Читайте также:
|
|
Коммерциялық ұйымдар | - мемлекеттік кәсіпорын; - шаруашылық серіктестік; а) толық серіктестік (ТС); ә) командиттік серіктестік (КС); б) жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС); - акционерлік қоғам; - өндірістік кооператив. |
Коммерциялық емес ұйымдар | - мекеме: а) мемлекеттік; ә) жеке; - қоғамдық бірлестік: а) саяси партия; ә) кәсіптік одақтар; б) мүгедектер; оқиға қатысушылары бірлестігі және т.б; - қор: а) жеке; ә) мемлекеттік; б) корпоративтік; в) қоғамдық (балаларды қорғау қоры, ғылымды, мәдениетті дамыту қоры және т.б.); - тұтынушылар кооперативі: а) ауылдық; пәтер иелері кооперативі; б) гараж коорпоративі және т.б. - діни бірлестіктер (мешіттер, шіркеулер және т.б.); - коммерциялық емес акционерлік қоғам; - өзге ұйымдастырушы – құқықтық нысандар: а) аудиторлар палаталары; ә) адвогаттар коллегиялары (алқалары); б) нотариалдық кеңселер және т.б.; - түрлі ассоциациялар (ұйымдардың ерікті бірлестігі). |
Шетелдік заңды тұлғалар | - өкілдік немесе еншілес ұйым арқылы жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлға: - а) компаниялар; ә) корпорациялар; б) фирмалар; в) ассоциациялар; г) қоғамдар; - шетелдік кәсіпорын – ҚР – ның заңдарына сәйкес құрылған кез – келген ұйымдастырушы – құқықтық нысандағы, бірақ 100% шетел капиталы (заңды немесе жеке тұлғалардың) салынған кәсіпорын; - шетелдік қатысушылармен кәсіпорын (бірлескен кәсіпорын) – ҚР – ның заңдарына сәйкес құрылған кез – келген ұйымдастырушы – құқықтық нысандағы, жарғылығ капитал салымы бойынша ішінара немесе толық шетел инвесторларының иелігіне жататын кәсіпорын. |
Табысына салық салынуы бойынша заңды тұлғалар | Резиденттер: а) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру орны бар жеке тұлға, оның ішінден уақытша шетелде немесе ҚР – да мемлекеттік қызмет бабымен және оның шекарасынан тыс жүргендер; ә) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сонымен қатар ҚР – да және одан тыс орналасқан олардың еншілес ұйымдары және өкілеттіліктері; б) Қазақстан Республикасынан тыс, ҚР – ның дипломатиялық, сауда және басқа да ресми өкілеттіктері; Резидент еместер – «Резиденттер» түсінігінде көрсетілмеген барлық заңды тұлғалар, олардың өкілеттілігі және еншілес ұйымдары, сонымен қатар жеке тұлғалар. |
ҚР – ның 27.12.1994 ж. қабылданған Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлғалардың екі түрі бар:
- алдына пайда табу мақсатын койып, оны акционерлер арасында үлестіретін коммерциялық;
- алдына пайда табу мақсатын қоймайтын, оны акционерлер арасында үлестіретін коммерциялық емес заң ды тұлғалдар.
Оларға кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат берілсе де, одан түскен пайданы қатысушылар арасында үлестіруге тыйым салынады. Ал түскен пайда олардың құрылуынан негізгі себеп болған мақсаттарға жұмсалады.
Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құрылу, жұмы істтеу және таралу тәртібі ҚР – ның 27.12.1994ж. №268 – 13 Азаматтық кодексінің 105 – 110 баптарымен және ҚР – ның 16.01.01 ж №142 – 2 «Коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңымен реттеледі. ҚР – дағы коммерциялық емес ұйымдардың сипаттамасы 5.2 кестесінде көрсетілген.
Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметтерін айыру критерийі пайданы үлестіру б.т. Яғни, егер заңды тұлға пайданы қатысушылар арасында бөліп беру (дивидент төлеу) құқығына ие болса, ол коммерциялық б.т.
Коммерциялық ұйымдарға қарағанда, коммерциялық емес ұйымдар үшін жарғылық капитал қарастырылмаған, ол ұйым мүшелерінің (ұйымдастырушылардың) мүліктік салымдарымен алмастырылған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасында коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың арасында нормативті шектеулерде бар, яғни:
- мемлекеттік заңды тұлғалар. Олардың жарғылық капиталдары үлестіруге (пайдаларға) немесе акцияларға бөлінбейді және біртұтас қалпында толығымен меншік құқығы негізінде мемлекетке тиесілі болып табылады. Мемлекеттік мекемелер мүлікті шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығы негізінде ала алады. Мұнда мемлекеттік меншік республикалық (РМК- республикалық мемлекеттік кәсіпорын) немесе коммуналды (КМК- коммуналды мемлекеттік кәсіпорын) түрінде болады.
- қазыналық кәсіпорын. Қызметі жарғыда көрсетілгендей шектеледі және жарғы қызметінің шегінде ғана оның меншігінің иесімен қаржыландырылады. Қазыналық кәсіпорын өзінің міндеттері бойынша тек қана өз меншігіндегі қаражаттарымен ғана жауап бере алады. (Құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 27.12.94ж. 206-бабымен бекітілген.).
- мемлекеттік емес кәсіпорынға мемлекет кәсіпорынның жарғы капиталында белгілі бір үлеске ие болғанымен, барлық қалған мекемелер жатады.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 161 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |