Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Билет № 7

Читайте также:
  1. N13 Билет
  2. Активация Билета
  3. Билет 1
  4. Билет 1
  5. Билет 1
  6. Билет 1
  7. Билет 1
  8. БИЛЕТ 1
  9. Билет 1
  10. Билет 1

1.Цитоплазма және оның органойдтары:құрылысы және атқаратын қызметтері(пластиттер,митохондрия)

Цитоплазма –жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат. Оның түпнегізін гиалоплазма түзетіндіктен, цитоплазманың құрамы әр түрлі болады.Гиалоплазма грекше «hyalos» -әйнек жіне «plastma» - түссіз масса деген мағынаны білдіреді.Гиалоплазманың химиялық құрамы күрделі. Оның құрамында 20 - 25 % нәруыз, гликолиз ферменттері, азотты негіздер, аминқышқылдары,майлар және т.б. болады.Гиалоплазма – жасушаның барлық құрамдарын біріктіретін және бір – бірімен химиялық қатынасын қамтамасыз ететін негізгі орта. Цитоплазма мембраналы және мембранасыз органоидтерден тұрады. Мембраналы құрауыштарға: эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы, лизосомалар, митохондриялар мен пластидтер жатады. Ал мембранасыз органойдтерге: рибосомалар, центриольдер, микротүтікшелер жатады. Пластидтер – өсімдік жасушасында болатын негізгі органоид. Олар саңырауқұлақтарда, көк – жасыл балдырларда және бактерия жасушаларында болмайды. Пластидтердің үш типі бар: Хлоропластар – (жасыл) митохондриялар сияқты қос мембраналы органоид. Хлоропластың негізін құрайтын граналарда фотосинтез процесі жүреді.Хлоропласт құрамында нуклейн қышқылдары – ДНҚ, РНҚ және рибосомалар болады. Хлоропласт жасушасында АТФ молекуласы және көмірсулар синтезделеді. Хромопластарда әртүрлі – сары, қызыл, қоңыр т.б. түсті пигменер болады. Олар жемістердің, жапырақтардың, гүлді өсімдіктердің күлте жапырақшаларының жасушаларында болады. Лейкопластар (түссіз) көптеген өсімдіктердің жасушаларында кездеседі. Олар ұрықтық ұлпалардың жасушаларында, споралар мен аналық гаметалардың цитоплазмаларында, тұқымдарда, түйнектерде, тамырда, көптеген даражарнақты өсімдіктердің эпидермистерінде болады. Митохондрия –(грекше «mitos»- жіп және «chondrion» - дән,түйіршік) қос мембраналы органоид, ол ішкі және сыртқы мембранадан және мембранааралық кеңістіктен ұрады. Оның құрамында нәруыз, май, нуклейн қышқылдары, рибосома және әртүрлі иондар мен ферменттер болады.Митохондрияның негізгі қызметі – энергия көзі – АТФ молекуласын синтездеу.

2.Жер бетіндегі тіршілік тарихынын негізгі белгілі белгілері мен кезендері(Ф.Редм,Л.Пастер,А.И.Опарин т.б ғалымдардың ғылыми еңбектері)

1-кезең.Ағзалық заттардың авиагендік синтезі. Бұл үдеріс Миллердің құтысында қолдан жасағанындай алғашқы мұхитта және алғашқы атмосферада өтті. Нәруыз түзе отырып, май, көмірсу және аминқышқылдар синтезделді. Тұңғыш мұхитта осы аағзашалардың бәрі болды. А.Опарин дамудың бұл сатысын алғашқы сорпа деп атады. Ағзашалар оттегісіз тотыға алмайды. 2кезең. Коацервация үдерісі. Жинақталған ағзашалар ұйымға коацерваттарға жинала бастады. Ерімейтін майлар қасиеттері және молекулалардың әр түрлі заряды есебінен тосқауылдар қалыптаса түсті. 3кезең.Коацерваттар эволюциясы, тіршілік қасиеттерінің көрініс беруі. Ферменттік белсенділігі бар коацерваттар қалыптасу соңынан олардың «өсу және көбею» үдерістері басталатын болады.Коацерваттар мұхиттағы май, нәруыз,көмірсу молекулаларын «сіңіріп», оның әсерінен өсті. 4кезең. Алғашқы прокариотты жасушаларының пайда болуы. А.Опарин жазғандай «протобионттардан өте қарапайым бактерияларға дейін табиғатта жүріп өткен жолы... Амебадан адамға дейін жүріп өткен жолдан тіпті де кем емес» Тіршілік қалыптасуындағы ең сыры белгісіз және күрделі кезең. 5кезең. Эукариоттың, көпжасушалылардың пайда болуы, тірі ағзалардың дүниеге бөлінуі.Эукариоттың пайда болуын дәлелдейтін теория-эндосимбиоз теориясы.

ХҮІІ ғасырдың ортасында италиялық жаратылыс зерттеуші әрі дәрігер Франческо Реди (1626-1698жж) тәжірибе жасап, «тіршілік өздігінен пайда болады» деген теорияға қарсы шықты. Ол 1668жылы төрт ыдысқа ет салып, оларды ашық қойды да, келесі төрт ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты. Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа салғандықтан, шыбындар өсіп шықты. Ал беті дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан жоқ. Реди осы тәжірібиесі арқылы шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана шығатының, шыбынның өздігінен пайда болмайтының дәлелдеп берді. Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтының дәлелдеу үшін 1860ж.француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822-1895жж) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны қайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иінен жиналып қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Бұл тәжірибе арқылы Л.Пастер «организм тек тірі организмнен ғана пайда болады» деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді. А.Опарин (1894-1980жж) орыстың көрнекті биохимик ғалымы. Органикалық заттардың абиогендік жолмен пайда болатыны туралы гипотезаның негізін салушы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс ғылыми тұжырым жасады. Эволюциялық биохимияның негізін салды.

3. Мылқаудың 1 түрін анықтайтын ген рецессивті болып табылады, ал қалыпты өсуді доминантты ген анықтайды. Гетерозиготалы ата-анадан қандай бала туады?




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 206 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав