Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. I БӨЛІМ. КЛАССИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
  6. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  7. Ағымдық және жедел жоспарлау
  8. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  9. Абілет және нышан
  10. Абсолютті және қатыстық шамалар

 

1.Демографічний щорічник України. Статистичний збірник.

2.Демографія та соціальна економіка. Журнал.

3.www.ukrstat.gov.ua – офіційний сайт Державного комітету статистики України

4.www.ukrcensus.gov.ua – результати Першого Всеукраїнського перепису населення України 2001 р.

 

Дәріс кешені

Тақырып. Басқару ғылымының пәні мен әдісі

Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері

Ндірісті басқару ғылымының мазмұны

Басқару әдістерінің жиынтығы

Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері

Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын (саяси, әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б.) қамтиды. Егер өндірістік процестер мен қатынастардың мазмұны өндірісте материалдық игілгктерді тікелей өндірудің еңбегін ұйымдастыруды бейнелейтін байланыстарды құрайтын болса, онда басқарушылық процестер мен қатынастардың мазмұны - бұл өндірісті басқару ісіне қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін байланыс.

Басқару бойынша қызмет нәтижесіне шешім жатады. Қорытындысында адамдардың бір бөлігі материалдық игіліктерді өндіру бойынша тікелей еңбекпен айналысатын болса, басқа біреулері - басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы екі топтағы адамдардың арасында өндірісті басқару қатынасы ретінде сипатталуы мүмкін белгілі бір қарым-қатынас орнайды. Бірі қарым-қатынас, яғни қоғамдық байланыстар мен олардың өзара ықпалдасуының жиынтығы басқару субъектілері мен объектілері арасында, сондай-ақ басқару субъектісінің ішінде пайда болады.

Басқару қатынасы қандай түрге немесе тұрпатқа (типке) жататынына қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері арасындағы қатынас ретінде болады.

Барлық экономикалық жүйе екі қосалқы жүйенің - басқарушы мен басқарылушының бірлігі ретіңде қарастырылады. Оның алғашқысы басқару аппаратының қызметкерлерін, басқару органдарын - мемлекетті, үкіметті, министрліктерді және т.б. қамтитын басқару субъектілерін білдіреді. Ал екіншісі жалпы түрдегі халық шаруашылығындағы салаларды, аймақтарды, кәсіпорынды және т.б. білдіреді.

Жұмыс орнына келетін болсақ, мұнда басқарудың басқа түрі - Ф. Энгельс заттарды бақару деп анықтаған еңбек құралдарын басқару жүзеге асырылады. Осылайша, өндірісті басқарудың екі түрі бөліп көрсетіледі: а) адамдарды (қызметкерлерді) басқару; ә) еңбек құралдарын (затты) басқару.

Еңбек құралдарын жұмыскерлердің басқаруы қосалқы жүйемен басқарылатын тікелей өндіріс процесін білдіреді. Басқарудың қосалқы жүйесі тек адамдарды басқару ісіне ғана қатысты. Басқаша айтқанда, өндірісті басқару - бұл өз кезегінде еңбек құралдарын басқаратын жұмыскерлерді басқару.

Қоғамдық өндіріс саласындағы басқарудың айрықша ерекшелігі мынада: ол коғамдық қатынастардың барлық жиынтығымен айналысады. Мұның себебі, адам өндірістік процесте бірлескен еңбек процесінің тек қатысушысы ғана болып қалмайды, сонымен бірге ол бір мезгілде әлеуметтік тұлға да. Ал, адам әлеуметтік тұлға болғандықтан оған әр қилы қажеттілік, талап-тілек, қалау және т.б. тән. Адам қарама-қайшылыққа толы, сол себепті де оларды әлеуметгік кұбылыс ретінде, яғни әлеуметгік тұрғыдан басқару қиын.

К. Маркс өзінің «Фейербах туралы тезисінде»: адам - қоғамдық қатынастардың жиынтығы, деп анықтама берген.

Жоғарыда айтылғандардың түйіндемесі мынадай-басқару қатынасы басқару ғылымының мазмұны болып табылады. Өндірісті басқару қатынасы басқарумен ықпал ету процесінде адамдардың және адамдардың тұрақты өзара байланыстары мен өзара әрекеттсрінің күрделі кешенін білдіреді.

Өндірісті басқару қатынасы сипаты мен түрлері бойынша жіктеледі. Олар мыналарға бөлінеді: басқарушы және басқарылушы қосалқы жүйелерінің арасықдағы қатынасқа; басқарушы жүйенің ішіндегі басқару қатынасына (бас-
қару сатылары және деңгейлері арасында); басқарудың әрбір буынындағы басқарушылар мен бағынушылар арасыңдағы қатынасқа (субординация қатынасы). Өндірісті басқару қатынасы сипаты бойынша мыналарға бөлінеді: тұлғалар арасында; жуйелер арасында; аралас.

Басқару қатынасы мыналарға бөлінеді: салалық, яғни бір саланың шегіндегі қатынас; территориялық, яғни бір аймақтың шегіндегі қатынас; салааралық, яғни әр түрлі салалардағы ұйымдардың арасындағы қатынас; аймақаралық, яғни әр түрлі аймақтардағы ұйымдардың арасындағы қатынас; территориялық-салалық.

Басқару қатынасын ұйымдық байланыстардың саны бойьнша жай және күрделі деп бөлуге болады.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 137 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав