Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Билет № 8

Читайте также:
  1. N13 Билет
  2. Активация Билета
  3. Билет 1
  4. Билет 1
  5. Билет 1
  6. Билет 1
  7. Билет 1
  8. БИЛЕТ 1
  9. Билет 1
  10. Билет 1

1.Цитоплазма және оның органойдтары:құрылысы және атқаратын қызметтері(Гольджи жиынтығы,лизосомалар)

Цитоплазма –жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат. Оның түпнегізін гиалоплазма түзетіндіктен, цитоплазманың құрамы әр түрлі болады.Гиалоплазма грекше «hyalos» -әйнек жіне «plastma» - түссіз масса деген мағынаны білдіреді.Гиалоплазманың химиялық құрамы күрделі. Оның құрамында 20 - 25 % нәруыз, гликолиз ферменттері, азотты негіздер, аминқышқылдары,майлар және т.б. болады.Гиалоплазма – жасушаның барлық құрамдарын біріктіретін және бір – бірімен химиялық қатынасын қамтамасыз ететін негізгі орта.

Цитоплазма мембраналы және мембранасыз органоидтерден тұрады. Мембраналы құрауыштарға: эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы, лизосомалар, митохондриялар мен пластидтер жатады. Ал мембранасыз органойдтерге: рибосомалар, центриольдер, микротүтікшелер жатады.Гольджи жиынтығы- бірқатар маңызды қызмет атқаратын жасуша органоидіның бірі.Оны 1898жылы италиялық ғалым К.Гольджи жүйке жасушаларынан тапқан. Гольджи жиынтығының негізгі қызметі эндоплазмалық тормен тікелей байланысты, одан келген заттарды өңдеп, көпіршік түрінде шығарады. Осы көпіршіктер лизосома органоидінің бастамасын береді. Лизосомаларды 1955жылы бельгиялық биохимик Де Дюв ашқан. Лизосома (грекше «lysis»-ерігіш және «soma»-дене) «денелерді ерітеді» деген мағына білдіреді. Лизосомалардың құрамында 60-қа жуық гидролиздеуші ферменттер болады. Олар әр түрлі заттармен мүшелерді ыдыратады. Осыған байланысты лизосомаларды «ас қорыту мүшесі» деп атайды. Лизосомалар эндоплазмалық тор және Гольджи жиынтығының белсенді қызметінен пайда болады. Негізгі қызметі- эндогенді және экзогенлді молекуларды ыдырату.

2.Органикалық дүниенің даму тарихы(замандары мен кезендері)

Жер тарихы – заманға;заман – кезеңге; кезең – дәуірге; дәуір – ғасырға бөлінеді. Архей (900 миллионнан артығырақ)заманында жанартаулардың белсенді әрекетінен климат өте ыстық. Ертедегі теңіздегі оттексіз тіршілік жағдайы, оттекті атмосфераның дамуы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы. Ең алғашқы жасушаның пайда болуы – биологиялық эволюцияның бастамасы. Көк – жасыл балдырлар мен бактериялардың анаэробты формаларының және прокариотты организмдердің қалдықтарының жыныстардан табылуы. Протерозой – (алғашқы тіршілік 2000) Жанартаулар әрекетінің жалғасуы. Климат өте суық, протерозойдың орта шенінде бірнеше қайта мұз басты. Соңында атмосферада бос оттек 1%-ға жетті. Шөгінді жыныстар қарқынды түзілді. Теңіз қарапайымдылары дами бастады. Палеозой заманы 6 кезеңнен тұрады: Кембрий 80+- 20 ылғалды климат біртіндеп жылына бастайды. Теңіз көлемі ұлғайып кезеңнің соңында ептеп азаяды. Теңіз омыртқасыздары кең таралған, 60% -ы трилобиттер. Минералданған қаңқасы бар организмдердің шығуы. Көп жасушалы теңіз балдырлары мен қарапайым саңырауқұлақтар пайда болды. Ордовик 55+-10 – ылғалды жылы климат. Алғашқы омыртқалылар – балықтардың шығуы;омырқасыздардың кейбір топтарының жойылуы. Тікентерілердің дамуы.тЕң алғашқы бас аяқты ұлулар мен шаянтектестер пайда болды. Теңіз балдырларынан – жасыл, қызыл, қоңыр балдырлардың өте көп түрлері дамыды. Силур 35+-10 Құрғақ климат біртіндеп ылғалды, жылы болып Скандивания, Саян таулары түзіледі. Коралдар мен трилобиттер кең таралды. Ертедегі балықтар, ауамен тыныс алаын төменгі сатыдағы сарышаяндар пайда болды. Теңіз өрмекшітектестері кең таралды.Кезеңнің соңында псилофиттер дамып, құрлыққа шықты. Саңырауқұлақтар пайда болды. Девон 55+-10Оңтүстік Америка мен Африканы мұз басқан. Балықтар, өрмекшілер, кенелер пайда болып, жақсүйексіздер жойылды. Ең соңында, алғашқы құрлық омыртқалы жануары – стегоцефалдар шықты. Псилофиттер біраз дамыған соң жойылды. Споралы өсімдіктер мен тұқымды өырыөжапырақтар дамыды. Тас көмір 65+-10Климат жылы ылғалды, ең соңында суытады. Тянь-Шань, Орал, Альпі, Кордильера тауларының, тас көмірінің қалың қабаттарының түзілуі. Коралдар, ұлулар, қосмекенділердің таралуы. Алғашқы бауырымен жорғалаушы – котилозаврдың, ұшатын жәндіктер мен өкпемен тыныс алатын құрлық былқылдақденелілерінің, ірі қосмекенділердің шығуы. Споралы өсімдіктермен бірге алғашқы ашықтұқымдылар мен мүктәрізділердің пайда болуы. Перьм 50+-10 Тау түзілуінің аяқталуы, жартылай тұйық су қоймаларының түзілуі. Оңтүстік жарты шарды мұз басуы. Рептийлердің қарқынды дамуы, трилобиттердің жойылуы. Аң тісті бауырымен жорғалаушылардың шығуы. Ағаш тектес қырықжапырақтар, қырықбуындар, плаундар жойылып, солтүстік жарты шарда ашық тұқымдылардың таралуы. Мезозой (ортаңғы тіршілік165). Триас 40+- 5 Материкьар қозғалысының басталуы. «Динозаврлар ғасырының басталуы» тасбақалар, крокодилдер, алғашқы сүтқоректілер мен сүйекті балықтардың пайда болуы. Қарапайым қосмекенділердің жойылуы. Тұқымды қырықжапырақтар жойылып, қырықжапырақ тәрізділер мен плаун тәрізділердің кең таралуы. Юра 60. Ылғаалды климат біртіндеп құрғақ климатқа ауысады. Атлан мұхитының пайда болуы. Мұхиттарда басаяқты ұлулар, тікентерілердің пайда болу кезеңінің соңында алғашқы құс – археоптерикстің шығуы. Бунақдене қоректі қалталы сүқоректілердің дамуы. Бор 70 Климаттың сынуы, дәуірдің соңында Альпі, Анд, Гималай тауларының түзілуі. Құрлықта бор қабатының қалыңдауы. Нағыз құстардың, қалталы, плацентарлы сүтқоректілердің шығуы, ірі бауырымен жорғалаушылар мен алғашқы құстардың құрып бітуі. Қырықжапырақтар мен ашықтұқымдылар күр азайып, жабықтұқымдылар дамып, дара жарнақты өсімдіктер шықты. Кайнозой (жаңа өмір66+-3,сүтқоректілер ғасыры). Палеоген (төменгі үштік кезең, палеоцен, эоцен, олигоцен, миоцен, плиоцен дәуіріне бөлінеді.) Бірқалыпты жыл қоңыржай,климат, Қырым, Кавказ, Памир, Гималай тауларының түзілуі. Кейбір басаяқты ұлулар жойылып, теңіздерде сүйекті балықтар көп таралған. Ұрықжолдасты сүтқоректілердің көбірек дамуы. Адамның адам тектес маймылдан жаралуы. Жабықұқымдылар жер бетіне кең таралып, соңында тайга мен тундра түзіледі. Неоген (жоғарғы үштік кезең 23) Каспий, Жерорта, Қара теңіздер мен Арал теңізі жеке бөлінеді. Құрлықта құйрықты,құйрықсыз бақалар, сүтқоректілердің көп отрядтары, соның ішінде приматтар, отряды дамыды. Антропоген 1,5-2,0 (адам дәуірі) Адамның пайда болуы, осы күнгі жануарлар дүниесінің дамуы. Осы күнгі өсімдіктердің пайда болуы. Әсіресе шөптесін өсімдіктерінің алуан түрлерінің шығуы.




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 173 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав