Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Билет №6

Читайте также:
  1. N13 Билет
  2. Активация Билета
  3. Билет 1
  4. Билет 1
  5. Билет 1
  6. Билет 1
  7. Билет 1
  8. БИЛЕТ 1
  9. Билет 1
  10. Билет 1

1.Цитоплазма және оның органойдтары:құрылысы және атқаратын қызметтері (эндоплазматикалық тор,рибосома)

.Цитоплазма –жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат. Оның түпнегізін гиалоплазма түзетіндіктен, цитоплазманың құрамы әр түрлі болады.Гиалоплазма грекше «hyalos» -әйнек жіне «plastma» - түссіз масса деген мағынаны білдіреді.Гиалоплазманың химиялық құрамы күрделі. Оның құрамында 20 - 25 % нәруыз, гликолиз ферменттері, азотты негіздер, аминқышқылдары,майлар және т.б. болады.Гиалоплазма – жасушаның барлық құрамдарын біріктіретін және бір – бірімен химиялық қатынасын қамтамасыз ететін негізгі орта. Цитоплазма мембраналы және мембранасыз органоидтерден тұрады. Мембраналы құрауыштарға: эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы, лизосомалар, митохондриялар мен пластидтер жатады. Ал мембранасыз органойдтерге: рибосомалар, центриольдер, микротүтікшелер жатады.Эндоплазмалық торды 1945 жылы К. Портер электрондық микроскоптың көмегімен тауық балапанының ұлпасынан тапқан.Эндоплазмалық тор: түйіршікті және тегіс болып екіге бөлінеді. Түйіршікі ЭПТ – ұзынша келген түтіктер мен қуыстардан тұрады да, ал қуыстардың ені оның қызметтеріне қарай өзгеріп отырады. Түйіршікті ЭПТ мембранасының цитоплазмаға қараған бетінде тығыз түйіршіктер орналасқан. Бұл түйіршіктерді зерттей келе, оның рибонуклеопротеидтерден тұратындығы анықталды, оларды рибосомалар деп атады. Тегіс ЭПТ – гликолипидтер молекулаларының синтезіне қатысады және оларды тасымалдайды.Түйіршікті ЭПТ мембраналарында синтезделген нәруыз молекулалары және әртүрлі ферменттер, оның түтікшелері арқылы Гольджи жиынтығының қуыстарына жеткізіледі.Бұдан ЭПТ-дың нәруыз биосинтезіне қатысада және синтезделген заттарды тасымалдау қызметін атқарады.

2.Макроэволюция және оның бағыттары.(аромарфоз,идиоадаптация,дегенерация)

Макроэволюция – ірі жүйелік топтардың (класс, тип, отряд) қалыптасу процесі. «Макроэволюция» терминін биологияға 1927 жылы селекционер ғалым Юрий Александрович Филипченко енгізген. Макроэволюция микроэволюциялық әрекеттердің, яғни тұқым қуалайтын өзгергіштік пен оқшауланудың және табиғи сұрыпталудың бағыттаушы әсері негізінде жүреді.Макроэволюция нәтижесінде түзілген жүйелік топтардың өзара ұқсастығы олардың шығу тегімен бірге екендігімен, ал айырмашылықтары әртүрлі орта жағдайларына түрліше бағытта бейімделуімен түсіндіріледі. Биологиялық прогресс – жүйелік топтағы даралар санының артуы, таралу аймақтарының кеңеюі, басқада жүйелік топтарға ажырауы. Популяция мен түрдің тіршілік ортасына бейімделуі. Академиктер – Алексей Николаевич Северцов пен Иван Иванович Шмальгаузен биологиялық эволюцияның биологиялық прогреске әкелетін 3 бағытын анықтады. 1.Ароморфоз (грекше «airo» - көтеру, «morpha» - пішіні»), арогенез – организмнің құрылысы мен қызметін күрделендіруге, құрылымы мен тіршілік етуге қабілетінің жалпы деңгейін көтеруге әкелетін эволюциялық өзгеріс. Ароморфоздың нәтижесінде жаңа ірі систематикалық топтар – типтер мен кластар пайда болады. 2.Идиоадаптация –(грекше «idios» - ерекшелігі, латынша «adaptatio» - бейімделушілік деген мағына береді), аллогенез – биологиялық құрылым деңгейін күрделендірмей, өзгертпей тіршілік үшін күресте организмдердің өзіне пайдалы белгілі бір орта жағдайына бейімделушілігі. 3.Дегенерация – (катагенез; грекше «kata»- қарапайымдану, кері кету) – эволюцияның үшінші бағыты. Бұл бағытта организмдердің құрылысы қарапайымданады, бірақ өлімге апармайды.. Дегенерация – жалпы құрылым деңгейін қарапайымдатып төмендету арқылы организмдердің бейімделгіштік өзгерісі.

3. Дені сау (гемофилик емес), қаны АВ тобына жататын еркек дені сау, қаны О тобына жататын әйелге үйленген. Әйелдің әкесі гемофилик. Осы некеден туған балалардың фенотипі туралы не айтуға болады?

Берілгені Р ♂ х ♀
- дені сау Г
-әйел (2 қ.т.) (3 қ.т.)
  (2 қ.т.) гетерозиготалы (3 қ.т.)гетерозиготалы

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 73 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав