Читайте также:
|
|
1.Алғашқы есеп құжаттары туралы түсінік. Бухгалтерлік алғашқы құжаттарды қолданудың қажеттілігі және оның ролі мен атқаратын қызметі. Есеп құжаттарындағы міндетті реквизиттер.
2.Алғашқы есеп құжаттарының жіктелінуі. Құжат айналымы.
Құжаттардың жіктелуі және оларға қойылатын талап.
Есепті жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялар міндетті түрде үздіксіз құжатталады.
Орындалған шаруашылық операциясын бастапқы құжатқа түсіру алғашқы есеп сатысы деп аталады. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс.
Бухгалтерлік есепте құжаттар келесідей жіктеледі:
а/ алғашқы құжаттар - шаруашылық операциясының орындалу фактісін алғашқы өрнектеу. Ол операцияның орындалғынын дәлелдейтін форма. Мысалы материалдары босату туралы талап, кассалық кіріс және шығыс ордерлері, қабылдау – тапсыру актілері, төлем тапсырмасы мен талабы. Әр алғашқы құжат орындалған операция бойынша қажетті мәліметттерді алуға болатын ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс. Оларды реквизиттер деп атайды, және міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Құжатқа тиісті деректемелер \реквизиттер\.
1. құжаттың аты, нысананың коды.
2. құжаттың толтырылған уақыты \күн, ай, жыл\
3. құжатты толтырған заңды н\е жеке туылғаның аты жөні
4. шаруашылық операциясының мазмұны.
5. шаруашылық операциясының өлшем бірліктері \натуралды немесе ақшалай\
6. шаруашылық операциясының жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты жөні.
7. жауапты атқарушының қолы.
Ұйым алғашқы құжаттарды толтырғанда, шаруашылық операциясына басқа да қатысушылар мен қадағалаушы органдар үшін көшірмесін дайындауы тиіс. Кассалық және банкілік құжаттарды түзеуге болмайды. Басқа алғашқы құжаттарда түзеу, тек қатысушы жақтардың келісімімен, жауапты тұлғалардың қолдарымен рәсімделеді. Ұйым басшылығы қол қоюға құқықты тұлғалар тізімін бекітеді. Біртекті операцияларды қамтитын ақпаратты алғашқы құжаттар біріктіріліп топтастырылады. Олар арнайы кестелерге: топтастырушы, жинақтаушы және біріктіруші т.б. ведомостеріне жазылады. Нәтижесінде есептік регистрлерде /тіркеме/ әр жеке операцияны емес біртекті операциялар жиынын жазу мүмкіндігі пайда болады, және келесі есептік жұмыс көлемін әлдеқайда төмендетеді.
Бухгалтерлік есеп құжаттарындағы ақпаратты шоттарда тіркеу қолмен жазу немесе автоматты түрде жүзеге асырылады. Есеп құжаттарындағы операцияларды тіркеу үшін арнайы нысан кестелері \карточкалар, кітап, тізімдемелер, журнал ордерлер және басқа да\ есептік тіркелімдер қолданылады.
Есептік регистрлерде синтетикалық шоттар есебі бойынша ақпарат Бас кітапта тек ақшалай, ал аналитикалық есебі б/ша ақпарат жеке синтетикалық шот /өнім берушілер, запастар, борышкерлер, өнім т.б./ натуралды және ақшалай жүргізіледі. Мысалы Жеткізушілер мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу журналында Жеткізушілерден келіп түскен ТМҚ операциялар және оны төлеу б/ша операциялар тіркеледі.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 165 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |