Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 7.

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  3. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  4. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  5. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  6. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  7. X – дәріс. Саяси әлеуметтану
  8. XII – дәріс. Мәдениет әлеуметтануы
  9. XIIІ – дәріс. Отбасы әлеуметтануы
  10. XIV – дәріс. Қолданбалы әлеуметтану

1.Бухгалтерлік баланстың ролі және маңызы.

2.Негізгі бухгалтерлік теңдік. Үздіксіздік қағидасы. Есептеу қағидасы.

3. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен құрылымы. Бухгалтерлік баланстың бөлімдері. Бухгалтерлік баланстың негізгі баптары.

1. Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндеттерінің атқаратын қызметі мен функциясының бірі –пайдаланушыға кәсіпорынның мүлігі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәлімімдемелерді дер кезінде жеткізіп беріп отыру. Мұндай ақпараттық мәліметтің қайнар көзі болып –бухгалтерлік баланс табылады. Баланс «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Баланс «актив» және «пассив» деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Активте кәсіпорын қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе, оң жағында, пассивте осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі мүліктері қарастырылады.

Бухгалтерлік баланстар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:

1. Құру уақыты бойынша;

2. Құрудың қайнар көздері бойынша;

3. Ақпараттар көлеміне байланысты;

4. Қызметінің сипатына байланысты;

5. Меншік нысандарына бойынша;

6. Бейнелену көлемі бойынша;

7. Тазарту тәсілдері бойынша.

1.Бухгалтерлік баланстар құру уақыты бойынша мынадай болуы мүмкін:

а)кіріспе; б)ағымдағы; в)таратылу; г)бөлу; д)қосылу.

Кіріспе балансты кәсіпорын алғаш рет құрылған кезде жасайды.Ол кәсіпорынның өз қызметін бастаған тұстағы құндылықтарын анықтайды.

Ағымдағы баланстар кәсіпорынның барлық қызмет ету уақыты бойында жасалады.Олар өз кезегінде бастапқы,аралық және соңғы (қорытынды) болып бөлінеді.

Бастапқы баланс есепті кезеңнің басына,ал соңғы балансы келесі жылдың бастапқы балансы болып саналады.

Аралық баланстар жылдың басы мен аяғы арасындағы межеге құрылады.Олардың соңғы баланстан айырмашылығы,біріншіден,соңғы балансқа баланстың қандайда бір баптарын ашатын есеп беру нысандарының көпшілік бөлігі қоса тіркеледі;екіншіден,аралық баланстар,тәртіп бойынша,ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде ғана құрылады,ол кезде соңғы балансты құрардың алдында баланстың барлық баптарына міндетті түрде түгендеу жасалуы керек.

Таратылу балансы кәсіпорын таратылған және жабылған кезде жасалады.

Бөлу балансы ірі кәсіпорынның бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берген кезде жасалатын баланс,бұл жағдайда балансты беру балансы деп те атауымызға болады.

Біріктіру балансын бірнеше кәсіпорындарды біріктірген кезде жасайды.

2.Балансты оны жасаудың қайнар көздері бойынша былай бөлуге болады:

а) инвентарлық; б) кітаптық; в) бас.

Инвентарлық баланстар шаруашылық құралдарының тізімі негізінде ғана құрылады.Мұндай баланстар бұрынғы қызмет еткен мүлік негізінде кәсіпорынның құрылу кезінде немесе кәсіпорынның өз нысанын өзгертуі кезінде (мемлекеттік нысаннан акционерлік,біріккен нысандарға ауысуы)талап етіледі.

Кітаптық баланс тек мәліметтерінің және түгендеу жүргізу жолымен жасалады.

Бас балансты есеп мәліметтерінің және түгендеу жүргізу деректерінің негізінде жасайды.

3.Баланстар ақпараттар көлеміне байланысты былай бөлінеді: а)біртекті; б)жинақ.

Біртекті баланс тек бір ғана кәсіпорынның қызметін көрсетеді және ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде жасалады.

Жинақ баланстарын бірнеше біртекті баланс баптарында есепте тұрған сомаларды механикалық түрде қосу жолымен алады.

Топтастырылған жинақ балансы- экономикалық түрде бір—бірімен өзара байланысты заңды дербес кәсіпорындардың баланыстарын қосу жолымен жасалады.Мұндай баланстарды холдинктік компаниялар (басқа компаниялардың бақылау акция пакеттерін иеленушілер),өздерінің еншілес және тәуелді серіктестіктері бар бас кәсіпорындар пайдаланады.

4.Қызметінің сипатына байланысты баланстар негізгі және негізгі емес қызмет баланстары болып бөлінеді.

Негізгі қызмет балансы- кәсіпорынның бағытына және оның жарғысына сәйкес жасалған бааланс.

Негізгі емес қызмет балансы- кәсіпорынның құрамында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,қосалқы ауыл шаруашылығы,көлік шаруашылығының бар болуы.Осы бөлімшелер бойынша жасалған баланс негізгі емес қызмет балансы деп аталады.

Егер осы бөлімшелер бойынша баланс жасалмайтын болса,онда олардың қызметтері тиісті баптарды қосу жолмен негізгі қызмет балансында көрсетіледі.

5.Меншік нысандарына байланысты баланстар мемлекеттік, жергілікті басқару (муниципалдық), кооперативтік, ұжымдық, жеке, аралас және біріккен кәсіпорындардың баланстары болып бөлінеді.

6. Бейнелену көлемі бойынша баланстар былай бөлінеді: а)дербес; б)жеке.

Дербес баланс заңды тұлғалар болып табылатын кәсіпорындарда болады.

Жеке балансты кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелері (цехтар,филиалдар және т.б.) жасайды.

7.Тазару тәсілі бойынша баланстар баланс-брутто және баланс-нетто болып келеді.

Баланс-брутто – реттеуші баптарды қосатын бухгалтерлік баланс (“Негізгі құралдардың тозуы”, “Материалдық емес активтердің амортизациясы”);

Баланс-нетто – реттеуші баптарсыз жасалған бухгалтерлік баланс.

3. Баланс теңдікті, теңдестікті немесе қандай-да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.

Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдалануы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады. Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді: оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері баланс пассиві көрсетіледі.

Бухгалтерлік баланс активінде екі бөлім, пассивінде үш бөлім бар.

АКТИВ:

1. Ұзақ мерзімді активтер.

2. Ағымдағы активтер.

ПАССИВ:

1. Меншікті капитал.

2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.

3. Ағымдағы міндеттемелер.

 

Тапсырма: Жыл басындағы келтірілген мысал. Осы келтірілген сан бойынша бастапқы бухгалтерлік балансты жасау.

 

Шифр Мазмұны Сумма
  «Үйлер мен ғимараттар»  
  «Үйлер мен ғимараттардың тозуы»  
  «Машиналар мен жабдықтар»  
  «Машиналар мен жабдықтардың тозуы»  
  «Басқадай негізгі құралдар»  
  «Материалдар мен шикізаттар»  
  «Негізгі өндіріс»  
  «Кассадағы ұлттық ақшалар»  
  «Есеп айырысу шотындағы ақшалар»  
  «Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу»  
  «Басқалары-бюджетпен есеп айырысу»  
  «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу»  
  «Басқадай берешек қарыздар»  
  «Басқадай алашақ борыштар»  
  «Есепті жылдың бөлінбеген табысы»  
  «Салымдар мен пайлар»  
  «Басқадай резервтік капитал»  
  «Банк мекемелерінің несиесі»  

Шешімі:

АКТИВ Сомасы тенге ПАССИВ Сомасы тенге
2412 «Үйлер мен ғимараттар»   3310«Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу»  
2413 «Машиналар мен жабдықтар»   3140«Басқалары-бюджетпен есеп айырысу»  
2416«Басқадай негізгі құралдар»   3350«Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу»  
2421«Үйлер мен ғимараттардың тозуы» (2006583) 3370 «Басқадай алашақ борыштар»  
Қалдық сомасы   5410«Есепті жылдың бөлінбеген табысы»  
1310«Материалдар мен шикізаттар»   5010«Салымдар мен пайлар»  
1340 «Негізгі аяқталмаған өндіріс»   5310«Басқадай резервтік капитал»  
1040«Есеп айырысу шотындағы ақшалар»   4010«Банк мекемелерінің несиесі»  
1010«Кассадағы ұлттық ақшалар»      
1280«Басқадай берешек қарыздар»      
Активтер   Пассивтер  

 

Бухгалтерлік балансты мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.

Актив = меншікті капитал + міндеттеме

Бұл жеңілдікті кейде шет елдерде келесі түрде көрсетіледі:

Актив – міндеттеме + міндеттеме




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 213 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.311 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав