Читайте также:
|
|
Валюталық тәуекел валюталық курс айналысынан болатын қаржы жоғалту тәуекелі –бұл валюта кусының нәтижесінде болатын ақша жағдайын білдіреді. Банктің активтері мен пассивтерінің нарық бағасының өзгеруіне байланысты зиян шегуіне әкеліп соқтырады. Валюталық тәуекелді сақтандыруда қорғаныс келісімдері, яғни валюталық бағамдардағы өзгерістерге сәйкес валюталық мәміле келісімшарты немесе контрактінің орындалуы. Валюталық тәуекелді сақтандырудың құрамдас бөлігі хеджирлеу. Белгілі бір операцияларды жүргізу.
Валюталық тәуекелдерді сақтандырудың үш тәсілі қолданылады.
Контрагенттерінің бірінің біржақты іс-әрекеті.
Банктік және үкіметтік кепілхаттар.
Мәмілеге қатысушылардың өзара келісімдері.
Валюталық тәуекелді сақтандыруда қорғаныс келісімдері, яғни валюталық бағамдардағы өзгерістерге сәйкес валюталық мәміле келісімшарты немесе контрактінің орындалуы барысын қайта қарау мүмкіндіктері қайта келісіледі.
Валютаның бағамындағы өзгерістерден экспортерді немесе несие берушіні сақтандыру үшін бағамдағы өзгеріске байланысты төлем сомасын қайта қарау туралы келісімін несиелік немесе коммерциялық контрактінің шартында көзделеді.
Хеджирлеу валюталық тәуекелді сақтандырудың құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір операцияларды жүргізу және мерзімді контрактілерді жасауды білдіреді.
Хеджирлеу тәсілдеріне құрылымдық теңестіру, төлем мерзімін өзгерту, қаржылық құрамдар жатады. Құрылымдық теңестіру валюталық бағамның өзгерісінен туындайтын зияндардың алдын алу мақсатында активтер мен пассивтер құрылымын теңестіріп отыруды қолдауды білдіреді. Бұл негізінен ашық валюта позиция лимитін ұстап отырумен тікелей байланысты.
Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелін басқару шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің арасындағы айырманы реттеуді білдіреді. Ашық валюталық позиция лимиті бұл ұзын немесе қысқа позициялардың банктің капиталына қатысты белгіленеді. Егер қандай да бір шетел валютасы бойынша ҚР Ұлттық банкі бекіткен лимиттен асқан жағдайда сол валютаны сатады немесе сатып алады.
Валюталық тәуекелді диверсификациялау бұл валюталық несиелер бойынша несиелік портфельді диверсификациялауды сипаттайды. Валюталық несиелік портфельді диверсификациялау мынадай тәсілдер арқылы іске асады:
Валюталық несиелер соммаларына шек қою;
Қарыз алушыларды диверсификациялау;
Несиені қамтамасыз етуге қабылданатын кепіл заттарын диверсификациялау;
Валюталық несиелер мерзімдері бойынша диверсификациялау;
Валюталық тәуекел қандай жағдайларда пайда болуы және пайыздық тәуекелмен байланысы.
Валюталық тәуекел пайыздақ мөлшерлемелердің, яғни ұлттық валюта бағасының шетелдік валютаға қатынасына, яғни болашақтағы қозғалыс белгісіздігіне байланысты. Ұлттық валюталарын шетелдік валютаға айырбастауға байланысты келісімдерге заңнамалары тыйым салатын елдерде валюталық тәуекел болмайды.Корпорациялардың қаржысына бүгінгі күнгі көзқараспен қарағанда, төлемдердің болашақтағы күтілетін ағымының бүгінгі күнгі құны фирманың немесе оның активтерінің құнын өлшейді. Бұл төлемдердің барлығы немесе немесе бөліктері шетел валютасы түрінде болған жағдайда болашақтағы валюта бағамының өзгеруінен фирмалардың активтерінің құны көбеюі немесе азаюы мүмкін. Бұл жай шетелдік инвестициялары –акциялары немесе қарыздық міндеттемелер валюта түрінде кіріс түсіріп отырған инвесторларға да қатысты. Банкінің шетел активтеріне инвестиция жасауы ұлттық валюта түріндегі төлемдердің болашақтағы ағымының көлеміне әсер етеді, валюталық бағамның болашақтағы өзгерістеріне байланысты. Шетел валютасында кредит беру үшін ресурстар ұлттық валюта түрінде тартылады. Кредиттің шетел валютасын ұлттық валюта эквивалентіне аударғанда бұл кредиттер бойынша өтеу төлемдерінің көлемі өзгеріп тұратын болады. Валюталық тәуекелдің пайыздық тәуекел мен көптеген ұқсастықтары бар. Екеуіне де баға және құн элементтері, соған сәйкес болашақтағы кіріс және шығыс элементтері енеді. Баға факторы екеуінде де бірдей, бұл ішкі және сыртқы ақша саясаты күшті әсер ететін сұраныс пен ұсыныс шетел валютасына немесе кредитке деген.
Пайыздық және валюталық нарық бір – бірімен тығыз байланысты. Валюта тәуекелдігі сыртқы сауда, кредит және валюта операцияларын, қор және тауар биржаларындағы операцияларды жүргізу негізінде шетел валютасы құнының ұлттық валютаға қарағанда өзгеруіне байланысты валютаның зиян шегуі қаупті. Ашық валюталық жайғасым болғанда туындайды. Мемлекеттің және ел кәсіпорындардың шетел валютасы түріндегі борышы.
Валюта тәуекелін сақтандыруда хеджерлеу.
Пайыздық фьючерстер мен хеджерлеу пайзыдық тәуекелді басқарумен тікелей байланысты. Олар бір – бірімен байланысты болады: фьючерстер хержерлеумен үнемі байданыста болмаса да, хеджерлеу процесіне фьючерстерді пайдалану енеді. Фьючерстер әлемнің дамыған барлық елінде арнайы нарықтарда сатылатын қаржы құралы болса, ал хеджерлеу – фьючерстермен байланысты процес. Хеджерлеу кезінде физикалық тауар немесе қаржы активтері мен пассивтері құнының болашақтағы өзгеру тәуекелі оларды сатып алу жөніндегі қарама – қарсы мәмілелер толықтай немесе жартылай бейтараптандырылып, үшінші жақпен жасалатын келісім арқылы толықтай немесе жартылай сақтандырылуы мүмкін. Хеджерлеудің мысалы болып пайыздың жоғары шегі бар кредит қызмет ете алады. Қарыз алушы қозғалмалы мөлшерлемеге келісе отырып, банкпен кредиттік келісім жасайды. Қарыз алушы банк кредитінің іске асу мерзімі ішінде алып отыратын көбігін немесе жоғарғы деңгейін есептей отырып, пайыздық тәуекелді қысқартуды өзі шешеді. Кредиттеуші банк пайыздық тәуекелдің бөлігін қарыз алушыдан жоғарғы деңгейде өзіне аударады. Бұл үшін банк әдетте ақысын жоғарырақ пайыздық мөлшерлеме түрінде алады, банк немесе басқа да базалық мөлшерлеме үшін ресурстар құнынан пайыздық спрэдті көбейтеді. Фьюрес бір жағынан физикалық тауарды немесе қаржы активін сатушы мен сатып алушының және екінші жағынан фьючерстік биржамен клирингілік палатаның арасындағы форварттық келісімшартының арнайы формасы.
Пайыздық мөлшерлемелерді хеджерлеу туралы шешімның арқасында банк долларлық кредиттің келесі үш айлық кезеңі үшін 4% пайыздық тиімді мөлшерлеме ала алады. Хеджерлеу болжаудың дұрыс –бұрыстығына қарамастан болашақ кірістерден немесе шығыстардан сенімді қорғайды.
Валюталық тәуекелден құтылу үшін сақтану үшін банктер қаржылық емес компаниялар сияқты валюталық своппен айналыса алады. Валюталық своп қарапайым келісім, екі компания своп мөлшерлемесі бойынша валютаны сатып алуға сатуға және келешекте своптың іс-әрекет жасауға міндеті.
Валюталық тәуекелдік
Ұлттық валюталық қатысты шетел валюталарының бағамдарының өзгерісімен байланысты валюталық зиян шегу қаупі. Валюталық тәуекел бір валюта бағамдарының әр түрлі валюта нарықтарында сәйкес келмеуінен немесе әр түрлі уақыт кезеңінде валюта бағамдарының айырмашылығынан түзелетін алып –сатарлық табыс алуға тырысатын банктерде өте жоғары келеді. Валюталық тәуекелділікті төмендету мақсатында көбіне пайыздық тәуекелдік қолданылатын әдістер пайдаланылады: валюталық фьючерс контрактілері; валюталық опциондар, валюталық своптар. Несиелік келісімшарттағы ақшалай міндеттемелердің валюта бағамдарының өзгеруіне байланысты өзгерісінің алдын алу үшін төлем құралы ретінде тұрақты валютаны таңдау әдісі қолданалады. Бір ел валютасы немесе халықаралық ақша бірліктері де пайдаланылады. Банктік тәжірибеде валютаның тәуекелділігін төмендету үшін шетел валюталары бағамдарының ауытқуын үнемі бақылау сақтандыру, форвад контрактілерін жасау және басқа да әдістер қолданылуда. Біз қай тәуекелдіктің банктік қызметте болатыны және оны төмендетудің негізгі әдістерін қарастырады. Шараларды жасау тәуекелдік шеңберіндегі банк стратегиясының маңызды компоненті болып табылады. Нарық шаруашылығындағы банктік қызметтің басты тәуекелдікті және банкротты төмендету арқылы операциялардан түсетін пайданы барынша жоғарлатудан тұрады.
Банктердін валюталық тәуекелдік – бұл қандайда бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалмауына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.
Валюталардың курстары салыстырмалы түрде бір-біріне әрдайым да өзгерістер болатыны белгілі (KZT/USD, YEN/USD және т.б.), ол банк қызметінің пайдасы мен шығынында көрініс табады. Валюталық тәуекел трансляциялық, операциялық, контрактілік және басқа да тәуекелдерді ажыратады.Валюталық тәуекел пайыздық ставка және өтімділік тәуекелімен байланысты. Ол валюталық актив және пассив құрылымдары сәйкес келмегенде, сондай-ақ мемлекетте инфляциялық процестер кезінде пайда болуы мүмкін. Валюталық тәуекел негізінде белгілі бір кезең ішіндегі несиелік немесе басқа келісімнің ақшалай мңндеттемесінің нақты құнының өзгерісі жатыр. Сонымен қатар, валюталық тәуекелге келісім – шарттың кез келген жағы баруы мүмкін (несиелік, саудадық және т.б.): кредитор өзінің шетелдік контрагентіне банктік несие бере отырып, қарызгерге ала алмау тәуекеліне барады. Ал қарызгер несиені алған кездегі болған курс бойынша несиелік келісім-шартта валюта курсын белгілегенмен салыстырғанда, төлейтін кездегі валюта құнының көтеріліп кетуінен құнын жолғататын валюталық тәуекелге барады.Валюталық тәуекел, әсіресе әр түрлі валюталық рыноктарда сол бір валютаның курстары сәйкес келмеуіне байланысты сол айырымдардан пайда табатын (спекулятивтік табыс) немесе валюта курсының әр түрлі уақыт кезеңдерінде айрымынан түсетін пайда, мысалы, арбитраждық операциялар жүргізетін банктерде, яғни сондай қаржылық – несиелік институттарда өте жоғары. Валюталық тәуекел, қарызды қайтару кезеңі және несиелік контракт соммасы неғұрлым көп болса, соғұрлым жоғары болады.Несие берудегі валюта төлем валютасымен сәйкес келмесе де валюталық тәуекел болады. Бір банкінің бірнеше филиалдары бірігіп төлем жүргізген кезде де валюталық тәуекелдер болуы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, валюталық тәуекелдердің болуы қаржылық-несиелік мекемеге өте маңызды зиян әкеледі. Сондықтан қаржылық-несиелік мекемеге валюталық тәуекелді болжау үшін немесе олардың салдарын барыншы болдырмау үшін мақсатты іс-әрекеттерді өз уақытында ойластырып жүргізу керек.
Фьюрестік (болашақ) контрактілер. Олар пайыз мөлшерлемесіндегі ойындар үшін пайдаланылатын мерзімді контрактілерді білдіреді. Шарт бойынша құжатты белгілі бір мерзім өткеннен кейін, келісілген уақытта болашақтағы тұрақты бағада сатып алады.
Валюталық опциондар –опцион ұстаушыға қысқа мерзімді қарыз немесе депозитті тұрақты бағада мерзімді қарыз белгілі бір күн жеткенге дейін сатып алуға немесе сатуға құқық беретін келісімді білдіреді. Шетел валюта тәуекелдіктері дамушы елдердің қарыз алушылардың неиселер бойынша жаппай төлем төлемеуіне байланысты 70 жылдарда анықталады.
Валюталық тәуекелін сақтандыруда үш тәсіл қолданылады,
Валюталық тәуекелді диверсификациялау бұл валюталық несиелер бойынша несиелік портфельді диверсификациялаумен сипатталады.
Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелін басқару шетел валютасында бейнеленген бпнктің талаптары мен міндеттемелерінің арасындағы айырманы реттеуді білдіреді.
Валюта тәуекелдігі сыртқы сауда кредит және валюта операцияларын жүргізу негізінде шетел валюта құнының ұлттық валютаға қарағанда өзгеруіне байланысты валюталық зиян шегу қаупі туындайды.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 220 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |