Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тура әсер ету ортасы

Читайте также:
  1. Ағзалардың қанша мекен ету ортасы бар?төрт.
  2. Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
  3. Бензин бағасының төмендеуінің автомобиль нарығындағы қисық сызықтарына әсері
  4. Йымның ішкі ортасы туралы түсінік
  5. Кураре уы әсер еткенде төменде көрсетілген реакциялардың қайсысы болуы мүмкін?
  6. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
  7. СҰРАҚ: ДМ Денсаулық сақтаудағы маркетинг жұмысына қалай әсер етеді?
  8. Сынысқа әсер етуші факторлар
  9. Тақырып. Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны
  10. Тіршілік ортасы, түрлері және анабиоз

Ұйым мен оны қоршаған шартты жағдайларды комплексті қарастыру жүйелік көзқарастың құндылығын көрсетеді. Жүйелік көзқарас біржақты және факторлардың шектелген санын қарастыруға жол бермейді. Басқарудың көптеген теориялық және практикалық мәселелерін зерттеуде ұйымды үлкен жүйе ретінде зерттейді. Бірақ барлық ішкі және сыртқы байланыстарды тұтас бейнелеу және зерттеу өте қиын. Демек, сыртқы орта факторларын зерттеуде бір фактордан екіншіге кезекпен ауыстыру жолын жүргізу керек. Сондықтан, оларға жеке жеке тоқталайық.

Жабдықтаушылар – ұйымның мақсаттарына жетуге қажетті ресурстармен қамтамасыз етушілер. Ресурстардың қолда барлығы мен бағасы ұйымның қызметіне ықпал етеді, міндеттер мен жоспарды жасағанда ескеріледі. Материалдың бір түрін басқасымен алмастыру жабдықтау жүйесінде өзгерістер тудыруы мүмкін. Ұйым табысы үшін материалдар жабдықтары емес, сонымен қатар капитал да маңызды. Потенциалды инвесторлар қатарына банктер, бюджет қорлары, акционерлер, жеке тұлғалар және т.б жатады. Олар инвестицияларды тек пайда кепілдігі болған жағдайда ғана жасайды. Ең соңында, ұйымның тиімді қызмет етуі тиісті біліктілігі бар мамандар, материалды, капиталды және технологияны қозғалысқа келтіруге қабілеті бар кадрларсыз көз алдына елестету мүмкін емес.

Кәзір ұйымдарда жоғары білікті мамандар, соның ішінде менеджерлер жетіспейді. Сондықтан, жұмысшылар мен бақарушы кадрлар біліктілігін жоғарылату және дайындау инвестициялаудың тиімді салаларының бірі болып есептелінеді. Ұйымда кәсіподақтың болуы сыртқы ортаның тағы бір айнымалысымен есептесүдің қажеттігін көрсетеді: кәсіподақпен келіссөздер жүргізіліп, тарифтік келісімдер, коллективтік шарттар т.б шаралар жасалуы керек.

Тұтынушылар.Басқару теориясында бизнестің жалғыз нағыз мақсаты тұтынушыларды құру деген көзқарас орын алған. Мұнда үлкен мағына жатыр – ұйымның «өмір сүруі», табысы өз қызметі мен өнімдеріне тұтынушыларды табу қабілеттігіне байланысты. Тұтынушылар белгілі бір баға бойынша берілген товарлар мен қызметтерді пайдалана отырып, ұйымның іс – әрекетінің табыстылығын анықтайды. Ұйым өз қызметін тұтынушылардың белгілі бір тобына бағыттай отыра, ол сыртқы ортаның осы факторына әсер ететіндігін және де өзінің оған тәуелділігін ескерткенін байқатады.

Бәсекелестер. Ұйым басшысы өнім рыногындағы өзгерістерге қарай қимылдау керек. Бәсекешілер рыногқа өнімдердің жаңа түрлерін алып шығады, өз жарнамаларын күшейте түседі, өз өнімдері бағаларын төмендетіп немесе клиенттерге қызмен көрсету көлемін кеңейтеді. Қай жағдайда болмасын, егер басшы пайдасын немесе рыногтағы үлесін төмендеткісі келмесе әр өзгеріске өз жағынан әрекет жасау керек. Егер рыногтың жаңа жағдайларына басшы өз уақытында бейімделмесе, мұндай басшы акционерлер наразылығына ұшырауы күмәнсіз. Бүгінгі күнде өнім бағасына байланысты бәсеке оның сапалық бәсекесімен ауыстырылып отыр. Сонымен егер де ұйым бәсеке, күрес үстінде табысқа, жеңіске жетем десе, ол ең алдымен жаңалықты еңгізу және тиімді жұмыс істеуді көздеу керек.

Заң және мемлекет органдары. Ұйым қызметі түрлі заңдармен реттеледі. Бұл заңдар оның мемлекен мекемелерімен, жалданушы жұмыскерлермен арақатынасын, салық төйлеу тәртібін және т.б мәселелерді анықтайды. Заңдылық қозғалымдығымен қатар, кейде анықсыздығымен сипатталынады. Ұйымдар тек республикалық заңдар мен жергілікті маслихат шешімдерін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік реттеудің түрлі органдарының талаптарын орындауы қажет, мысылы қоршаған ортаны қорғау, тұтыну товарлары сапасы, еңбекті сактау бойынша талаптар және т.б. Түрлі органдардан шығатын талаптар, кейде бір біріне қарама-қайшылықта болады. Сонымен қатар реттеуші қызметтерін жергілікті билік мекемелері де жүргізеді.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 218 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав