Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 8.

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  3. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  4. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  5. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  6. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  7. X – дәріс. Саяси әлеуметтану
  8. XII – дәріс. Мәдениет әлеуметтануы
  9. XIIІ – дәріс. Отбасы әлеуметтануы
  10. XIV – дәріс. Қолданбалы әлеуметтану

1.Активтердің құрамы және сипаттамасы.

2.Қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаттары және оның эквиваленттері, қаржылық инвестициялар, қорлар, дебиторлық борыштар.

3.Ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді инвестициялар және оның эквиваленттері.

 

Дәріс 9. 1.Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамасы.

2.Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс әсері.

 

Баланста актив пен пассив жиынтықтарының тепе-теңдігі міндетті түрде сақталуы керек,өйткені баланстың екі жағы да бір ғана шаруашылық құралдарын көрсетеді, бірақ олар әр түрлі белгілері бойынша топтастырылған:баланс активінде заттық құрамы мен функционалдық рөлі, яғни ол қалай орналасқаны (негізгі құралдар, материалдық емес активтер, күрделі салымдар,материалдар,дайын өнім, ақшалай қаражат және т.б.) және кәсіпорында қандай қызметтер атқаратынын көрсетуі, ал баланс пассивінде шаруашылық құралдарының құрылу көздері бойынша, яғни кімнен және қанша шаруашылық құралдары алынғанын (құрылтайшылардан,кәсіпорын табысы, бюджеттен, банк қарыздары,жабдықтаушылардан және т.б.) көрсетеді. Демек,шаруашылық құралдарының әрбір түрі кәсіпорынға қандай да бір көз есебінен түседі.Сондықтан шаруашылық құралдарының құрамы және орналастырылуы (баланс активі) бойынша жалпы сомасы олардың құрылу көздерінің (баланс пассиві) жалпы сомасына тең болады.Баланс активі мен пассиві бойынша жиынтықтары бухгалтерлік баланстың валютасы деп аталады.Мұндай баланстық теңдікті төмендегідей көрсетуге болады:

Активтер=Қаржылық міндеттемелер+Меншікті капитал (экономикалық(тартылған капитал)ресурстар)

 

Бұл формулада экономикалық ресурстар кәсіпорынның иелігінде және айналымында бар шаруашылық құралдары мен мүліктерінің жалпы құнын көрсететін активтер ретінде қарастырылады,

Қаржылық міндеттемелер (тартылған капитал) кәсіпорын активтерінің заңды және жеке тұлғалар қаржыландырылған мөлшерін,кредиторлық қарыздарының шамасын көрсетеді.

Меншікті капитал кәсіпорында оның иелік етушілерімен жасалған салымдардың құнын сипаттайды.Кей кезде оны,егер меншікті капитал барлық пассивтарді төлегеннен кейін қалатын болса,қалдық капитал деп те атайды.Онда баланстық теңдік мынадай түрге ие болады:

Меншікті капитал=Активтер-Қаржылық міндеттемелер

Бұл-кредиторлардың кәсіпорынның меншік иелерімен салыстырғанда өздерінің қаржылық талаптарын қанағаттандыруға басым құқықтары бар екенін білдіреді.Сонымен жоғарыда берілген теңеу кәсіпорын активтерінің шамасын және капитал құруға кәсіпорынның меншік иелерінің әрі кредиторларының қатысу дәрежесін көрсетеді.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен қаржылық нәтижесі осы өзара байланыстылыққа байланысты болады.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 125 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав