Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 15

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  3. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  4. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  5. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  6. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  7. X – дәріс. Саяси әлеуметтану
  8. XII – дәріс. Мәдениет әлеуметтануы
  9. XIIІ – дәріс. Отбасы әлеуметтануы
  10. XIV – дәріс. Қолданбалы әлеуметтану

1.«Бухгалтерлік есеп регистрлері» туралы түсінік. Бухгалтерлік есеп регистрлерінің формалары және жіктелінуі.

2.Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.

3.Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері.

4. Есеп саясаты.

 

Есеп регистрлары дегеніміз – шаруашылық құралдары мен әрекеттерін тіркеу үшін пайдаланылатын кестеленген қағаз парақтары.

Есептіркегіштердегі жазбалар алдын ала рәсімделген және өңделген алғашқы құжаттардың негізінде жасалады және есеп жұмысының маңызды учаскесі болып табылады, өйткені есептің уақыттылығы, бухгалтерлік есеп беруді тапсырудың сапасы мен мерзімі олардың дұрыстылығы мен уақыттылығына байланысты болып келеді.

Бухгалтерлік есепті жүргізу тәжірибесінде есеп тіркегіштерінің әр түрлі нысандары қолданылады, бірақ олардың барлығын мына белгілері бойынша топтастыруға болады:

- Сыртқы түрі;

- Бухгалтерлік жазбалар сипаты;

- Есеп жазбаларының көлемі және оларды қортындылау дәрежесі;

- Құрылу нысаны.

Сыртқы түрі бойынша есептіркегіштер бухгалтерлік кітаптарға, карточкаларға, бос парақтарға, электрондық түрлерге бөлінеді.

Бухгалтерлік кітаптар дегеніміз – шаруашылық әрекеттері жазбаларына арналған түптелген кестеленген және номерленген қағаз парақтары. Әрбір кітаптағы беттердің кестеленуі мен тіркегіштерінің сипаты жазбалардың сипаты мен тіркегіштердің мақсатына байланысты әртүрлі болып келеді. Кітап ереже бойынша бір жылға ашылады, оның бірінші бетінше жазбалары бір жыл бойы жүргізілетін шоттар мен субшоттардың атаулары беріледі. өте маңызды мақсаты бар кейбір кітаптарда барлық парақтары тігіледі және «Осы кітапта осынша парақ номерленген және тігілген» деген жазу жазылып, жауапты тұлғалардың ұол таңбасымен және мөрімен бекітіледі.

Есепте есептергіштердің қандайда нысандарының – кітаптар, бос парақтардың қолданылуы олардың ерекшеліктерімен және кәсіпорынның есеп саясатымен анықталады.

Есептергіштер бухгалтерлік жазбалар сипаты бойынша келесі топтарға бөлінеді: хронологиялық, жүйелік, аралас.

Хронологиялық тіркегіштер шаруашылық әрекеттерін рет – ретімен кезегі бойынша тіркеу үшін пайдаланылады. Хронологиялық есептергіштерге мысал ретінде есептің мемориялды – ордерлік нысаны ретінде жүргізілетін арнайы тіркеу журналын алуға болады. Журналда шаруашылық әрекеттері олар бухгалтерлік жазбалармен рәсімделу шамасы бойынша тіркеуге алынады.: жазбалардың реттік номері, оның күні мен сомасы жазылады. Яғни журналда тіркелген әрекеттердің жалпы қорытындысы шоттар бойынша жазбалардың толықтылығын тексеруге мүмкіндік береді.

Жүйелік есептергіштіктерде шаруашылық әрекеттерде кореспонденцияланатын шоттар бойынша тіркеледі. Оған мысал болып Бас кітап, талдау есебінің кітаптары мен карточкалары табылады.

Шаруашылық жүргізу тәжірибесінде аралас тіркегіштер қолданыс тапты. Оларда хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріледі. Аралас тіркегіштерде жазбалар неғұрлым көрнекті, есептіркегіш бойынша еңбек шығындары қысқартылады, хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктірілген есеп тіркегіштерінде жүргізілетіндіктен, қате жіберу мүмкіндігі де кемиді. Аралас есептіркегіштерге хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп берілетін журнал – ордерлері мен ведомстары жатады.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 192 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав