Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы

Читайте также:
  1. Азақстанда этнология мектебінің қалыптасуы және дамуы.
  2. Валюта и валютные курсы
  3. Валюта, її види, курс. Міжнародні валютні відносини
  4. Валюта. Валютный курс и его характеристики. Факторы, определяющие валютные курсы.
  5. Дәріс – 2 Тақырып: Валюталық операциялар және олардың сипаттамалары
  6. И) валюта баланса в конце отчетного года уменьшилась по сравнению с началом
  7. Изменения в бух.балансе под влиянием хозяйственных операций (Валюта баланса)
  8. Лттық валютаның қалыптасуы
  9. По приведенным данным оцените ситуацию: реализация за отчетный период -2000, за предшествующий – 1500, валюта баланса за отчетный период – 5000, за предшествующий – 6000.
  10. Р Денсаулық сатау саласын мемлекеттік реттеу.

Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:

экономиканың мемлекеттік секторының — кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.т. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім -ақшадан;

тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;

келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатынасушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;

валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар мен өсімнен;

шетел банктерінде және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналастырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен активтерді пайдаланудан алынған табыстардан;

шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мем-лекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;

валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.

Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:

1) Ұлттық банк: "валюталық басқыншылықтарды — елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарларымен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;

2) Қаржы министірлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың, өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржылаңдыру үшін;

3) Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді — тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;

4) Басқарудың жергілікті органдары — коммуналдық шаруашылықтың, өңдірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті инфрақүрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.

Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және ұйымдарының валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық түсім-ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім-ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін Ұлттық банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногінде сатуға міндетті болатын. Қазіргі кезде заң жүзінде белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта занды тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша жұмсалады.

Экспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жургізуші субъектілер және валютаға мұқтаждары оны валюта рыноктерінде ұлттық валютаны айырбастау жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық-құқықтық түрлердің шаруашылық органдары валюта қорларын көбейте алады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта ресурстарын қалыптастырудың келесі көзі — банктердің валюта кредиттері.Өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты, жалпыұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел банктерінен алынған кредиттерді елдің үкіметі кепілдендіре алады; Қазақстанда мұндай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту қажеттігімен және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды пайдалаушыларға ауысуымен байланысты бірте-бірте шектеліп келеді. Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын

қаржыландыру үшін валюта қаражаттары компанияларға, фирмаларға үкімет шешімімен орталықтандырылған валюта ресурстарынан бөлінуі мүмкін.

Үлестік негіздердеәрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін (акционерлік, бірлескен, кооеративтік) валюта ресурстарын толықтыруға осы шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары есебінен жетуге болады.

Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын келісім-шарттарды, арбитраж органдары белгілеген контраютар бойынша міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.

Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі мақсаттарына пайдаланылады ("Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары"). Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:

1) дүниежүзілік рыноктерде жұмыс істейтін компаниялардың, фирмалардың экспорттық әлуетін ұлғайту;

2) импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе мұндай өнімнің қолданыстағы өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін валюталық ресурстар есебінен құрал-жабдық, саймандар, материалдар, технологиялар, лицензиялар, ноу-хау сатып алынады, негізгі құралдардың лизингі жөніндегі операциялар жүргізіледі, шетел мамандары шақырылады, кадрларды оқытады.

3) валюталық кредиттерді және оларды пайдаланғаны үшін пайыздар өтеу;

4) мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы рыноктерде операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін комиссиялық сыйақылар төлеу;

5) капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың қаржы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау;

6) сыртқы экономикалық міндеттемелер бойынша келісімдердің шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, өтемақылар төлеу;

7) ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ұлттық валютаны сатып алу; 8) ұйым ұжымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну және мәдени-тұрмыстық арналымның шетелдік тауарларын, дәрі-дәрмектерді, медициналық жабдық пен саймандарды сатып алу (белгіленген нормативтерге сәйкес).

Иегерлердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша қаржы ресурстарының басқаша пайдалануы да мүмкін.

Заңды тұлғалар өздеріне қарасты валюта қорларын дамудың: өндірістік инфрақұрылымның, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізудің, келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетингтік зерттеулерді қаржыландырудың және т.т. жалпы міндеттерін орындау үшін біріктіруге құқылы.

1993 ж. қараша айында Ұлттық банкке ұлттық валютаның енуімен ақша-несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым-қатынаста классикалық қағидаларды ендіруі, банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.

Ұлттық валютаның енгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін Орталық банктік қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды. Бұл кезең, соңдай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995 ж. 15 ақпан айында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысының бекітілген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалынды.

Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы

Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.

Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:

тауарлар мен қызметкерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару;

экспорт-импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;

180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және кредиттер алу;

депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша аудару және дивидендтер, пайыздар, тағы басқа кірістер алу;

сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттер және өзге операциялар.

Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды қамтиды:

инвестициялар;

жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін ақша аударымдары;

180 күннен астам мерзімге эксиорттық-импорттық мәмілелер бойынша кредит беру және алу.

Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит, экономикалық көмек көрсету, елдің алтын-валюта резервтерінің қозғалысы, дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іс-сапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері кезінде жасалады.

Елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы тиіс, сондықтан сыртқы экокомикалық қызметтің аталған түрлерінің көбісі валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.

Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып табылады және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік) және орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстары) болып бөлінеді.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 150 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав