Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу.

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  4. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  5. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  6. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  7. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  8. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  9. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  10. Автохтонды және антропургенді ауру “ошақтарын” сипаттаңыз.

Мүліктердің қозғалысын және олардың пайда болу көздерінің қозғалысын алғашқы құжаттау есепте толық көрсетілуін қамтамасыз ете алмайды.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылақ есеп берудің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге жылына ең кемі бір рет түгендеу жүргізіліп отырады. Оның мақсаты:

а\ нақты қолда бар мүліктерді анықтау.

б\ нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру.

в\ есепте міндеттемелердің толық көрсетілуін анықтау.

Түгендеуді өткізу мерзімін, мақсатын, түрін /ішінара, толық/, комиссия мүшелерін меншік иесі не ұйым басшылығы тағайындайды. Түгендеу нәтижесінде анықталған жағдай /жетіспеушілік не артықшылық/ инвентаризациялық тізімге еніп, қаржылық есеп беруге түземе жасалады.

5. Бағалау және калькуляциялау.

Бағалау - бұл объектілердің \мүліктер, міндеттемелер, шаруашылық операциялары\ ақшалай көрінісі. Ұйымдағы әр шаруашылық операциясының негізгі мазмұны – оның қаражат қозғалысында. /бір форманың басқа формаға өзгеруі/

Мысалы: Сатып алу нәтижесінде, ұйым ақшаның орнына оған қажетті тауарлы материалдық запастарды алады, өндіріске босату нәтижесінде тауарлы материалдық запастар дайын өнімге айналады, т.с.

Шаруашылық операциясының нәтижесінде ұйымның қаржылық жағдайы өзгереді, және есепші осы өзгерістерді тіркеп қоюы тиіс.

Тәжірибеде есепші шаруашылық операциясының орын алу фактісін және оның нәтижесін көрсете отырып 3 мәселені шешуі керек:

- шаруашылық операциясы қашан орындалды;

- шаруашылық операциясының бағалық көлемі қандай;

- шаруашылық операциясы қалай топталуы қажет.

Идентификация немесе есепші шаруашылық операциясын қашан тіркелуін шешуі тиіс. Мысалы: Ұйым компьютерге тапсырыс береді, оны төлейді және қабылдап алады. Бұл жағдайда ұйымның іс- әрекеті келесідей:

1\ компьютер қажетті бөлім қызметкері қамтамасыз ету бөліміне мәлімдеме жасайды;

2\ қамтамасыз ету бөлімі қызметкері мәлімдемені жабдықтаушыларға жеткізеді;

3\ жабдықтаушы компьютерді артып жібереді;

4\ Ұйым компьютерді қабылдап алады;

5\ Ұйым жабдықтаушыдан шот алады;

6\ Ұйым шотты төлейді.

Бухгалтерлік есеп жүйесінде қайсы іс- әрекет тіркелуі тиіс?

Бұл сұрақ жеткізу туралы келісім шарт негізінде шешілуі тиіс, өйткені бұл құжатта меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға өтетін кезі келісіледі. Бұл мысалда 3\ немесе 4\ іс- әрекет болуы мүмкін.

Шаруашылық операциясын тіркеу - орын алған операцияның бағалық көрсеткішін анықтаудан құралады. ҚЕҰС /Қаржылық есептеменің ұлттық стандарттары/ сәйкес ұйым активтер мен міндеттемелерді алғашқы мойындағанда / тануда тарихи / алғашқы бағасы бойынша көрсетеді, оны - өзіндік құны деп атайды.

Өзіндік құн – бұл шаруашылық операциясын анықтау кезіндегі бағасы. Сатушы өз автокөлігін 1000 000 тенгеге ұсынды, бір сатып алушы 800 000 тенге, ал екіншісі – 900 000 төлейтінін мәлімдеді. Сатушы мен сатып алушы автокөлікті 850 000 тенге бағамен сату – сатып алу мәмілесін жасады. Бұл баға өте сенімді және бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Пайдалану/ меншік ету мерзімі ішінде автокөліктің нарықтық бағасының өзгеруіне қарамастан, келесі сату – сатып алу мәмілесі жасалғанға дейін 850000 тенге бухгалтерлік жазбаларда көрсетіледі.

Жалпы бағалау жолдары:

а\ ұйымның сатып алған мүліктері, оны сатып алуға жұмсалған шығындардың қосындысы бойынша бағаланады.

б\ басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ақысыз тегін берген мүліктері, сол кіріске алынған уақыттағы нарықтық құны бойынша бағаланады.

в\ ұйымның өндірісінде өндіріліп кіріске алынған мүліктері, сол өнімді өндіруге кеткен шығындардың құнына сәйкес бағаланады.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 181 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав