Читайте также:
|
|
Дәріс 13 1.Есепті кезең. Кіріспе бухгалтерлік баланс. |
2.Шаруашылық операцияларын тіркеу және талдау олардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі. Айналым ведомосттары.
Еесеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық – шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жиынтығын айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдйы туралы сенімді мәнді ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар тағы басқалар кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар:
Кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімдігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары:
Есептеу. Қаржылық есеп берудің есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Толассыздық. Қаржылық есеп беруде субъект өз қысзметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және оңай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуында мақсат тұтпайды.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (пайдаланған) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру неізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына және дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының қозғалысы, операциясының нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық. Берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.
Сақтық. Кез-келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақстында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс.
Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әр түрлі есептік кезеңі мен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек. Өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық қаржылық есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.
Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандару компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.
Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беруде мынадай баптар ашылып көрсетіледі:
- негізгі қызметтен (өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді сатудан) алынған табыс;
- жалпы кіріс;
- сатылған өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны;
- кезең шығындары. Оған енетіндер: жалпы және әкімшілік шығындары, пайыздарды төлеу шығындары, сату жөніндегі шығындар
- негізгі қызметен алынған кіріс немесе зиян;
- салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немес зиян;
- табыс салығы;
- салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немес зиян;
- төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян;
- таза кіріс немесе зиян;
Бухгалтерлік қорытынды есеп өзінің негізгі болып саналатын белгілеріне қарай жасалу уақыты мәліметтің көлемі және тағайындалуы бойынша жіктеледі.
Жасалу уақытына қарай бухгалтерлік қорытынды есеп ағымдағы, жылдық деп аталынатын екі түрге бөлінеді. Ұйымның ағымдағы (жыл аралық) бухгалтерлік қорытынды есепті кезең аралығына жасалады(бір айға, бір тоқсанға немесе жарты жылға) Ал кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебі есеп беретін жылға жасалады. Мәліметтің көлеміне қарай бухгалтерлік қорытынды есептің өзін алғашқы және жиынтық бухгалтерлік қорытынды есеп деп екі түрге бөледі.
Тағайындалуы бойынша жасалынған бухгалтерлік қорытынды есеп ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі деп – аталынатын бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері шаруашылықты басқару үшін, сондай-ақ басшылардың қандайда бір
Бухгалтерлік есепті жүргізуге негіз болып табылатын нормативтік құқықтық актілер:
1. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы Заңы.
2. Министірліктер мен ведомстволық нұсқаулар.
Мысалы: «Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бекіту» туралы ҚР Каржы министрлігінің бұйрығы.
ҚР ның Ұлттық Банкінің банкілік операцияларды жүргізу ережелері туралы инструкциясы.
ҚР ның Салық Кодексі, Кеден Кодексі.
3.Халықаралық Қаржылық есеп беру стандарттары.
4.Еңбек Кодексі және басқа да нормативтік актілері
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 127 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |