Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Билет №21

Читайте также:
  1. N13 Билет
  2. Активация Билета
  3. Билет 1
  4. Билет 1
  5. Билет 1
  6. Билет 1
  7. Билет 1
  8. БИЛЕТ 1
  9. Билет 1
  10. Билет 1

1.Эволюциялық ілім.К.Линней мен Ж.Б.Ламарктың еңбектері және оларға берілген ғылыми бағалар.

ғылыми бағалар.

Эволюция ілімі тршіліктің тарихи дамуын, өзгеруін, өрлеуін және мұның себептерін, заңдылықтарын және қозғаушы күштерін зерттейтін ғылым.Эволюцияны микроэволюция және макроэволюция деп екіге бөледі. Микроэволюция- дегеніміз жаңа түрлердің қалыптасуына әкелетін, популяциялық деңгейде жүріп жатқан эволюциялық үрдістерді айтамыз. Макроэволюция- деп түрден жоғары таксондар деңгейінде жүріп жатқан эволюциялық үрдістерді айтамыз. Макроэволюция туыстар, тұқымдастар, отрядар, кластар, типтердің түзілуімен нәтижеленеді. Карл Линней- (1707-1778) тірі табиғатты жүйелеуде еңбек сіңірген швед ғалымы. Ол табиғаттың кұдай тарапынан жаратылғанына сенген. Ол түрдің табиғи жан-жақтылығын және ақиқат барлығын айта келіп, түр-құрылысы жағынан ұқсас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді. Линней түрді латын тілінде қос атпен атауды (биноминальдық номенклатура) тәжірибе енгізіп, оны жүйелеуге негіз етіп пайдаланды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отрядтар класқа біріктірілді. Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа, ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды. Жануарлар кластарына: сүтқоректілер, құстар, сұмпайылар, балықтар, бунақденелілер және құрттарды жатқызды. Ең соңғы құрттар класына Линней қарапайымдарды, тікентерілілерді, тіпті дөңгелекауыздыларды да енгізді. Линнейдің құрастырған жүйесі жасанды деп аталады, өйткені бұл жүйе түрлер арасындағы туыстықты емес, ұқсастықты ғана көрсететін жүйе болды. Линней табиғат туралы метафизикалық, көзқараста бола отырып (түр өзгермейді деп есептегенімен) адамның жануарлар дүниесіндегі орнын дәл тауып, оны адам тәрізді маймылдармен қатар бір отрядқа орналастырылды. Тірі табиғатты жүйелеуде жіберген бірқатар кемшіліктеріне қарамастан Линней еңбектері орасан зор бағаланады. Ол өзіне дейінгі ғалымдардың барлығынан да өзгеше, жануарлармен өсімдіктердің ерекше жүйесін ұсынып, түрлердің шығу тегін анықтауға, жүйелеудің одан әрі дұрыс дамуына жол ашты. Түрлерді қосарынан латынша атауды енгізді; 8000-ға жуық өсімдіктер мен 4500-ге жуық жануарларды сипаттап, 1000-ға жуық биологиялық терминдер ұсынды. Өмірінің соңғы кезінде Линней түрлердің тұрақты еместігін мойындады Жан-Батист Ламарк (1744-1829)- эволюциялық ілімнің негізін қалаушылыарының бірі. Француз жаратылыстанушысы, зоолог, ботник, палеонтолог, эволюционист. «биология» деген терминді алғаш ғылымға енгізіп, жануарларды омырқалылыар және омыртқасыздар деп екіге бөлген. Оның ойынша эволюцияның қозғаушы күші – ағзалардың қарапайымнан күрделене түсуге ұмтылысы. Ол жақсы жұмыс істеген мүшелер жаттыға келіп, әрі қарай дами береді, ал көп қолданылмайтын мүшелер жаттықпағандықтан біртіндеп жойыла береді деп санаған.ЛАМАРК Жан Батист Пьер Антуан де Моне Шевалье[1][2][3] (1.8.1744, Базантен, Франция, Пикардия провинциясы — 18.12. 1829, Париж) — француз жаратылыстанушысы, ең алғаш эволюциялық теорияның (Ламаркизм) негізін қалаған ғалым, Париж ғылым академиясының мүшесі (1783). Зоопсихологияның негізін салып “Биология” терминін енгізген (1802). 1778 ж. 3 томдық “Франция флорасы” еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде ол бірінші рет өсімдіктерді анықтаудың дихотомиялық принципін ұсынды. Ламарк алғаш рет (1794) жануарларды омыртқасыздар мен омыртқалылар деп бөліп, ғылымға “омыртқасыздар” ұғымын енгізді. “Омыртқасыздар жүйесі” (1801), “Омыртқасыз жануарлардың табиғи даму тарихы” (1815 — 1822) деген еңбектері омыртқасыздар зоологиясының дамуына үлкен ықпал етті. “Зоология философиясы” (2 томдық, 1809 ж.) еңбегінде Ламарк жануарлар әлемін 14 класқа және 6 “сатыға” бөлуді ұсынды. Ол бірінші болып буылтық (сақиналы) құрттар, моллюскілер мен буынаяқтылардың бір-біріне жақындығын көрсетті. Осы еңбегінде алғаш рет біртұтас эволюция теориясын жариялады. Ол түр тұрақтылығы ілімін жоққа шығарды, оның пікірінше жануарлар мен өсімдіктер әлемінің көп түрлілігінің барлығы дерлік алуан түрлі сыртқы факторлар әсерінің нәтижесінде түрлердің өзгеруінен пайда болады. Ламарк ботаникалық және зоологиялық еңбектерден басқа геология, гидрология және метеорология бойынша да еңбектер жариялады. 1799 — 1810 ж. “Метеорологиялық жылнамалар” журналының 11 томын шығарды. 1802 ж. шыққан “Гидрогеология” деген еңбегінде сол кезеңде үстемдік еткен апат теориясына қарсы шығып, жер бетінің сыртқы факторлардың әсерлерінен біртіндеп өзгеру теориясын ұсынды. Ламарк тірі затты өлі заттан ажыратуға мүмкіндік беретін 10 белгіні ұсынды. Соның нәтижесінде клеткалық теорияның ашылуынан 20 жыл бұрын Ламарк тірі заттың клетка құрылысының жалпыға бірдей болатынын сипаттап берді. Сондай-ақ, адамның шығу тегі жайында да өз пікірін айтып, адамның дене құрылысы маймылға жақын деп көрсетті. Ламарктың эволюциялық ілімі Ч.Дарвинге үлкен әсерін тигізді. Ламарк палеонтология саласында да зерттеулер жүргізіп, 8 томдық “Париж аймағынан табылған қазба заттар туралы мемуарлар” (1802 — 1806) деген еңбегін жариялады.

2.Жасушадағы энергетикалық алмасу немесе ағзының тыныс алуы.АТФ-синтезі.

Эукариоттар және көптеген прокориоттар АТФ-тің қышқылын синтездеуге қажетті энергияны глюкозаның ыдырауынан алады.негізінен бұл әрекет үш сатыдан тұрады. 1) гликолиз 2)лимон қышқылының циклі 3) электрон тасмалдау тізбегі. Энергетикалық алмасуды, әдетте, үш кезеңге бөледі. Бірінші кезең (дайындық кезеңі) — бұл процесс микроорганизмдер мен өсімдіктерде жасушада жүреді, ал жануарларда жасушадан тыс, ас корыту жолы қуысында түзілетін ферменттердің әсерінен жүреді. Бұл кезеңде полимерлердің ірі молекулалары мономерлерге: нәруыздар — аминқышқылдарына, полисахаридтер — қарапайым қанттарға, майлар — май қышқылдары мен глицеринге ыдырайды. Екінші кезеңде түзілген кішігірім молекулалар әрі қарай ыдырайды. Бұл кезде энергия бөлінеді және қор ретінде жинақталады. Энергетикалық алмасудың екінші кезеңінің негізгі процестерінің бірі — гликолиз. Гликолиз термині грек тілінен аударғанда, "гликос" — қант, "лизис" — ыдырау деген мағынаны білдіреді. Гликоз немесе анаэробты тыныс алу цитоплазмада оттектін қатысуынсыз жүретін процесс болып табылады. Гликолиз процесінде глюкоза немесе фруктоза екі-үш кеміртекті қосылыска ыдырайды. Содан кейін бұл қосылыстарда ферменттің өсер етуі нөтижесінде биологиялық тотығу процесі жүреді. Ол сутекті никотинамидадениндинуклеотид (НАД) деп аталатын заттың көмегімен тартып алып, НАД-НАДН-қа дейін тотықсызданады. НАДН-та АТФ сияқты биосинтез реакцияларын жүзеге асыруда энергетикалық зат қызметін аткарады. НАДН-тың энергетикалық қүндылығы 3 АТФ-ке тең. Гликолиздің соңғы сатыларында катализдік айналымдар кезінде 2 молекула АТФ түзіледі.Бір молекула глюкоза ыдырағандағы гликолиздің жалпы энергетикалық тиімділігі 8 молекула АТФ-қа тең (2АТФ+2НАДН). Гликолиздің негізгі ыдырау жолы пирожүзім қышкылы түзілуімен аяқталады (СН3—CO—СООН). Гликолиз нәтижесінде түзілген пирожүзім қышқылының молекулалары организмнің түріне байланысты әрі қарай әр түрлі ашу процестеріне ұшырайды. Ашудың әрбір түрінің ез энергетикалық құндылығы болады. Ашу процесі адамның шаруашылық қызметінде сыра, шарап, қамыр ашытуда, сүт қышқылы өнімдерін, ашыған кырыққабат және бағалы қосылыстар (спирт, сірке қышқылы) өндіруде кеңінен колданылады.Ашу процестері табиғатта кең таралған. Сондықтан гликолиз оттектің қатысуынсыз (АТФ және НАДН түрінде) энергия алу жолы болып табылады. Атап кететін жайт — гликолиз кезінде қанттар толық ыдырамайды. Энергетикалық алмасудың үшінші кезеңі, оттектің белсенді түрде қатысуымен жүреді. Бұл кезең аэробты тыныс алу деп аталады. Үшінші кезеңнің айрықша белгісі — мұнда органикалық заттар көмірқышқылы және суға дейін толық тотығады. Бұл кезде АТФ түрінде көп мөлшерде энергия бөлініп, қорға жинақталады. Мысалы, глюкозаның бір молекуласының гликолиздік ыдырауы нөтижесінде пайда болған пирожүзім қышқылының екі молекуласы тотыққанда, 30 молекула АТФ синтезделеді.

АТФ- аденин, рибоза, және үшфосфор қышқылы қалдығынан тұратын нуклиотид. АТФ (аденозинүшфосфор қышқылы) - энергетикалық нуклеотид. Бұл - тірі жасушадағы негізгі «энергия заты». Оның релі мен қасиетін акырына дейін түсіну үшін АТФ молекуласының кұрылысын білу керек. Бұл - жалғыз нуклеотид. Ол РНҚ тізбегіндегі нуклеотидтерге ұқсас, өйткені оның құрамында қант - рибоза болады. Азотты негізі - аденин. Негізгі айырмашылығы мынада: АТФ- да фосфор қышқылының бір қалдығының орнына рибозаға бірінен соң бірі үш қалдық қосылады, сондықтан «үш- фосфат» аталған. Заттар ыдырау арқылы энергиясын АТФ синтезіне береді.

3. Альбинизм аутосомалық рецессивті тұқым қуалайды. Ата-ананың біреуі альбиноз, 2-ші қалыпты отбасында монозиготалы егізді туған. Оның 1-і қалыпты, 2-ші альбиноз. Келесі баланың альбиноз болуының ықтималдығы қандай?




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 96 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав