Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Йымның ішкі ортасы туралы түсінік

Читайте также:
  1. A] ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым
  2. Linux негізін қалаушысы туралы
  3. Ағзалардың қанша мекен ету ортасы бар?төрт.
  4. Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
  5. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  6. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  7. Азаматтық құқық және азаматтық құқықтық қатнастар туралы түсінік
  8. Бап. Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм
  9. Бап. Борышкердің жеделдетілген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшi
  10. Бап. Жеделдетiлген оңалту рәсімі туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау және оның салдарлары

Ұйым байланысын сипаттау үшін жүйенің кірістері мен шығыстарын айқын анықтау қажет, сонымен қатар жүйеге айтарлықтай әсерін тигізуші компоненттердің сипатталуы қажет. Бұл жерде ұйымның ішкі ортасына оның айналасы көп әсерін тигізетіндігін ескеру қажет. Ұйым ішінле оның жеке қосалқы жүйелері өзара сыртқы ортамен өз бетімен байланыс құруы мүмкін. Ұйымды жүйе ретінде оның іс - әрекет ету және даму бағыты сипаттайды. Ол жүйенің даму және іс әрекетінің себепті- салдарлық қатынастарын айқындау сипаты қызметін атқара отырып, іс әрекетінің тиімді реттелуіне жету мақсатында айқындалады. Ұйым күрделілігі оның көп мақсатты екенін көрсетеді.

Ішкі айнымалылар – бұл ұйым ішіндегі оқиғалық факторлар. Көбінесе ішкі фактор жетекші, өз жұмысында жеңетіндей «мәлімет» болып табылады.

Конвеерден бас тартудың орнына жетекші оның жұмысшыларға жайсыз ықпалын мойындайды және өнімділігін төмендететін шаралар қолданады. Жетекшінің назар аударуын талап ететін ұйым ішіндегі басты айналымдар – мақсаттар, құрылым, міндеттер және адамдар, сонымен катар капитал. Алдымен біз олардың негізгі сипаттамаларын, содан кейін олардың байланысын қарастырамыз.

Менеджерге фирманың ішкі ортасы туралы ақпарат ішкі мүмкіндіктерді қойылган мақсаттарға жету үшін фирма бәсеке күресінде сүйене алатын потенциалын анықтауы қажет.

Мақсаттар. Мақсат – тәжірибеге қызмет ету барысында ойдағы нәтижеге жетудің соңғы сатысы.

Ұйымда әр түрлі мақсат болуы мүмкін. Біріншіден, бұл ұйымның әр түрлі типтеріне байланысты. Екіншіден, егер ұйымдар ірі болса онда көп мақсаттар болады.

Ұйым құрлымы – бұл ұйымның мақсаттарына неғұрлым тиімді жетуіне көмектесетін формадағы деңгейлердің, басқару және функционалды аймақтардың логикалық өзара байланыстары. Басқару көлемі – бір жетекшіге бағынушылар саны бақылау сферасын құрайды:

· Егер бір жетекшіге адамның көп көлемі бағынса бақылаудың кең сферасын құрайды.

· Бақылаудың тар сферасында жетекшіге адамдардың аз көлемі бағынады.

Технология ұйымның тек ішкі ортасының құрамдасы болмай, сонымен қатар сыртқы ортаның маңызды факторы болып табылады. Оның маңызы әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық даму ғасырында, жаңалықтарды ашу және еңгізу қарқыны жоғарлағанда зор боп бөлінеді. Ұйымдар ашылған жаңалықтарға тек жылдам ғана өз жағынан қам жасап қоймай, өздері де жаңалықтар ұсынып тұруға тиіс. Ұйым өзінің бісекелестік қабілетін жоғалтпай, керісінше асыру үшін, ол барлық дүниеге келген және қол жетерлік жаңалықтарды мейлінше қолдануға тиіс, тек осыған сүйене отырып ол қызмет тиімділігін ұдайы арттыра алады.

Технология төртінші маңызды ішкі айнымалы, құрылымды жүзеге асыруға көмектесетін амал болып табылады.

Адамдар – бұл адамдар тобы, қызметші ұйымдар, басқарушылар, бағынушылар, құрылым, потенциал, біліктілік т.б. қызығушылықтар мен тұтынушылар. Өндірістік ұйымды басқару жүйесін қалыптастыру – ең алдымен, ұйым алдындағы мақсаттарға жетуге қажетті өндірістік және басқарушы операцияларды орындайтын адамдардың қатынастары мен өзара байланыстарын орнату. Әлеуметтік жүйе ретінде ұйымның ерекшелігі басқару процесінің бар этаптарында адам және оның топтағы арақатынасы шешуші роль атқаратындығында. Әлеуметтік жүйелерде мақсаттар – адамдар қажеттіліктерінің бейнеленуі. Бұл қажеттіліктер санадан өткізіліп мүдделерге айналады, ал одан соң нақтылы іс әрекетке нұсқау түріне айналады. Бұл қажеттіліктер мен мүдделер үзіліссіз дамып отырады.

Мақсаттарға жету және орындау жолдарын іздеуде айнымалы болып табылатын адам мінез– құлқы, жүріс – тұрысы үлкен рөл атқарады.

Міндет – алдын - ала бекітілген амал мен, алдын - ала келісілген мерзімде орындалуға тиіс жұмыстың бөлігі немесе жұмыстың сериясы. Егер жұмыс осы амал мен, осы мерзімге ұйғарылғандай орындалса, ұйым сәтті қызмет етеді. Міндеттің сипаттамалары міндет адамдармен, ақпаратпен байланысты болуға тиіс анықталады.

Міндеттер-бұл басқару шешімдері белгілі бір кезең шiгінде арнайы бір уақытта жету үшін көзделген мақсаттар.

2. Ұйымның сыртқы ортасы

Ұйымның сыртқы ортасы ұйымның ішіндегі қабылданатын шешімдерден немесе ұйым қызметінің нәтижелерін тұтынушысы болып табылатын топтар. Сыртқы ортаға ұйымнан тыс бола отырып, оған маңызды әсер ететiннiң бәрі жатады. Ұйымға жүйелі баппен қарау оны сыртқы ортамен байланыстыратын кірістер мен шығыстарды айқындауды талап етеді Ол үшін сыртқы ортаның жүйелі әсер ететін маңызды компоненттерін айқындау қажет. Ұйымға әсет ететін факторларды екі топқа бөлуге болады:

тура әсер ету факторлары және жанама әсер ету факторлары.

Тура әсер ету факторларға: жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекешілер, заң және мемлекеттік пен қоғамдық органдар жатады.

Жанама әсет ету факторларына: саяси, экономикалық, әлеуметтік –мәдени, ғылыми – техникалық, табиғи, халықаралық және т.б. факторлар жатады. Экономиканы түбегейлі өзгерту заманында ұйым дамуының стратегиялық беталысын анықтайтын экономикалық және саяси факторлар үлкен роль атқарады. Нарықты экономика құру басты міндет болғандықтан сыртқы ортамен өзара қатынасын, іс әрекетін құруда ұйымның шешуші ролін атап өткеніміз жөн. Ұйымның сыртқы ортасына байланысты міндеттер:

· Ұйым ашық жүйе ретінде сыртқы ортаға ресурстар, кадрлар, энергия, тұтынушылар мен жабдықтаушылар бойынша тәуелді болғандықтан, менеджерлерге ұйымнан тыс факторлар қозғалысын ескеру қажет;

· Менеджерлерге ұйымына әсер ететін айналадағы факторларды анықтап алуы және сыртқы ықпалға бейімділік амалдары мен әдістерін таңдай алу керек;

· Ұйым өміршеңдігі үшін және тиімділігін сақтау үшін ортаға бейімделуге мәжбүр.

·

Сыртқы ортаның маңызды сипаты – факторлардың өзара байланыстылығы. Кез келген бір фактордың өзгеруі қалғандарының өзгеуіне әкеп соғуы, олардың өзара байланыстығын көрсетеді.

Сыртқы ортаның келесі бір сипаты оның қозғалымдығы, яғни ұйым айналасындағы болатын өзгерістер жылдамдығы. Сыртқы ортаның қозғалымдығына, ең алдымен ғылым және техника жетістіктері ең күшті әсер етеді.

Соңғы бір сипаты – оның анықсыздығы. Анықсыздық дегеніміз қоршаған ортанын информация саны мен оның сенімділігінің функциясы ретінде қарауға болады. Ұйымның сыртқы орта жайлы информациясы неғұрлым аз және дәлдігі төмен болса, соғұрлым сыртқы орта анықсыздығы жоғары және неғұрлым сыртқы орта анық емес, соғұрлым тиімді дұрыс шешім қабылдау қиын

Барлық аталған сыртқы орта сипаттамалары тура және жанама әсер ету факторларын бейнелеуге қатысады.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 343 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав