Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 1. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде

Читайте также:
  1. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  2. Lt;question> Төмендегілердің қайсысын криминалистикалық идентификацияның қорытынды кезеңі ретінде қарастыруға болады
  3. Ан жүйесі
  4. Ас қорыту жүйесі
  5. Ас қорыту жүйесі
  6. Ауруханалардың салыну жүйесіне байланысты көлемі
  7. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері.
  8. Дәріс тақырыбы. Педагогикалық режиссура бос уақыт әрекетіндегі логикалық байланысты құрастыру үрдісі ретінде.
  9. Дәріс – 2 Тақырып: Валюталық операциялар және олардың сипаттамалары
  10. Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспарлары
Дәріс 1. 1. Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері. 2. Бүгінгі күнгі бухгалтерлік есептің қажеттілігі.

3. Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп.

Бухгалтерлік есеп экономикалық мәдениеттің ең маңызды элементтерінің бірі, оны білмей бизнес саласында тиімді жұмыс істеу мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі жөнінде толық және шынайы мәлімет алудың қайнар көзі болып табылады. Бұл мәліметті дер кезінде, әрі дұрыс пайдалана білу негізделген басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп бағдарламасы ҚР-ның жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес дайындалған және ҚР-да қабылданған бухгалтерлік есеп және есепберу жүйесін қамтиды. Берілген курстың мақсаты бухгалтерлік есептің әдістемелік негіздерін игеру, есеп жүргізудің қазіргі жағдайларындағы кәсіпорын саясатын қалыптастыруды үйрету, кәсіпорынның салықтық саясатын жетілдіру.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - әрбір кәсіпорындарға тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпарат мәліметтермен қамтамасыз ету.

Шаруашылық процесстері мен шаруашылық құралдарын, құрылысын, олардың өнім өндіруге қатысуын 3 түрлі: натуралдық, еңбек және ақшалай өлшемдерді қолдану арқылы есептейді.

Натуралдық өлшем – есепке алынуға тиісті заттар мен құралдарды, сонымен қатар процестерді өлшеу, санау, көлемін анықтау арқылы есепке алады (кг, м, шт, кв.м, куб.м,...).

Еңбек өлшемдері - өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақыты санын өлшеуге арналған (сағат, күн, ай...). Бүл өлшем жұмыс күшінің сағаты ж/е минуты сияқты уақыт өлшемдерін қолданады. Жұмыс уақытының көрсеткіштері еңбеккерлердің еңбекақы ж/е еңбек нормаларын, оның өнімділігін есептеуге қажет.

Ақшалай өлшем – шаруашылық қорлары қозғалысының, жұмсалған шығындарды ж/е өндірістің өнімдер көлемінің есебін жүргізуге қажет (тенге, тиын..).

Жан-жақты ж/е аса күрделі, көпсалалы халық шаруашылығын тиімді экономикалық жолдармен басқару, әрбір шаруашылықтар мен мекемелердің, кәсіпорындардың бір орталыққа жинақталып отыруы үшін әр түрлі есеп турлері қажет.

Мұндай есептерге:

- Оперативтік жедел есеп;

- Бухгалтерлік есеп;

- Статистикалық есеп жатады.

Оперативтік есеп әр түрлі шаруашылық қызметтер мен процестердің орындалу жузеге асырылады. Оперативтік жедел есеп мәліметтерін кәсіпорынды күнделікті басқару үшін қолданады (өнімділікті, өнім өндіруді, оны өткізу мен жөнелтуді ж/е т.б.есептеу). Оперативтік есеп уақыт жағынан үздік болып табылады (участке, цех, қойма, бөлім).

Бухгалтерлік есеп арқылы барлық кәсіпорындар бойынша қолда бар материалдар мен олардың жұмсалуын, ақша қаражаттарының қозғалысын, кәсіпорындармен есеп айырысудың дәрежесін, өнімнің өзіндік құнын, негізгі құралдарын тиімді пайдалануын, жалға берілетін құралдар мен мүліктердің дүрыс есебін, қаржы қортындысының қалыптасуын, қорлануын, салық өндірісінің есебін, мал санын, жер есебі, өндірілген дайын өнімдерді жұмсау, қаржы түсіру нақтылы есебі жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп қатаң түрде тек қана арнайы ресми құжаттар негізінде өз міндетін атқарады. Басқа есептерге қарағанда бухгалтерлік есеп ерешелігі оның құжаттылығында.

Статистикалық есеп қоғам өмірінде болып жатқан бүкілхалықтық, әлеуметтік ж/е экономикалық өзгерістердің барлығын, адамдармен табиғат құбылыстарын есепке алып отырады. Статистикалық есеп мақсаты бүкіл халық шаруашылығын дұрыс жолдармен басқарып, реттеп отыру үшін қажетті мәліметтер жүйесін жинап, өңдеп тиісті уақытында жоғары органдарға тапсыру табылады.

Еліміз бойынша экономика мен мәдени өмірдегі өзгерістер жүйесін статистика пәні зерттейді.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 258 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.604 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав