Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 3.

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  3. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  4. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  5. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  6. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  7. X – дәріс. Саяси әлеуметтану
  8. XII – дәріс. Мәдениет әлеуметтануы
  9. XIIІ – дәріс. Отбасы әлеуметтануы
  10. XIV – дәріс. Қолданбалы әлеуметтану

1.Бухгалтерлік есептегі этика. Қаржылық есептілік: экономикалық ақпарат ретінде оның жіктелінуі және оны пайдаланушылар.

2. Халықаралық бухгалтерлік есеп және оның Қазақстандағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына ықпалы.

3. Ұйымдардың түрлері.

1. Этика - бұл өнегелілік, адамгершілк, ар - намыстуралы ілім. Адамгершілк түснігіне адамды адам деп танитын этикалық құндылықтар жүйесі кіреді. Басқаша айтсақ, этика дұрыс және дұрыс емес мінез -құлықты анықтайтын принциптермен байланысты. Этикалық мінез - құлық және қабылданған этикалық принциптер, қоғам, ұйым немесе жеке тұлға арасындағы қарым - қтынасты қалыптастыру үшін өзіне қабылданған мінез -құлық нормалары мен құндылықтарына байланысты.

Бухгалтерлердің мамандық мінез - құлқының этикасы жұмыс этикасына тең, бұлар серіктерінің, мінез - құлықтарының ережелері мен нормаларына негізделеді, соңында қарым - қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызады. Бұл ережелер мен нормалардың маңыздылығы өзара сенімділікті бекіту, серіктерін бағыттан адастырмау, өзінің ойы мен қызметі туралы серіктерін әрқашан хабардар етіп отыру.

Бухгалтер мамандығының қабылданған, анықталған нақтысында келесілер сипатталады:

- оқу және білім нәтижесінде қабылданған, анықталған нақты мамандаған әдеттердің болуы;

- жалпы қоғамға деген қатынасты клиентке де қолдануды міндет ретінде қабылдау;

- клиент қызметіне объективті қатынаста болу;

- жұмысты орындау және жүргізу стандарттарының ең жоғарғы талаптарына сай персоналдық қызмет көрсету.

Бухгалтер мамандығының негізгі айрықша ерекшілігі қоғамның, сәйкесінше, ажырамас түрде басшы мен әріптестері алдында өзінің жауапкершілігін сезіну. Осыдан, бухгалтерлік мамандықтың негізгі міндеті ақпаратты қолданушылардың талаптарын барынша қанағаттандыру үшін жоғары маманданды түрде жұмыс жасау.

Экономикалық ақпараттар көзі ретіндегі қаржылық есептілік және оны пайдаланушылар жіктемесі.

Қаржылық есептілік – бұл дара кәсіпкердің немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді.

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:

1) бухгалтерлік баланс;

2) пайда мен зияндар туралы есеп;

3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

5) түсіндірме жазба.

Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемін, оны жасау нысандары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды.

Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды. Қаржылық есептілік кәсіпорын басшылары үшін де инвесторлар үшін де шешім қабылдаудағы негізгі ақпарат көзі бола алады. Осы қаржылық есептілік мәліметтері негізінде кәсіпорынның қаржы шаруашылық жағдайына талдау жасалынады. Қаржылық есептілік мәліметтерін ішкі және сыртқы пайдаланушылар қолдана алады.

Қазақстандағы бухгалтерлік есепті жүргізудің ережесі мен тәртібін және қаржылық есептіліктің мазмұны сәйкесінше бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі бухгалтерлік есептің сенімділігін қамтамасыз ететін бекітілген заң актілерімен реттеледі. Осыған орай ҚР Қаржы Министрлігі бухгалетрлік есеп пен аудитке әдістемелік жетекшілік ете отырып, қажетті құжаттарды өңдеп дайындайды.

Ұйымдарда Типтік шоттар жоспары, ТШЖ пайдалану бойынша әдістемелік нұсқаулар, тпитік құжаттандыру, есептің компьютерлік бағдарламалары, өзге нормативтік құжаттар пайдаланылады. ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің ұйымдастыруда қолданылатын нормативтік құқықтық актілер оның негізін, принциптерін және есептің жалпы ережелерін бекіте отырып, келесілерді қамтиды: ҚР «Бухналтерліе есеп және қаржылық есептілік туралы Заңы», ҰҚЕС немесе ХҚЕС, ТШЖ және субьектінің есеп саясаты.

әрбір елдің өзіндік тарихы мен құндылықтары бар. Сол сияқты бухгалтерлік есептің де өзіндік ерекшеліктері бар. Әрбір халықта бухгалтерлік есептің мәні мақсаты, міндеті туралы өз пікірлері бар. Барлық елдерде екі жақты жазу әдісі болғанымен ол әр елде әртүрлі түсіндіріледі.

Ортақ тәсілмен біріккен төрт елді бөліп көрсетуімізге болады. Олар ең алдымен ағылшын тілді елдер, ары қарай- континентальді, одан соң латын америкалық және шығыс Европа елдері.

Осыған орай шелтелдерде бухгалтерлік есептің үш үлгісі қалыптасқан:

1. англо-американдық;

2. континентальдық;

3. оңтүстік –америкалық (латин америкалық).

 

2.Қазақстан Республикасының заңы бойынша ұйымдардың түрлері.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 253 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав