корреспонденттік шоттағы қалдық шегінде жүзеге асырылады, банктің төлем тапсырмасы арқылы алынады.

ҚР – ғы екінші деңгейдегі банктер өздерінің кассалық операцияларын 1999ж. 15 қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен бекітілген «ҚР – ң екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу» ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Осы ережеге сәйкес кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді. Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма – қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлімшелер болуы тиіс:

Кіріс кассасы;

Шығыс кассасы;

Кіріс – шығыс кассалары;

Қайта санау кассасы;

Кешкі касса;

Сыртқа шығатын касса.

Банк кассасына клиенттарден қолма – қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу мынадай кіріс кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі.

Қолма – қол ақшаны салатындығының хабарламасы.

Кіріс – кассалық ордер бойынша.

Кассадағы қолма – қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалыққұжатты толтырады және оған қосымша кассаға өткізілетін банкнота мен монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай – ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді. Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжатынанң дұрыс толтырылғанын тексереді де, құжаттарды бақылаушы бухгалтерге тапсырады.Ол бұл құжатта көрсетілген соманы кассалық журналға жазады. Бақылаушы бухгалтер,кассалық құжатты алған соң онда операциондық жұмыскердің қолы қойлған үлгімен салыстырып, қолма – қол ақшаны сату туралы хабарламалардағы санмен жазбаша түрінде көрсетілген соманың сәйкестігін тексеріп, қолын қояды да, кіріс кассалық құжатты кассирге тапсырады.

Шаруашылығы өнімді жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың жүзеге асырылуы барысында банктер арасында өзара есеп айырысулар туындайды. Банкаралық есеп айырысулар егер де төлеуші мен қаражат алушы әртүрлі банкте қызмет көрсетілген жағдайда туындайды, мұндай есеп айырысулар бүгінгі күні корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылады.

Нарық экономикасына өтуге байланысты, яғни көптеген дербес коммерциялық банктердің құрылып, жұмыс жасауына байланысты банкаралық есеп айырысу жүйесі толық өзгеріске ұшырады. Бұл өзгеріс банктер арасында өзара корреспонденттік қатынасқа түсуге әкелді. Қазіргі уақытта корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай 2 варианты бар:

– вариант. Орталықтандырылмаған, яғни коммерциялық банктің бір – бірімен корреспонденттік қатынасқа орнатуы негізінде.

– вариант. Орталықтандырылмаған, яғни коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысулар Ұлттық банктегі, яғни Қазақстан Банкаралық есеп айырсу орталығында ашылған корреспонденттік шоттары негізінде жүргізіледі.

Корреспонденттік шот – бұл коммерциялық банктің өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде және банктің бір – бірінде ашатын шоты. Корреспонденттік шотта банктің меншікті қаражаттары және оның клиентінің несиелік халықаралық және кассалық қызмет көрсетуіне байланысты операциялары көрсетіледі. Мыналар жатады:

Банк клиентінің ақшалай қаражатына аудару және есептеу;

Банк клиентінің бюджет пен зейнетақы қорларымен және басқа да ұйымдармен есеп айырысу;

Клиенттерге қолма – қол ақша беру және қабылдау;

Банкаралық займдар және депозиттер, бағалы қағаздар;

Ұлттық банкпен кассалық операциялар;

Депозиттік шоттар бойынша пайыздар төлеу.

Корреспонденттік шотты ашу үшін банктер мынадай құжаттарды Ұлттық банкке табыс етеді:

Корреспонденттік шот ашуы туралы өтініш;

Банк жарғысының көшірмесі;

Банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензияның көшірмесі;

Қолдары мен мөрінің үлгісі бар карточка(нотариалды куәландырылған).

Ұсынылатын әдебиеттер:

Тақырыбы: Төлем жасау әдістері

Жоспар:

1. Ірі төлемдердің аударымдар жүйесі.

2. Бөлшек төлемдер жүйесі.

3. Ақшалай қаражаттар аударымының электрондық жүйесі.

4. ҚР төлем жүйесінің даму

Глосарий:

Кредиттік аударым- ірі төлемдер жүйесіне төлем құжаттарын төлеуші еңгізетін ақша қаражаттарын аудару түрі.

Электрондық төлем- бір қолданушының екінші қолданушының есебіне ақша қаражаттарын аудару талабы.

Клиринг- заңды және жеке тұлғалардың тауары немесе бағалы қағазы үшін өзіндік талаптармен міндеттемелерінің сынағында негізделген қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі.

Банкаралық клиринг- көп жақты негізде жүргізілетін өзара сынақтағы міндеттемелердің жүйесі болып табылады.

Екі жақты және қос сынақ- екі бірдей жақтардың арасында өтетін сынақ.

Дәріс мазмұны:

1.Ірі төлемдер жүйесінің ҚР-ң банкаралық есеп айырысу орталығы банкаралық есеп айырысу механизмін ұсынды,ол қолданушылардың жоғары прият-к төлемдерін аударуды жүзеге асырады.Жоғары прияритетті төлем –бұл орындау мерзімі бірінші орында тұратын төлем, негізінен ол несие ресурстары, капитал және шеттел валюта нарығындағы банкаралық нарық операцияларымен байланысты төлемдер.

Қазақстандық банкаралық емес айырысу орталыгынын ірі төлемдер жүйесін қолданушылар келісім жасаған банктермен немесе банктік емес қаржылық ұйымдармен тығыз байланысты.Әрбір ірі төлемдер жүйесін қолданушыларға оларды қолдану арасында электрондық төлемдерінің орындалуы үшін корреспонденттік шот ашылады.Банктер және банктік емес қаржылық ұйымдар қолданушы стасусын келісім шартқа отырғаннаң кейін иеленеді.

Ірі төлемдер жүйесін қызметін қолдану туралы келісім –шарт жасау үшін банк немесе банктік емес қаржылық ұйымдар келесі құжаттарды береді:

1.Ірі төлемдер жүйесіне қосылу үшін арыз.

2.Қолданушының жарлығымен банктік операцияларды жүргізу лицензиясының нотариалды куәландыырылған көшірмелері.

3.Ірі төлемдер жүйесіне қатысу туралы Ұлттық банктін келісімі.

ҚР-ы банкаралық есеп айырысу орталығында төлем жүйесінін негізгі құралы электрондық толемдер болып табылады.Ірі толемдер жүйесіндегі электрондық дегеніміз –бір қолданушыладын екінші қолданушынын есебіне ақша қаражаттарын туралы аудару табылады,ол ірі толемдер жүйесіне белгілі-бір келісім шарт және б елгілі бір тәртіпке сәйкес электрондық тәсілмен жүзеге асады.Ірі төлемдер жүйесіндегі кредиттік аударым дегеніміз-ірі төлемдер жүйесіне төлем құжаттарын толеуші енгізетін ақша қаражаттарын аудару түрі.Дебиттік аударымда ірі төлемдер жүйесіне төлем құжаттарын қолданушы,алушы еңгізетін ақша қаражаттарын аудару болып табылады.Ірі төлемдер жүйесінде кредиттік төлемдемелер ешқандай шектеусіз жүзеге асырылады.Дебиттік аударымдар тек қолданушы төлеушілердін алдын- ала берілген келісімімен және ол сәйкес түрде жазбаша келісім негізінде мүмкін болады.Берілген келісімінің көшірмесі Қазақстандағы банк аралық есеп айырысу орталығының қолданушысынының кесісім шартына салынуы керек.Бас банк пен оның филиалдары арасындағы аударымдар,сондай –ақ ҚР-ң заңымен қарастырылған дебиттік аударымдар қолданушы төлеушінің келісімінсіз-ақ жүргізіле береді.

2. Төлем жүйесі нарықтық экономикадағы ақша аударымдары үшін техникалық механизмдерімен мекемелерінің ережелер қатарына тұратын қаржы несие жүйесінің бір бөлігі. Тұрақты және жылдам әрекет ететін төлем жүйесі халық шаруашылық бөлімдерінің экономикалық институттардың және жеке шаруашылық субъектілерінің қажетті құралы болып табылады. Дүниежүзінде көптеген төлем жүйесінің ұйымдық құрылысының нұсқалары әрекет етеді. Оның ішінде: орталық банкке толығымен жататын және басқарылатын жүйе коммерциялық құрылымға толығымен жататын және басқарылатын жүйе. КСРО-ның күйреуінен кейін Қазақстанда қауіп қатерсіз және сенімділігімен айрықшаланатын төменгі тәуекелділікпен дүниежүзілік стандартқа сай келетін банк жүйесіндегі реформалауды жаңа төлем жүйесін еңгізу қажеттілігі туындайды. Ағымдағы жағдайды талқылаудан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаулысымен 1995ж 30 желтоқсанынан бастап Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығын құру шешімі қабылданды. Қазақстандағы банкаралық есеп айырысу орталығы Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің орталық банктегі құзыретті органы болып табылады. Оның құрамына банкаралық ақша аударым жүйесі бөлшек төлем жүйесі және оған қоса банкаралық клиринг және ұлттық клиринг, виза жүйесі жатады.

Есеп айырысуда клирингтік формалардың мәні келесідей.

Клиринг – бұл заңды және жеке тұлғалардың тауары (қызметі) немесе бағалы қағазы үшін өзіндік талаптармен міндеттемелерінің сынағында негізделген қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі. Жалпы айтқанда клиринг дегеніміз - өзіндік талаптармен міндеттемелер және айналымдағы қаражаттарға қажеттілікті төмендеті және төлемдерді айырбастау, жеңілдету мақсатында қолданушы банктердің сынағына негізделген тауар және қызмет үшін қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі. Негізінен есеп айырысулар төлемдер бойынша овалдық және таза негізде жүзеге асырылады. 1-ші жағдайда есеп айрысу әрбір шарт бойынша бөлек орындалады. Ал 2-ші жағдайда төлемге қатысатын банктер клирингтің белгілі-бір уақыт мерзімінде талаптармен міндеттемелердің жиналуына мүмкіндік береді. Берілген мерзім соңында есеп айырысу өзара сынақталған міндеттемелер бойынша жүргізіледі. Мұндай өзара сынақта кредиторлық және дебиторлық қарыз саласы екі жақтың арасында және үшінші және оданда көп жақтардың арасында болуы мүмкін.

Клиринг және банкаралық есеп айырысудағы басқаруда екі банктің жалпы төлемдері үлкен көлемді болса, онда олар келісімді екі жақты негізде жүргізеді. Яғни банктер жіберілген және қабылданған төлем тапсырманың таза сомасының есебі өзара сынағы туралы және төлемнің таза құны бойынша өзара есеп айырысудың белгілі бір уақытта орындалуы туралы келісіп алады. Бұл процесті екі жақты өзара сынақ деп атайды. Егер процесте үш және одан да көп қатысушы банк болса, онда бұл көп жақты өзара сынақ болып табылады. Өзара өтеуде қатысатын топ агенті цикл сонында клиринг жүйесінің әрбір мүшесіне басқа банктердің оларға жіберген және жүйенің басқа қатысушылары қабылдаған төлемдерді есепке ала отырып, таза позиция құрады. Өзара сынақ аяқталған соң барлық қатысушылардың міндеттемелерінің сомасы 0-ге тең болуы керек.

Клиринг жүйесінде қатысушылардың өзара міндеттерінің тіркеу функцияларын белгілі бір уақытта немесе орында төлем құралдарын айырбастау туралы банкаралық формальді немесе формальді емес келісім-шартты клиринг палатасы орындайды. Клиринг палатасының банк мүшелерінің төлем құралдарын қағаз немесе электронды түрде айырбастауға құқылы. Айырбастау кезінде қалған қалдық төленуі керек. Есеп агенті клиринг бойынша соңғы есеп айырысуға қатысады. Берілген агенттердің рөлі – бұл өзара сынақ процесінде нетто дебитордан есеп айырысу бойынша төлемдерді алып, оны нетто- кредитордың шотына аудару есеп агенті басқа да банктік операцияларды орындай алады. Мысалы: есеп айырысуды қаржыландыру үшін несиелер беру және есеп айырысу бойынша мендеттемелерді қамтамасыз ету үшін кепілдікті сақтау. Есеп агенті клиринг палатасының мүшелерімен тағайындайды немесе сайланады. Клиринг жүйесінің қатысушы жақтар өзара сынақ процесінде клиринг сеансы деп аталады. Ол клиринг палатасымен күнде алдын-ала бекітілген уақытта бірнеше рет өткізіледі және палатаның әрбір мүшесіне ағымдық немесе қорытынды сальдоны есептеу үшін қызмет етеді. Қатысушылар клирингі 17ғасырда шарт санының өсуі және соған сәйкес ақпараттар көлемінің ұлғаюы себеп болады. Содан соң клиринг шетелдерден тауар, қор нарығында әсіресе банктік сферада кең етек жайды. Клирингтегі төлем концентрациясы айналымдағы төлем балансын және жалпы саласын төмендетеді, қолма-қолсыз айналым сферасын ұлғайтады және онымен басқаруды жеңілдетеді. Клирингпен есеп айрысу жеңілдетіледі. Қолма-қолсыз ақша сақталады және осының есебінен есеп айырысу қатысушыларының табыстығымен дәрежесі өседі. Банк сферасындағы клиринг ел ішінде елдер арасында жүргізуі мүмкін елдерде коммерциялық банктерге өздеріне клиринг баланстарын резервтік талаппен орындау үшін орталық банкте қолдануға рұқсат етілген коммерциялық банктерге қолайлы.

Банкаралық клирингтік ұйымдарды әрбір елде банк жүйесінің дамуының тарихи ерекшеліктеріне оның құрылу модельдеріне банк ісінің инезентрациялау және орталықтандырулы дәреже немесе орталық банктің ақшамен саясатына байланысты. Банкаралық клиринг көп жақты негізде жүрген өзара сынақтағы жүйесі болып табылатын жүйе алдын ала қаражаттың салымынсыз жұмыс істейді. Мұны қолданушалар Ұлттық банк, қаржылық қазынашылық министрлігі, дәрежесі банктер облыстық клиринг палаталар болып табылады. Осы күні 53 қолданушалар енгізіліп, жұмыс істеуде.

3.Ірі төлемдер жүйесінде маңызды орынды электрондық төлемдер алады. Бұл жүйе халықтың қаржылық ө/п үшін ерекше мүмкіндіктер мен қызметтерді ұсынады. Мысалы: халықтың банктік операциялар үшін ақпараттарды, өндірістің стандартты электрондық жүйесі, оқыту, семинар және т.б. Сонымен қатар, банктер электрондық жүйе арқылы құралдарды аудару туралы бұйрықтарды қабылдайды және өткізеді.

Ақшалай аударулардың Вестрн Юнион жүйесі әлем бойынша ақша аударулардың тез және сенімді түрі. Бұл жүйенің пайда болуы және тарихы теле хабарлау байланысының негізін қалаған С. Морзе байланысты. Вестрн Юнион штаб пәтері АҚШ- та орналасқан. Бұл жүйедегі ақшалай аударымдар банктік шотты ашуынсыз және тек қана қолма- қол ақша формасында жүзеге асады.

Жұмысшының тиімділігін көтеру, жылдамдықты жоғарлатып және операция сапасын, тасымалдауды жоғарлатуда және кедергіні азайтуда х/а айналыста амортизациялық төлемдер айналыс отырып, даму үстінде.

Х/а қаржылық айналымда электрондық төлем жүйесінде СВИФТ қолдануда. СВИФТ- ЖАҚ 1997 жылы құрылған, өздерінің мүшелеріне қызмет көрсету мақсатында пайда болды.

Жүйе х/а қаржылық индустрияға мүмкіндікті және тиімді қызмет ұсынды.

х/а банктік операцияларға ақпаратты стандартталған электрондық жүйе береді.

қаржылық операцияларға телекоммуникация құрамы.

семинарлар оқыту.

арнайы және терминалды қызмет.

Қатысушы банк бір- бірімен қаржылық аударуды, б.қ-р мен е.а. аударуды жүзеге асырады, б.қ- р мен е.а. және т.б. байланыс инструкцияларының үйесі. Спутникалық канал арқылы беріледі. Электрондық терминалогия арқылы банктер бұйрығымен аудару құрады беріліп және қабылдап отырады. Терминалдық байланыс регионалдық түсіру орталығы Брюссель мен Амстрдамдағы басшы ретрасляторына ақпаратты бағыттайды. Мұнда барлық бұйрықтар, түсімдер бөлшектерді кезекке қойып, хабарлауды жүзеге асырады.

Әлем Банкі алдағы уақытта VISA және VISA Е/е к/ гоп карточкаларын шығаруды жоспарлауда. VISA карточкасы несиелік және электрондық түрде қызмет көрсетуге, сонымен қатар механикалық құрылғыларда қолданылады. VISA карточкасының бірнеше түрі болуы мүмкін:

CLASSIC, BUSINES, GOLDEN. Бұлар сақ- ру депозиттерінің сонымен қосымша қызметімен ерекшеленеді.

Дебиттік және кредиттік карточкадан басқа электрондық бар Қ- да «электрондық мұнай автоматын, бензин сататын орындарда бинзиннің ақысын төлеу үшін қолданылады.

Сонымен қатар YAPA ЖӘНЕ EUROSTORES сияқты дисконтты карточка бар. YAPA кез келген клиентке беріледі. Бұл авиабилеттерді сатып алғанда, қонақ үйге төлегенде, машиналарға заказ бергенде және т.б. жағдайларда 40 % жеңілдікпен төлеуді жүзеге асырып EUROSTORES төлеуді жүзеге асырады. Магазиндегі сауда жасағанда 10% және 20 % жеңілдікпен ақшасын төлейді.

4.Төлем жүйесі басқа да мемлекеттердікіндей қаржылық жүйесінің негізгі құрамы белгілі болып табылады.Ал Қазақстан үшін ерекше маңызы бар, өйткені өтпелі кезеңде экономикалық реформасы негізінде негізгі проблема болады. Негізгі проблеманың ішінде бір жағынан төлем кризисі және оның сандары,ол бір жағынан банктер арасындағы есеп айырылысудағы ревалюциялық өзгерістер септігін тигізген.

Қазіргі уақытта біздің республикамызда бөлшекті төлемдер жүйесі,сонымен қатар ірі төлемдер жүйесі жүзеге асып отыр. 1995 жылдан бастап ҚР-ң Ұлттық банкінің алдында төлем жүйесін модернизациялау мақсаты қойылды,бұл банктер арасындағы олардың клиенттерімен есеп айырысуды тездету үшін,сонымен қатар төлем құралдарының тізімін кеңейту үшін бұл мақсаттың жүзеге асырылуының бірнеше этапы нормативтік базан дайындау болады.Сол жылы Алмаы қаласында алғашқы клирингтік төлемдер жан –жақты бір –бірімен есеп айырысу әдісі бойынша жұмыс істейді.Бұл жүйенің кемшілігі ретінде қатысушы банктерге қағаздағы жазылған алғашкы құжаттармен айырбастау жасау керек.Ал бұл өз кезегінде тиімсіз.Бұл келенсіздік «Алғашқы құжаттардың электрондық сипаты»түсінігі туралы тәжірибесі жоқтығынан еді.1996 ж» Казақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы»құрылды.Осы банк банкаралық клирингінің жүзеге асу функциясымен ірі төлемдер жүйесін жүзеге асыруға міндетті болады.Қазақстанның банкаралық есеп айырысуы орталығында қазіргі заманға сай құрал –жабдықтар мен бағдарламалық қамсыздандыру жетілдірілді,мұның барлығы электрондық төлем құжаттарымен жұмыс істеуді оңайлатты.Бұл ҚР-ң Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілермен бекітілген кейін жүзеге аса бастады. Қазіргі кезде «Электрондык толем тапсырмасы алгашкы толем»құжатының құқықтық күші бар.1998 ж сәуір айында бас бухгалтерияны орталықтандырылуы,көмекші есептің және ҚР-н Ұлттық банкісінің жаңа банк игілік төлем жүйесіне өту мақсатымен бухгалтерлік жүйесінің бағдарламалық қамсыздандыру енгізілді.1998ж қазан, қараша айларының арасында екінші деңгейлі банкілер мен ұйымдардың корреспонденттік есептерінің орталықтандырылуы өткізілді,ол ҚР-ң Ұлттық банкі банкаралық есептесу функциясынын оперативтік түрде жүзеге асыруға,төлем жүйесімен банк жүйесіндегі бақылау функциясының тиімділігін жоғарылату.

Корреспонденттік есептің орталықтандырылуы ҚР-ң Ұлттық банкіне мыналарды жүзеге асыра алады:

1.Банктерге қолма-қол ақшалардың жіберілуін тездету және олардың фирмалалары ҚР-ң Ұлттық банкының кассасы филиалдары,сонымен қатар банктердің корреспонденттік есебінің бірегей аударулар жасауға және ҚР Ұлттық банк-ң филиалдарында банк-ң ақшаларының корреспонденттік есебін жабу.

2.Қазақстанның банк аралық есептесу орталығы бөлшекті төлемдемелер жүйесінің қолданушылары емес араларда банктердің аймақтық төлемдерін жүзеге асыру.

3.Жуырда бөлшекті төлемдемелер жүйесі банкаралық ақша аударымдары жүйесіне енгізілді,ол Швейцариялық банкаралық ірі төлемдемелер жүйесіне негізілген.

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі барлық мемлекет аралық талаптарға сай етіп жасалуда,қазіргі кезде Қаз-ң Ұлттық банкі осы жүйенің енгізу әлі бағдарламаның қамсыздандырылуы аяқталуда.Осы ойды қозғай келе пластикалық карточкалармен есеп айырысу туралы бірқатар талап міндеттерді айта кету керек.Қазіргі кезде Қаз-н өзінің локальді төлем карточкалар жүйесін шығаруда.карточкалар көбінесе қолма –қол ақшаны алу үшін ғана қолданады.Мұның негізгі есебі пластикалық карточкалардың тек жалақы немесе стипендия алу шегінде ғана қолданылады.Осыған байланысты Ұлттық банк осы пластикалық карточкаларды сервис және сауда саттық кәсіпорынның қызметіне төлемдер жасау үшін пайдалануды көздеп отыр.егер бірнеше банк бірегей бір жүйені құрса онда оны пайдалану шенбері кеңейте түсетін еді. Бір банктердін клиент халықаралық жүйедегі карточканы кез –келген осы жүйенің терминалы бар және де бұл жүйе қай банктен қызметтес екеніне қарамастан төлем жасауды жүзеге асыра алады.

Төлем сметаларын жетілдіру ҚР-ң төлем жүйесінің дамуы және жетілдіретін стратегияға сай жүргізілуін халықаралық валюта қоры және дүниежүзілік банкпен бірлескен Ұлттық банк анықтайды.1995ж басталған стратегияның қабылданған сәйкестігі бойынша төлем жүйесінің құрылуы және модернизатциясы екі топтан өтеді.

1 топта аралық төлем жүйесі құрылады.Республика –ң төлем және есеп айырысуының жай күйін жақсартады.

2топта ұзақ мерзімді төлем жүйесінің енуі аяқталады.

Аралық төлем жүйесі негізгі үш жүйеден құралады: нақты толған уақытта жүйе аударушы ҚР-ң барлық аумақтарында несие ақша саясатын өткізу.Ұлттық банкке тиімделу ол екінші деңгейлі банктерге қаржы нарығында жұмыс істеу олардың тұрған жерлерінен тәуелсіз.Берілген жүйе елдің төлем жүйесінің ірі салаларын аудару жүйесінің үшінші жағы, қамтамассыз етуші есеп айырысу 3 күн ішінде өзара есеп айырысумен қарама –қарсы облыс деңгейінде жүргізуі тиіс,елдерде тұтас жинақталған төлем құралдарымен бірте берілген жүйе тек қана ұзақ мерзімді төлем жүйесі енгізгенше ғана жұмыс істейді.Сондықтан бірте аралық төлем жүйесінде қажетті инфрақұрылым тиіс,жоспарлы ұзақ мерзімді төлем жүйесінің қажеттілігі жауап беруші.Аралық төлем жүйесі бәріне техникалық және программалық құралдарды қажет емес үлкен шығындардың пайдалануына қажетті деңгейде инфроқұрылымның орвендалуын қорғау қажет.Аралықтөлем жүйесі коммерциялық банктердің жаңа деңгейде жұмыстарының бейімделуіне және біркелкі корреспонденттік шотқа ауысуын орындау жаңа бухгалтерлік жоспар шотына ену болып табылады.Сонымен қатар осы кезеңде бюджет банкке үлес бөлуіне жауап беруге әрбір облыста бір коррес-к шот иемденеді және төлем жүйесі арқылы есеп айырысады.аралық төлем жүйесін енгізу барысында айырмашылықты ерекшеліктері ескеріледі.Өйткені қазіргі уақытта ҚР-ң иемденуінде және оңтайлы шешімдер шешілуде аралық төлем жүйесінің программаларың өткізу үшін ҚР-ң облыстық филиалдары орталық банк-ң шоттары ашылады. Бастапқы этап Ұлттық банк,келешекте жабық акционерлік қоғаммен Ұ Б болашақ акционерлері және 2-ші деңгейлі коммер-қ банктер жүзеге асырылады.ҚР-ң барлық төлемдері мен шоттарына жауапты болады,жоғары төлем аударма жүйесін алғанда және ұзақ төлем жүйесін барлық төлем құрал жабдықтарын өндіру қажет Республикада қолданылған жаңа құралдарды жүзеге асыруға міндетті.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 78 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.017 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав