Читайте также: |
|
1.Генетика негіздері.Моногибридті шағылыстырудағы тұқым қуалау заңдылықтары және цитологиялық негіздері.
Генетика - тірі ағзаларға тән өзара байланысты екі қасиет: тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. Тұқым қуалаушылықтың алғаш рет чех ғалымы монах Грегор Мендель ашты. Тұқым қуалаушылық- ағзалардың ұрпақтан ұрпаққа өздерінің белгілерін (құрылысы, даму қызметінің ерекшіліктерін) беру қабілеті. Өзгергіштік- деп ағзалардың жаңа белгілерді иемдену қабілетін айтамыз. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік тірі ағзалардың бір- біріне қарама -қарсы, сонымен қатар бір - бірімен тығыз байланысты қасиеттері. Моногибридті шағылыстырудағы тұқым қуалау заңдылықтары. Тұқым қуалаушылықтың гибридиологиялық әдісі. Грегор Мендель 1822жылы Нинчица шағын қыстағында, кедей шаруаның отбасына дүниеге келді. 1843жылы Чкхословакияның Брно қаласындағы августин монастырында тыңдаушы болып орналасты. Моногибридті шағылыстыру.Біркелкілік заңы. Ата енелері бір бірінен бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыруды моногибридті шағылыстыру деп атайды. Бірінші ұрпақта- басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгіні доминантты, көрінбей қалған қарама - қарсы белгіні рецессивті белгі деп атайды. Қарама - қарсы (альтернативті) белгілерді анықтайтын жұп гендер аллельді гендер делінеді. Бір –бірінен айқын бір жұп белгі арқылы ажыратылатын гомозиготалы дараларды шағылыстырса, бірінші ұрпақта генотипі де, фенотипі де біркелкі будандар алынады. Мұны бірінші ұрпақ будандарының біркелкі заңы деп атайды. Екінші ұрпақта ата –енелерінің екеуіне де тән белгілерінің көрініс беру заңдылығын ажырау заңы деп атайды. Моногибридті шағылыстырудың цитологиялық негіздері. Доминантты белгісі бар гендерді жеткізуші хромосомалар –қызыл, рецессивті белгісі бар –көкпен көрсетіледі.
2.Түр және популяция,олардың экологиялық сипаттамасы.
Түр дегеніміз - ортақ генофондқа ие, морфофизиологиялық ерекшеліктері ұқсас, бір-бірімен еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін, белгілі бір ареалда тіршілік ететін даралар жиынтығы. Түрдің экологиялық сипаттамасы - Табиғатта кез –келген түрдің өз орны бар. Олар тіршілік тізбегінің бір сатысында елеулі орын алады. Сондықтан да табиғаттағы барлық түрлерді ерекше қорғау қажет.Табиғат қорғауды насихаттау ісіне көбірек көңіл бөлінеді. Сирек кездесетін түрлердің санын сақтап, молайтуда ботаникалық және зоологиялық бақтар өз үлестерін қосады. Табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану үшін оны үнемі қалпына келтіріп көркейту арқылы табиғатта болатын экологиялық тепе - теңдікті сақтай білу қажет. Популяция дегеніміз - эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бқлігінде тершелік етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын, еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы.Популяцияның экологиялық сипаттамасы-Түрдің тіршілік ету жағдайы және эволюция өлшемі деп қарастырылады. Кез –келген популяциядағы даралардың таралу аймағы ондағы даралардың белсенді қозғалғыштығына байланысты ауытқып отырады. Мысалы: Сұр кесірткенің бір популяциясы 0,1ден бірнеше гектарға дейінгі, құндыз бір гектардан жүздеген гектарға дейінгі, ал ақбөккен одан да көп аймақты қамтиды. Ал сан мөлшері шектен тыс қысқарса популяцияның құрып кетуі немесе жойылуы мүмкін.Популяция бір түрге жататын даралардың топтық жиынтығы болғандықтан олардың өзіне тән ерекшеліктері болады.Қазіргі кезде құрып кету қаупі төнген немесе сирек кездесетін жануарлар санын қалпына келтіру молайта түсу үшін оларды аулауға мүлде тыйым салу, қорықтар ұйымдастыру, қорғау шараларын қолға алу, құрып кетуден құтқарылуда.
Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 189 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |