Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Билет № 1. 1.Цитология негіздері.Жасуша теориясы.

Читайте также:
  1. N13 Билет
  2. Активация Билета
  3. Билет 1
  4. Билет 1
  5. Билет 1
  6. Билет 1
  7. Билет 1
  8. БИЛЕТ 1
  9. Билет 1
  10. Билет 1

1.Цитология негіздері.Жасуша теориясы.

Цитология-жасуша туралы ғылым. Жасушаны (грекше“цитос”-жасуша,”логос“-ғылым).Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайымқұрылысын,қызметін және дамуын сипаттайды.Жасуша теориясы дегеніміз-тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы,көбеюі және көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым.Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды.Оны зерттеуде әр түрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді.Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703ж.)жасаған. Роберт Гукөсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып,олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылыстытапқан.Ол осы ұяларды грек сөзімен “целлюл-ла“-“жасуша” деп атады. Бұл жерде Роберт Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді. 17 ғасырдың 70-жылдарынан бастап голландық Антони Ван Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап,оның көмегімен судағы біржасу- шалы ағза-кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрді. Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымыЯн Пуркинье көрген еді.

Жасуша теориясы бойынша барлық тірі организмдер бір немесе одан да көп жасушалардан құралады немесе олардың түзген заттарынан құралады. Мысалы, бақалшық, сүйек және тері. Жаңа жасуша алдыңғысынан жасуша бөлінуі арқылы пайда болады және көпжасушалы организмдердің денесіндегі әрбір жасуша ұрықтанған аналық жасушадан, яғни жалғыз бір жасушадан шығады.

2.Дарвинге дейінгі кезендегі тірі табиғаттың дамуы жайлы ұғымдар.

Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы және дәрігер Карл Линней (1707-1778). Ол биологияның бір саласы тірі ағзаларды белгілі бір систематикалық категориялар бойынша жүйелейтін – систематиканың дамуына ықпалын тигізді. Ол ғылымға 4 систематикалық категориялар енгізді: класс, отряд, туыс, түр. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отрядтар класқа біріктірілді.Тірі табиғатты жүйелеуде жіберген бір қатар кемшіліктеріне қарамастан Линней еңбектері систематиканың ары қарай дамуына жол ашты.

XIX ғасырдың басында алғашқы эволюциялық теорияның негізін қалаушы француз ғалымы Ж.Б.Ламарк болды. Линней жасаған жүйеде омыртқасыздар бар жоғы 2 класқа біріктірілсе, Ламарк оларды келесідей 10 класқа топтастырды: инфузориялар, полиптер, сәулелілер, құрттар, насекомдар, өрмекшітәрізділер, шаянтәрізділер, мұртаяқтылар, былқылдақденелілер. Ламарктың жүйесіндегі жануарлар реті бір жасушалы қарапайым жәндік кебісшеден басталып, сүткоректілермен аяқталған. Оған белгілі барлық жануарлар 6 сатыға, 14 класқа жіктелу арқылы орналастырылған. Бұл жүйеден баспалдақ сипатында жануарлар құрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарылауын көруге болады. Ламарктың пікірі бойынша ағзалардың қарапайым құрылыстан күрделі құрылысқа қарай біртіндеп жоғарылауы тарихи дамудың нәтижесі. Бұл тарихи дамудың қорзаушы күшін түсіндіргенде ол мүшелердің жаттығуы немесе жаттықпауы деген қате идеалистік көзқараста болды.Ламарк табиғи дамудың қозғаушы күштерін дұрыс көрсете алмай, оны түсіндіруде әр ағзада прогреске іштей ұмтылыс болады, және ортаға бейімделуде әуел бастан мақсатқа сәйкестілік бар деген идеалистік қате ұғымда болды. Ламарк ғылым тарихында эволюциялық идеяны алғаш ұсынған ғалым ретінде белгілі. Ол табиғатта түрлердің тұрақты еместігін, бір түрдің екінші түрге біртіндеп айналатындығын айта келіп, табиғатта түрдің шын мәнісінде бар екенін жоққа шығарды.

Осыған қарамастан Дарвин эволюциялық идеяларды тұжырымдаған кезде Ламаркты өзінің ізбасары деп танып, оның еңбектерін өте жоғары бағалады. Чарлз Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуына ғылыми және қоғамдық-экономикалық алғы шарттар себепкер болды.

 

3.Гемофилия жыныстық хромосомамен (Х) тіркес рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Гемофилик-еркек, әкесі гемофилик өзі қаны қалыпты ұитын әйелге үйленген. Осы отбасында дені сау балалардың тууының ықтималдығы қандай?

Берілгені Р ♂ Ух ♀ Х
- сау Г
- ауру

Бұл отбасынан сау қыз және ұл бала дүниеге келеді.




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 54 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав