Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Дүниежүзілік валюталық жүйе эволюциясы

Читайте также:
  1. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  2. Ан жүйесі
  3. Ас қорыту жүйесі
  4. Ас қорыту жүйесі
  5. Ауруханалардың салыну жүйесіне байланысты көлемі
  6. Дәріс – 2 Тақырып: Валюталық операциялар және олардың сипаттамалары
  7. жүйесі
  8. Жүйке жүйесі
  9. Жүйке жүйесі
  10. Жер құқығының әдістері және жүйесі

Валюталық жүйелердің даму заңдылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық жүйенің құлдырауы басталады.Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қагидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алады.Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып және оның орнына Валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына әкеледі.

Жаңа дүниежүзілік Валюталық жүйені құру үш басты кезеңде жүргізіледі:

І кезең — жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзілуін, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.

ІІ кезең — жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.

ІІІ кезең — толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады.

Дүниежүзілік Валюталық жүйенің мынадай эволюциялары белгілі:

1. Париждін, валюталық жүйесі (1867 ж.)

2. Генуэз валюталық жүйесі (1922 ж.)

3. Бреттонвудс валюталық жүйесі (1944 ж.)

4. Ямайск валюталық жүйесі (1976 ж.)

5. Еуропалық валюталық жүйе (1979 ж.)

Бірінші дүние жүзілік Валюталық жүйе стихиялы түрде XІX ғасырда өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монета стандарты формасында, яғни алтын монометаллизмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1867 ж. Париж конференциясында бекітілді және осы конференцияда алтын әлемдік ақшалардың бір ғана формасы ретінде танылды, яғни алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.

Париж Валюталық жүйесі мынадай құрылымдық қағидаларға негізделеді:

- оның негізі алтын монета стандарты болып табылады;

-әр валютаның өзіндік алтынға шаққандағы құрамы белгіленеді (Ұлыбритания — 1816 ж., АҚШ — 1837 ж., Германия — 1875 ж., Франция — 1878 ж., Ресей 1895 ж. белгіледі). Алтын құрамына сәйкес валюталардың алтындық паритеті бекітілді. Валюталар алтынға еркін алмастырылды. Алтын дүниежүзілік ақша ретінде пайдаланылды;

- нарықтың сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, валюталардың еркін өзгермелі бағамдарының режимі қалыптасты.

Алтын монета стандартының тиімді қызмет ету уақыты бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болды. Кейіннен оның құлдырауына төлем балансындағы тапшылық одан сайын әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын жоғалтты. Сөйтіп, ол ақша және валюта жүйесі ретінде қызметін толық тоқтатты.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесіндегі дағдарыстан кейін алтынға және жетекші валюталарға негізделген алтын девиз стандарты бекітілді.

Халықаралық есеп айырысуларға арналған шетел валютасындағы төлем құралдарын девиздер деп атады.

Екінші дүниежүзілік валюталық жүйеге заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1922 ж. Генуэз халықаралық экономикалық конференциясында қол жеткізілді.

Генуэз Валюталық жүйесі мынадай қағидаларда қызмет етті: оның негізі болып алтын және девиздер, яғни шетел валюталары саналды. Бұл кезеңде 30 елдің Ақша жүйесі алтын девиздік стандартқа негізделді. Ұлттық несиелік Ақшалар халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қолданылды.Бірақ та соғыс аралығында резервтік валюта ретінде ешбір валютаға мәртебе берілмесе де, фунт стерлинг пен АҚШ доллары бұл аумақта жетекші қызметте жүрді; алтын валюталардың құрамы сақталды;

еркін Валюталық бағам режимі қайта қалпына келтірілді; валюталық реттеу, Валюталық саясат халықаралық конференциялар, мәжілістер формасында жүзеге асырылды.1922 — 1928 жылдарға дейінгі валюталық тұрақтылық сақталды. Сондай-ақ бұл жүйенің де тұрақсыздығына мыналар себеп болған:

Алтын монеталық стандарт орнына, ақша және валюта жүйесінде, алтын монометаллизмінің қысқарған формалары енгізілуі;

Валюталарды тұрақтандырудың бірнеше жылға созылуы;

Валюталардың тұрақтандыру әдісі, олардың кейбір елдерде девальвация түрінде жүрсе, кей елдерде ревальвация түрінде жүргізіліп, кейбір валюталардың (фунт стерлинг сияқты) соғысқа дейінгі алтындық құрамы қайта қалпына келтірілді;

Валюталардың тұрақтылығы шетел несиелерінің көмегімен жүзеге асырылды.

Бұл валюталық тұрақтылық та 30 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыстың әсерінен қүлдырады. 1929 — 1936 жж. дүниежүзілік валюталық дағдарыстың басты ерекшеліктері мынадай:

циклдік сипат: Валюталық дағдарыс дүниежүзілік экономикалық және Ақша-несие дағдарысымен байланысты болды;

құрылымдық сипат: дүниежүзілік валюталық жүйенің алтындевиздік стандарт қағидасы құлдырауға үшырады;

ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін болуы;

30 жылдардағы дағдарыс нәтижесінде Генуэз валюталық жүйесі өзінің қатысты икемділігі мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сөйтіп барлық елдің валюталары тұрақсыздыққа ұшырады.

Одан кейін жалғасқан екінші дүниежүзілік соғыс Генуэз Валюталық жүйесінің дағдарысын тереңдете түсіп, соғыс жылдарында 1943 ж. жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің жобасы жасалды.

БҰҰ-ның Бреттон-Вудстағы (АҚШ) 1944 ж. болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзілік сауданы ұйымдастырудың, Валюталық, несиелік және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелері бекітіліп, үшінші валюталық жүйе дүниеге келді. Конференцияда қабылданған Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ) жарғысы Бреттон-Вудс валюталық жүйенің мынадай қағидаларын анықтады:

алтынға және екі резервтік валютаға — АҚШ доллары және фунт стерлингке негізделген алтын девиз стандарты енгізілді;

БреттонВудск келісімі дүниежүзілік валюталық жүйенің негізі ретінде алтынды пайдаланудың төрт формасын қарастырды:

а) валюталардың алтын құрамы сақталуы;

ә) алтын халықаралық төлем және резервтік құрал қызметінде қала берді;

б) АҚШ өзінің валюталық экономикалық потенциалының және алтын қорының өсуімен байланысты долларды алтынға теңестіріп, оған басты резервтік валюта мәртебесі талап етілді;

в) осы мақсатта АҚШ қазынашылығы долларды шетелдің орталық банктерінің алтындарына ауыстыра бастады.

• валюталардың бағамдық шекті қатынасы мен олардың алмастырылуы долларға бейнеленген валюталық құрамы негізінде жүзеге асырылды.

• бірінші рет тарихта халықаралық валюталық несиелік ұйымдар: Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік қайта құру және Даму банкісі (ДКДБ) құрылды.

60 жылдардың аяғынан бастап, БреттонВудс валюталық жүйесі дағдарысқа ұшырады.

Бұл жүйенің құлдырау себептері мынадай:

- Экономикалық тұрақсыздығы және қайшылықтар;

- Инфляцияның ұлғаюы, әлемдік бағаларға және фирмалардың бәсекелестік қабілетіне кері әсер етті;

- Төлем балансының тұрақсыздығы, яғни кейбір елдердің балансында тапшылық болды (АҚШ, Ұлыбритания);

- Бреттон-Вудс жүйесінің қағидаларының әлемдегіөзгерістерге сәйкес келмеуі;

- Евродоллар нарығының активизациялануы. Қаншалықты АҚШ өзінің төлем балансының тапшылығын өз валютасымен жапқанымен де, оның долларының бір бөлігі Еуропа елдерінде евродоллар нарығының дамуын қолдау мақсатында шетелдік банктерде орналастырылған (80%-ға жуығы немесе 750 млрд доллар).

1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ-ға мүше елдердің Кингстондағы (Ямайға) келісімі ХВҚ-дың жарғысына өзгерістер енгізе отырып, төртінші валюталық жүйенің мынадай қағидаларын бекітті:

— Алтындевиз стандарты орнына СДР (арнайы қарыз алу құқы) стандарты енгізілді, сөйтіп жаңа халықаралық валюталық есептесу бірлігін енгізу туралы 1967 жылы қол қойылған болатын;

— Алтынды демонетизациялау заңды түрде аяқталды, яғни оның арнайы бағасы, алтындық құрамы алынып тасталып, долларды алтынға ауыстыру аяқталды. Сонымен, Ямайка келісімі бойынша алтын құн өлшемі қызметін атқармайтын болды;

Елдерге кез келген валюталық бағам режимін таңдауға құқық берілді;

— ХВҚ Бреттон-Вудс жүйесінен сақталған мемлекетаралық Валюталық реттеуді күшейтуге шақырды.

СДР-дің қызмет етуінің мынадай басты мәселесі болды:

1) эмиссиялау және бөлу;

2) қамтамасыз ету;

3) бағамды анықтау әдісі;

4) СДР-дің пайдалану ауқымы;

СДР бірлігі 1970 жылдары 0,888671г. алтынға тең болды, яғни оны қағаз алтын деп атаған. СДР-дің бағамы валюталар қоржынының орташа бағамы негізінде анықталды (16 елдің).

Валюталар қоржынындағы басты валюталардың құнсыздануы, әсіресе доллардың тұрақсыздығына сәйкес, Ямайға Валюталық реформасы жүргізіліп, доллар тек қана халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды.

Доллар бағамының төмендеуі мынадай факторларға байланысты болды:

АҚШ экономикасы өсуінің баяулануы;

доллар бағамының, оның сатып алу қабілетімен салыстырғанда

15 — 30%-ға жоғарлауы;

АКШ-тың төлем балансының тапшылығы мен мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі;

Инфляцияның ұлғаюы; ;

АКШ-тың ішкі және сыртқы қарыздарының өсуі.

Сонымен, Ямайға Валюталық реформасында Валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ете алмады.

Ямайка валюталық жүйесінің тұрақсыздығына жауап ретінде Еуропалық қоғамдастық елдері өздерінің халықаралық (аумақтық) валюталық жүйесін құрды. Еуропалық валюталық жүйе экономикалық интеграциялану процесін ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграционалдану процесінің даму себептеріне: шаруашылықтың интернационализациялануы, өндірістің қарсылас орталықтардың дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы күресі және валюталық тұрақсыздық жатады. Еуропалық экономикалық қоғамдастың — бұл Батыс Еуропа елдерінің біршама дамыған аумақтық интеграционалдық тобын білдіреді, ол 1957ж. наурызда алты елдің: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерінің арасында жасалған келісімшартында қабылданып, 1958 жылдың 1 қаңтардан бастап қызмет етеді.

1973 жылдан бастап, ЕЭҚ-қа Ұлыбритания, Ирландия, Дания елдері кірді. Ал 1981 жылы Греция, 1986 жылы Портуғалия мен Испания қосылған.

ЕҚ-тың мақсаты:

шаруашылықты мемлекетаралық реттеу базасында экономикалық және саяси одақ құру; ЕҚ-ды дамыған мемлекетке айналдыру;

Батыс Еуропа орталығының, АҚШ және Жапонияның дүниежүзілік нарықтағы монополияларымен күресуде позицияларын нығайту;

Батыс Еуропалардың бұрынғы отарлары ретінде дамушы елдерді, өзінің әсер ету аясында ұжымдық күште ұстау.

Батыс еуропалық интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен ажыратылады:

Біріншіден, ЕҚ құрылуы көмірдің ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интегралданғанға дейін 6 ел және 12 саяси одақ болса, бүгінгі уақытта 15 —16 мемлекетке жетті. Болашақта ЕҚқа Шығыс және Орталық Еуропа елдері (ЕҚтың жіктеуі бойынша оған: Литва, Латвия, Эстония жатады) қосылады деп күтілуде. Екіншіден, ЕҚның институционалдық құрылымы мемлекеттің құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:

Еуропалық кеңес (1974 жылдан бастап, оған мүше елдердің мемлекет басшылары мен өкімет басшылардың отырысы ЕҚ жоғарғы ұйымы болып табылады).

Министрлер кеңесі — заң шығарушы орган.

ЕҚ комиссиясы (ЕҚК) — атқарушы орган.

Еуропалық парламент — кеңес беруші орган. Бұл орган ЕҢК және Министрлер Кеңесінің қызметін бақыланды, ЕҚ бюджетін бекітеді.

ЕҚ соты — құқықтың нормалардың сақталуын қадағалау ұйымы.

Әлеуметтік және экономикалық комитет — кәсіпкерлер, кәсіподақтар өкілдерінен құралған кеңес беруші орган.

Үшіншіден, интеграциялық процестің материалдың негізі болып, ЕҚ-тың бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді.

Экономикалық интеграцияның ажырамас элементі валюталық интеграция болып табылады. Оған Валюталық саясаттың шоғырлану процесі, Валюталық реттеу мемлекетаралық валюталықнесиелік және қаржы ұйымдарын құру жатады.

Ямайға валюталық жүйесіне қарағанда Еуропалық валюталық жүйе қағидалары мынадай болды:

ЕВЖ, ЭКЮ — еуропалық валюталық бірлікке негізделеді (1999 ж. дейін). ЭКЮдің шартты құны ЕҚ-тың 12 елдерінің валюталары негізінде валюталардың қоржынының әдісі бойынша анықталды.

ЕВЖ-дегі мемлекетаралық аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша төлем балансындағы тапшылықты жабура және валюталық интеграцияра байланысты есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 238 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.015 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав