Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Менеджмент ұғымы, мәні мен түрлері

Читайте также:
  1. I период развития менеджмента - древний период. Наиболее длительным был первый период развития управления - начиная с 9-7 тыс. лет до н.э. примерно до XVIII в.
  2. I. Исторические аспекты возникновения теории инвестиций и инвестиционного менеджмента.
  3. I. Исторические аспекты возникновения теории инвестиций и инвестиционного менеджмента.
  4. II. Классическая школа менеджмента или административная.
  5. III. Сущность и цели инвестиционного менеджмента
  6. Lt;variant>Менеджмент- это врожденное качество отдельных индивидов
  7. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  8. V1: Современная концепция менеджмента качества
  9. административная теория менеджмента Файоля,Вебра.
  10. Административный менеджмент

Менеджмент- кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытудың стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметкерлерді іріктеу туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы.

Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс-жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.

Менеджмент-нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.

Менеджменттің жағдайы техника мен технологияның деңгейіне, жұмысшы күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент- бұл экономикалық қатынастардың ерекше саласы. Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұнымен тікелей байланысты. Танымал американдық менеджер Ли Якокка «Карьера менеджера» кітабында адамдармен қарым-қатынас жасай білу, олардың мінез-құлқын танып, жұмысқа ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі элементтерін бөліп көрсетеді.

Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланылатын менеджменттің сан алуан түрлері бар:

Ішкі менеджмент- ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айрықшалап көрсететін басқару типі. Ішкі менеджментті басқару қызметін бөлу процесінде пайда болатын басқарудың міндетті ісі ретінде қарастыруға болады.

Ұйымдастыру менеджменті:1) тар мағынасында- басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі- ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің, амалдарының және процедураларының жиынтығы; 2) менеджменттің бір бағыты жалпы ұйымдастырудың принциптері мен ұйымдастырудың мәселелерін шешуді алдыңғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы.

Ұйымды біртұтас организм ретінде қарастырған әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сенген Анри Файоль (1841-1925 ж.ж.)

Тәжірибе менеджменті- менеджмент тұжырымдамасы. Ол осы тұжырымдаманың негізгі ережелері мен принциптерін нақты пайдалануға бағдарланған. Тәжірибе менеджментінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар: 1-прагматикалық, 2-ғылыми.

Өндірістік менеджмент- менеджмент типі. Оның негізгі сипаты әлеуметтік менеджменттен бір айырмашылығы- басқару объектісінің ерекшелігін, яғни өндіріспен анықталады.

Стратегиялық менеджмент-менеджменттің әр түрлілігі. Оның басты ерекшелігі- болжағыштық, мақсаткерлік, келешектігі, стратегиялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді.

Инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-ақ адам ресурстарының менеджменті мен жасаушы менеджмент болады және басқалар.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 407 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав