Читайте также:
|
|
шоттың атауы | бастапқы қалдық | ай бойғы айналым | соңғы қалдық | |||
Д-т | К-т | Д-т | К-т | Д-т | К-т | |
материалдық емес активтер | ||||||
негізі құралдары | ||||||
аяқталмаған өндірісі | ||||||
дайын бұйымдары | ||||||
материалдары | ||||||
ақұшасы | ||||||
жарғылық қор | ||||||
бөлінбеген пайда | ||||||
банк несиесі | ||||||
бюджетпен есеп айырысу | ||||||
жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу | ||||||
еңбекақы бойынша есеп айырысу | ||||||
Барлығы |
Бұдан көріп отырғанымыздай тізімдемедегі ақпаратты мәліметті кәсіпорынның бухалтерлік балансындағы ақпараттардан алынған. Сондықтан тізімдемедегі бастапқы қалдық сомасы баланстың ай басындағы мәліметтерге тең болады. Ал есепті айдағы айналым сомалары ұйымдағы қаңтар айындағы орындалған мына төмендегі операциялар негізінде жазылып отыр.
Айналым тізімдемесі кесте түрінде көрініс алады оның бірінші бағанасында кәсіпорында жүргізілетін барлық жинақтамалық (топтамалық синтетикалық) шоттардың аттары жазылады да одан кейінгі үш пар бағанада:
- есеп беру кезеңінің басындағы шот бойынша қалдықтар,
- есеп беру кезеңі үшін шот бойынша дебиттік және кредиттік айналым,
- есеп беру кезеңі соңындағы немесе келесі кезеңнің басындағы шот бойынша қалдықтар көрсетіледі.
Жалпы айналым тізімдемесін құру үшін барлық жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардың мәліметтері айналым тізімдемесіне бастапқы қалдық ретіндеактивті щоттың қалдығы дебиттік бағанға және посивті шоттың қалдығы кредиттік бағанаға жазылады.Айналым тізімдемесінің қорытындыларын есептегенде, яғни жиынын есептегенде үш пар бағананың дебиттік және кредиттік бөліктері өзара тең нәтиже береді.Бұны тізімдемесіндегі Айналым балансы деп те атайды. Бастапқы қалдықтың қорынтындыларының (жиынының) теңдігі есеп беру кезеңінің басындағы баланста көрініс алатын шаруашылық құралдары сомасының олардың қорлану көздерінің сомасыны тең болуымен түсіндіріледі. Дәл осылайша соңғы қалдық қорытындыларының тең болатындығын түсіндіруге болады. Ай бойғы айналым қорытындыларының (жиынының) теңдігі есепте екі жақты жазуды қолданумен түсіндіріледі. Ал бағаналардағы дебиттік және кредиттік қорытындылардың (жиынының) өзара тең болмауы шаруашылық операцияларының жинақтамалық (топтамалық,синтетикалық) шоттарында дұрыс жазылмауы немесе сомаларды есептеу кезінде қателіктер жіберілгендігін көрсетеді. Егер бастапқы қалдық қорытындылары тең брлмаса, онда баланстан бастапқы сомасы дүрыс көшіріліп жазылмағаны немесе баланс дұрыс құрастырылмағаны (жасалмаған) деп түсінуге болады. Егер ай бойғы айгалым қорытындылары (жиыны) тең болмаса, онда қателікті екіжақты жазу принциптерінің бұзылуынан іздеу керек (жазу тек бір шотта жазылған немесе шоттарда әр түрлі сома жазылған). Бастапқы қалдық сомасы дұрыс көшіріп жазылып, екі жақты жазу принциптері дұрыс орындалған жағдайда есеп беру кезеңінің соңындағы қорытынды (жиынтық) сомасының тең болмауы, тек есеп беру кезеңінің соңындағы қалдықтың дұрыс есептелмегендігінен болуы мүмкін.
2. Мерзімді шоттарға кірістер мен шығыстар шоттары жатады, оларды кәсіпорынның қаржылық нәтижелері туралы ақпараттар жинақталады.
Есепті кезеңнің соңында мерззімдік шоттар жабылуы тиісті. Бұл 5600 «Жиынтық кіріс немесе зиян» шотында жабылуы тиіс.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 158 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |