Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 2.

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  3. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  4. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  5. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  6. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  7. X – дәріс. Саяси әлеуметтану
  8. XII – дәріс. Мәдениет әлеуметтануы
  9. XIIІ – дәріс. Отбасы әлеуметтануы
  10. XIV – дәріс. Қолданбалы әлеуметтану

1. Бухгалтерлік есептің нышандары және ақпараттық база ретінде маңызы.

2. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау

3 Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметі және оның міндеттері. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің заң жүзінде реттелуі.

Кез-келген басқару жүйесі ақпараттық қамтамасыздықтың сәйкесті жүйесін қажет етеді. Ақпаратты жинақтау, өңдеу, жалпылаудың ең негізгі механизмі бухгалтерлік есеп болып табылады.

Шаруашылықтың қазіргі жағдайына кәсіпорының күрделі экономикалық механизмімен дер кезінде және шынайы экономикалық ақпаратты нақты түрде беретін бухгалтерлік есеп жүйесінсіз мүмкін емес.

Шаруашылық қызметті жүргізгені туралы бастапқы берілгендер бухгалтерлік есепте қаржылық ресурстардың жекелеген түрлері, олардың қайнар көздері немесе пайда болған міндеттемелердің жағдайы туралы көптеген ақпататтық көрсеткіштерді қалыптастырады.

Бухгалтерлік есепте жүргізілген жекеленген фактілер туралы берілгендерді кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы және оның нәтижесі жайлы ақпаратқа жүйелендіреді.

Экономикалық ақпарат жүйесіндегі басқару функциясына байланысты нормативті, жоспарлы, есептік және талданатын ақпарат болып бөлінеді.

Әрбір шаруашылық операция - бұл орындалатын орны, уақыты және басталуы мен аяқталуы нақты белгіленетін процес.

Шаруашылық операцияларды жүзеге асыру үшін еңбек пен энергия жұмсалады және материалдық ақшалай ресурстар шоғырландырылады. Бухгалтерлік есептің объектісі болып аяқталған шаруашылық операция табылады. Шаруашылық операция туралы берілгендерді қарастырып, оларды жалпылауда бухгалтерлік есеп шаруашышылық реурстар мен шаруашылық процесстердің үздіксіз қозғалысы туралы ақпаратты құрады.

Сонымен бухгалтерлік есеп – бұл жалпы, үздіксіз, экономикалық табысты бақылау мақсатында және оның дамуына әсер етуде фактілер мен құбылыстарды құжат жүзінде бейнелеу.

Қаржылық есеп беруді пайдаланушылардың қатарына нақты және қабілетті инвесторлар, несие берушілер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, жұмысшы қызметкерлер, сонымен қатар министрліктер, ведомствалар мен қоғам жатады.Олар қаржылық есептіліктің көрсеткіштерін өздерінің ақпараттармен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады.Ондай қажеттіліктер мынадай жағдайларда туындайды:

1. Инвесторларда ұсынылатын инвестициялардың тәуекелдігіне байланысты оларға акциялар сатып алу керек пе, өздерінде ұстау керекпе деген сұрақтарды шешуде қажет болады. Акционерлер де,сонымен қатар субъектінің дивиденттерді төлеуге қабілеттерінің жетуін бағалау мақсатында қызығушылық тудырады;

2. Несие берушілерде, олардың берген несиелері мен оларға қосымша төленуге тиіс пайыздарды субъектінің уақытында төлей алу жағдайын анықтауда ақпараттар білу кезінде;

3. Жабдықтаушылар мен басқа да сауда кредиторларында, оларға тиісілі ақша соммаларының уақытында төлену мүмкіндігін анықтау ақпараттарын білу кезінде;

4. Сатып алушыларда, субъект қызметінің үздіксіздігі туралы, әсіресе, олардың ұзақ мерзімді келісімдері немесе басқа бір субъектіге тәуекелділіктері туралы ақпараттар білу кезінде;

5. Жұмысшы – қызметкелерде, субъект қызметінің тұрақтылығы және реннтабельдігі туралы ақпараттар білуге қызығушылық туған кезде. Сонымен қатар субъектінің оларды төлемақымен, зейнетақымен қамтамасыз ету және жалға алу бойынша келешектегі жұмыстың мүмкіндігі туралы ақпараттар да қызықтырады;

6. Үкіметте, субъектінің қызметі мен тиісінше ресурстарды тарату туралы қызығыушылықтары болған кезде. Оған сонымен бірге субъектілер қызметтерін реттеу үшін, салық салу саясатын және ұлттық табысты және басқа да статистикалық деректерді анықтау үшін негіз ретінде де ақпараттар керек;

7. Қоғам да, өйткені субъектілер тұрғылықты халықты жұмыспен қамтуды және жергілікті жабдықтаушыларды қолдануды қоса алғанда әр түрлі әдіс – тәсілдермен жергілікті экономикаға айтарлықтай үлес қоса алады.Қаржылық есеп беру субъектілердің тұрмыс жағдайын жақсартуда соңғы жетістіктер мен даму бағыттары туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде көмек көрсете алады.

8. Субъект басшысы қаржылық есеп беруге және оны тапсырудағы дайындыққы және ұсынуға жауапкершілік атқарады. Субъект басшысы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қосымша ақпараттың нысаны мен мазмұнын анықтауға толығымен құқығы бар. Алайда осындай қосымша ақпараттардың нысандарын талқылау берілген тұжырымдамалық негіздердің шегінен шығып кетеді.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әр түрлі құзыретке ие тиісті нормативтік актілермен жүзеге асырылады. Олардың бірі пайдалануға міндетті, ал басқалары тек ұсыныс беру сипатында болады.Нормативтік құжаттарды өздерінің бағытталуына және құзыретіне байланысты мынадай жүйеде көрсету міндетті болып табылады:

1 – деңгей – заңдық: «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР заң күші бар Заңы және басқа да заңдар;

2 – деңгей – бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша стандарттар (ережелер);

3 - деңгей - әдістемелік ұсыныстар (жарлықтар), нұсқаулықтар, қысқаша шолу, ҚР Қаржы министірлігінің және басқа да ведмостволардың хаттары;

4 - деңгей – кәсіпорынның өзінің бухгалтерлік есеп бойынша жұмыс бабындағы құжаттары.

Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы Заң бухгалтерлік есептің құқықтық негіздерін және оның мазмұнын, негізгі қағидаларын, ұйымдастырылуын, бухгалтерлік қызметтің негізгі бағыттары мен есеп берудің құрылуын, бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есеп беруге міндетті шаруашылық субъектілерінің құрамын анықтайды.

Есеп стандарты есеп тәртібін және белгілі бір объектілерді немесе олардың жиынтықтарын бағалауды бекітетін негізгі ережелердің жиынтығын айқындайды. Есеп стандартты бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңды нақтыландыруға арналған.

Әдістемелік ұсыныстар салалық ерекшеліктеріне байланысты есеп стандарттарын нақтыландыруға арналған.Олардың ҚР Қаржы министірлігі және әр түрлі ведмостволар дайындайды.

Кәсіпорынның өзінің жұмыс бабындағы құжаттары ондағы есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері мен жүргізілуін қамтамасыз етеді. Олардың ең негізгілері болып табылатындар:

- Есеп саясаты бойынша құжат;

- Басшы бекіткен алғашқы құжаттардың нысандары;

- Құжат айналымының кестесі;

- Басшы бекіткен бухгалтерлік есепшотарының жұмыс жоспары;

- Басшы бекіткен ішкі есеп беру нысандары.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 141 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав