Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жаңа теңге қорғанысы

Читайте также:
  1. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  2. Жаңа замаңдағы саяси ілімдер тарихы және қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер
  3. Жаңа теңгеге сипаттама

Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:

Сутамғы белгілер. Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.

Қорғаныш жіп: Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші, үзік-үзік жіп - банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.

Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық орындағы полимерлік лентадағы сурет.

Қосарланған бейнелер. Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында басылған бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді

Алтын интаглио. Тығыз жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл бояуы бар қорғаныш элементі, түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.

Көзі нашар көретін адамдарға арналған белгі. Банкнотаның бет жағында саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын жоғары рельефті шығыңқы элементтер бар.

Бояудың оптикалық өзгеріп тұратын түсі. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде бояудың түсі өзгереді. Мұндай қорғаныш элементі, атап айтқанда, АҚШ долларында бар.

Микроқаріптер. Микромәтіндер, бірнеше есе ұлғайтқан кезде оқуға болатын қайталанатын мәтінді немесе цифрларды басудың әртүрлі тәсілдерімен орындалған.

Көшіруге қарсы элемент. Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.

Көшіруге қарсы элемент (тартан, пирамида). Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.

Сериялық нөмір. Магниттік сериялық нөмір құрамында магнит бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады. Фосфорлы сериялық нөмір құрамында фосфор бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады.

Иридесцентті жолақ. Алтын түстес жылтырағы бар арнайы бояумен басылған жолақ, банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде сурет пайда болады.

Жасырын бейне (лифт). Купюраны көз деңгейінде қисайта ұстап тұрған кезде оюлы розеткада банкнота номиналының цифры көрінеді.

Иристік басу: Бір бояудан басқасына өтуі кезінде түстің біртіндеп өзгеруі байқалатын арнайы басу түрі.

Ультракүлгін қорғаныш: Ультракүлгін сәулелердің негізгі көздері болып табылатын құралдардың әсерінен көзге көрінетін, арнайы бояулармен орындалған бейне.

Қағазға ендірілген талшық. Банкноталардың жоғары номиналдарына қызғылт талшық қағазға ендірілген, ол ультракүлгін сәулелер негізінде түсін өзгертеді.

Ескі үлгідегі банкноталардың ауыстыруы ескі және жаңа дизайндағы банкноталардың бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Кейін ескі үлгідегі банкноталарды екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында ауыстыру тағы бір жыл жалғасатын болады. Осыдан кейін 10 жылдың ішінде Ұлттық Банк ескі үлгідегі банкноталарды қабылдап, оларға сараптама жүргізгеннен кейін ауыстырады.

Егер қатар жүру кезеңінде қандай да бір заңды тұлға номиналына қарамастан ескі немесе жаңа дизайындағы банкноталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда мұндай іс-әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Банкнотасын қабылдаудан бас тартылған тұлғаның өтініші бойынша Ұлттық Банк өзінің филиалдары арқылы Кодексте көзделген айыппұлдарды салуға уәкілетті.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 118 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав