Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р қазіргі бюджет саясаты

Читайте также:
  1. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  2. Ақша-несие саясатының мәні, құралдары
  3. Анализ бюджета
  4. Анализ исполнения сметы расходов бюджетных учреждений
  5. Анализ объемов работ, услуг бюджетных учреждений.
  6. Анализ ресурсов бюджетных организаций.
  7. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджеттік несиелендіру іс әрекетінің қазіргі жағдайы
  8. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджеттік несиелендіру іс-әрекетінің қазіргі жағдайы
  9. Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекет саясаты
  10. Бюджет как основное звено государственных финансов

Экономиканы мемлекеттік реттеуде биліктің жүргізіп отырған экономикалық саясаты маңызды рөл атқарады.

Экономикалық саясатты қалыптастырып, қолдану арқылы мемлекет мақсатты бағдарламаларды, ұстамды және байыпты экономикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Кез-келген елдің экономикасы ең алдымен объективті тарихи және экономикалық заңдылықтарға бағынышты. Бұл мағынада мемлекеттің бағыты белгілі және айқын деп айтуға негіз бар. Бірақ, ақиқатында экономика өткен тарихпен және келер болашақпен жарым-жартылай ғана байланысты. Көп жағдайларда оның қозғалыс траекториясы басты әрекет етуші субъектілерге ұйымдар мен азаматтардың ынтасы мен ерік-жігеріне тәуелді. Бұл субъектілердің әрқайсысының экономикалық тағдырға әсер ету мүмкіндігі бар. Бұған қатысты едәуір мүмкіндіктер мемлекеттің құзырында екендігі даусыз.

Мемлекеттің бюджеттік саясатының ең бірінші міндеті қауіпті деңгейге жеткен бюджет тапшылығын еңсеру болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің жалпы көлемінің 5% шектеріндегі және жалпы ішкі өнімнің 1-2% деңгейіндегі тапшылық қауіпті деп саналмайды. Бірақ, егер бюджет тапшылығы оның көлемінің ондаған пайызын құрап, Ж.І.Ө-нің 5%-нан артып кетсе, онда бұл бюджеттік саясаттағы ірі ақаулықтарды көрсетеді.

Мемлекеттің бюджет тапшылығын ақша эмиссиясымен жабуға ұмтылысы инфляцияға жетелейді, ал мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және сату болашақ борыштарды туындатады, өйткені қағаздарды өтеу және олар бойынша пайыздар төлеуге тура келеді. Сондықтан, мемлекеттік бюджеттің теңгермелігіне қол жеткізу үшін бюджеттік саясат мемлекеттің кірісі мен шығысы саясатымен байланыстырыла жүргізілуі тиіс.

Мемлекеттік шығындар саясаты ең алдымен мемлекеттік сектордың сұранысын қанағаттандыруы қажет, яғни бюджеттің шығысы баптарында көрсетілетін мемлекеттік зәру қажеттіліктерді қанағаттандыруы тиіс.

Мемлекеттік кірістер саясаты мемлекеттік бюджетке ақша қаражаттарын келтіретін қолда бар және потенциалды көздерге сәйкес жүргізілуі керек. Мемлекеттік бюджет негізінен салықтық түсімдерден құралатынын ескерсек, онда мемлекеттік кірістер саясаты салықтық саясатпен тығыз байланыста болары даусыз.

Салықтық саясат – салық түрлерін, салық салу объектілерін, салықтық қойылымдарды, салық алу шарттарын, салықтық жеңілдіктерді тағайындаудан көрінетін фискалдық экономикалық саясаттың бір бөлігі. Бұл параметрлерді мемлекеттік реттеудің басты мақсаты салықтан түсетін ақша қаражаттары мемлекеттік бюджетті қаржыландыруға жеткілікті болуы тиіс. Бірақ, бұл арада салықтық және бүкіл фискалдық саясаттың басты қарама-қайшылығымен кездесуге тура келеді.

Салықтық ауыртпалық жоғарылаған сайын қайсыбір шектерден бастап оны төлеуге ықтиярлық пен мүмкіндік кеми түседі. Салықтардың жоғарылығы оны қоректендіріп отырған салықтық негізді үгіте бастайды. Сондықтан мемлекеттік салықтық саясаттың негізінде жоғары емес, ұтымды салықтық қойылымдар болуы тиіс.

Мемлекеттің салықтық саясаты бюджетке түсімдерді қамтамасыз етумен ғана байланысты емес, сонымен бірге құрылымдық-инвестициялық саясат жүргізумен де байланысты. Салықтарды, салықтық қойылымдарды, салықтық жеңілдіктерді реттей отырып мемлекет өндірістің белгілі бір түрлерінің өзін-өзі дамытуға ынталандыруға, тұтыну құрылымына әсер етуге, қаражатты экономика дамуына салуды көтермелеуге мүмкіндіктер жасайды.

 

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 33 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мемлекеттің әлеуметтік үдрістерге қатысуы | Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы ж/е қорғауы. | Дж.Кейнстің концепциясы | Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу | Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері | Салық жүйесін құрудың қағидалары | Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері | Экономикалық өсу:факторлары және мемлекеттік іс-шаралар | Агробизнесті мемлекеттік реттеу | Мемлекет және ірі бизнес |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав